Мысалды мәнерлеп оқу

Күнделікті сабақ жоспары (Әдебиет, 5-сынып)

Тақырыптар тізімі

  • 26 А. Байтұрсынов — «Өгіз бен бақа»
  • 27 М. Өтемісұлы — «Соғыс»
  • 28 М. Өтемісұлы — «Қызғыш құс» (өлең тілі туралы мәлімет)
  • 29 Ы. Алтынсарин — «Өзен»
  • 30 Ы. Алтынсарин — «Дүние қалай етсең табылады?» (әңгіме)

№6 сабақ үлгісі

Сабақ жоспары құрылымын біріздендіріп, түсінікті әрі қолдануға ыңғайлы форматта берілді.

Негізгі мәлімет

Пән
Әдебиет
Сынып
5
Күні
7 желтоқсан
Тоқсан
ІІ
Мұғалім
Р. Қалматаева
Сабақ тақырыбы
А. Байтұрсынов — «Өгіз бен бақа»

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік

    Оқушыларға «Өгіз бен бақа» мысал өлеңі туралы түсінік беру.

  • Тәрбиелік

    Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

  • Дамытушылық

    Ұстаз ұлағатын таныта отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабақ сипаттамасы

Сабақтың типі
Аралас сабақ
Сабақтың түрі
Дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдер
Мәнерлеп оқу, әңгімелеу, талдау.

Ресурстар мен байланыс

  • Көрнекіліктер

    Шығармалар жинағы, ақын портреті.

  • Пәнаралық байланыс

    Қазақ тілі, тарих, география.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен сәлемдесу.
  2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  3. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  1. А. Байтұрсыновтың өмірі туралы мәлімет жинап, мазмұндау.
  2. «Өгіз бен бақа» және «Егіннің бастары» мысал өлеңдерін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айту.

III. Білімді тексеру (сұрақ-жауап)

  • Мысал өлең дегеніміз не?
  • Мысал өлеңнің басқа өлеңдерден айырмашылығы қандай?
  • Қандай мысал өлеңдерді білесіңдер?

IV. Жаңа сабаққа дайындық

  1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу.
  2. Сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру.

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Суретпен жұмыс

  • «Өгіз бен бақа» суретін көрсету.
  • Суретке қарап, өгіз бен бақаға сипаттама беру.

Мәтінмен жұмыс

  • Мысалды мәнерлеп оқу.
  • Мысалдың композициялық құрылымына талдау жасау.

Композициялық құрылым

  1. Өгіздің шөлдеп келіп, су ішуі.
  2. Көрсеқызар бақа.
  3. Бақаның қарнын керуі.
  4. Бақаның жарылып өлуі.
  5. Түйін: әлін білмеген — әлек.

VI. Түсінікті тексеру (сұрақ-жауап)

  • Бұл мысалдағы кейіпкерлер кімдер?
  • Мысалдағы негізгі ойды жеткізу үшін ақын қандай әдіс-тәсілдерді қолданған? Мысалдан үзінді келтіріп, дәлелдеңдер.

VII. Жаңа сабақты бекіту

Оқулықпен жұмыс

Мысалдың тұспалдап айту, астарлап білдіру арқылы адам мінездеріне меңзейтінін дәлелдеңдер.

Талқылау

Көрсеқызарлық, мақтаншақтық, әлі келмейтін іске ұрыну сияқты жағымсыз мінездерді талқылаңдар.

VIII. Сабақты қорытындылау

Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен белсенділігіне қарай бағалау жүргізіледі.

Үй тапсырмасы

  • А. Байтұрсыновтың «Өгіз бен бақа» мысал өлеңін мазмұндау.
  • Қалаған бөлігін жаттау.
  • Мысалдың толық нұсқасын қарап келу.