Топ мүшелерін сайлау

Сабақтың тақырыбы

§11. Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысын есептеу формуласы.

Пән / сынып

Алгебра, 9-сынып

Түйінді идея

Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы.

Жалпы мақсат

  1. Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысын табу формуласын меңгеру.
  2. Формуланы есеп шығаруда тиімді қолдану, талдау жасау және логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Оқу нәтижелері

Барлығы

Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысын есептеуді біледі.

Көпшілігі

Қиындығы жоғары есептерді талдап, түрлендірулер арқылы шешеді.

Сабақ кезеңдері

Ұйымдастыру

3 минут

Тұсаукесер

4 минут

Тренинг

«Мұзтау»

Топтық жұмыс

  • Сыныпты 3 топқа бөлу.
  • Топ көшбасшысын (немесе топ мүшелерін) сайлау.
  • «Ыстық орындық» стратегиясы арқылы білімді тексеру.
  • Формативті бағалау жүргізу.

«Ыстық орындық»: білімді тексеру сұрақтары

  1. Сан тізбегі дегеніміз не? Түрлерін ата.
  2. Сан тізбегін берудің тәсілдерін ата.
  3. Рекурренттік тәсіл аналитикалық тәсілден несімен ерекшеленеді?
  4. Фибоначчи сандарын білесің бе? Бұл тізбек қай түрге жатады?
  5. 3; 9; 27; 81; … тізбегі арифметикалық прогрессия бола ма?
  6. Арифметикалық прогрессия дегеніміз не? Мысал келтір.
  7. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы қандай?
  8. Арифметикалық прогрессияның айырымы қандай әріппен белгіленеді және ол неге тең?
  9. Арифметикалық прогрессияның a₁₃ мүшесін қалай табуға болады?
  10. Арифметикалық прогрессияның a₂₀₁ мүшесін қалай табуға болады?

Ауызша: тез есепте

1) a₁ = 2, d = 3 болса, a₇ неге тең? Жауабы: 20

2) a₄ = −6, a₁₂ = 10 болса, d неге тең? Жауабы: 2

3) a₆ = −2, a₈ = 6 болса, a₇ неге тең? Жауабы: 2

Жаңа сабақ: қолдану тапсырмалары

Әр топқа жаңа тақырып бойынша тапсырмалар беріледі: арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысын есептеу формуласына сүйеніп, есептер шығару және шешу жолын түсіндіру.

Ескерту

Тапсырмаларды орындау барысында формулада қолданылатын шамаларды (a₁, d, n) дұрыс анықтауға және есепті жүйелі талдауға назар аударылады.