Сабақтың тәрбиелілігі

Көсемше

Сабақтың мақсаты

  • Көсемше туралы алған білімді пысықтау.
  • Көсемшенің есімшеден айырмашылығын нақты білу.

Дамытушылық

Көсемшенің жіктелу ерекшелігін меңгерту және тілдік талдау жасау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Талдауға берілген сөйлемдер арқылы әдептілікке, ата-ананы құрметтеуге, тәуелсіздіктің тұғырын нығайтуға өз еңбегімен үлес қосуға баулу. Сонымен қатар қыс мезгілінің табиғат сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі, әдісі және ресурстар

Түрі
Дәстүрлі сабақ
Әдістер
Сұрақ-жауап (миға шабуыл), СТО бойынша «ДЖИКСО», сатылай кешенді талдау, ұлттық танымдық ойын элементтері, талдау тәсілдері.
Пәнаралық байланыс
Қазақ әдебиеті, ағылшын тілі, халықтық педагогика.
Көрнекілік
Мультимедиялық тақта, слайдтар.

Сабақтың кезеңдері

I кезең
Қызығушылықты ояту («миға шабуыл»)
жылдам сұрақтар

Өтілген тақырыптарды шағын сұрақтар арқылы тексеру, тез әрі нақты жауап беруге үйрету, детальдап оқытуға бағыттау.

II кезең
«ДЖИКСО» стратегиясы
терең меңгерту

Жаңа тақырыпты топтық жұмыс арқылы терең түсіндіру және өзара үйрету.

III кезең
Оқулықпен жұмыс: 254-жаттығу
құрамды етістік

Мақсаты: көсемшені көмекші етістіктермен тіркестіріп, күрделі етістік жасау.

Үлгілер
  • жүгіре жөнелді
  • жүгіре келеді
  • жүгіргелі жүр

IV кезең: Деңгейлік тапсырмалар («Алтын қақпа» ойыны)

Ойын үш кезеңнен тұрады: Қола қақпа, Күміс қақпа, Алтын қақпа. Әр кезеңде тілдік талдау мен шығармашылық тапсырмалар орындалады.

Қола қақпа

талдау
«Даналық ойдан дән ізде»

Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі.

Тәуелсіздік – азаттықтың алтын діңгегі, ұлттық өрлеудің ұлы күші.

Тәуелсіз елдің ұлы – өжет, қызы – қайратты, халқы – қаһарман!

Ә. Нұршайықов
Тапсырма
  • «Тәуелсіздік» сөзіне фонетикалық талдау жасау.
  • «Дәстүр» сөзіне морфологиялық талдау жасау (сатылай кешенді талдау).
Марапат

Тапсырманы өте жақсы орындаған оқушыларға «Өмірлерің гүлдей жайнасын!» деген тілекпен гүл шашу етіледі.

Күміс қақпа

мәнерлеп оқу
«Өнер алды – қызыл тіл»

М. Мақатаев

Анау-аспан, мынау-бақ,
Аспанда бұлт, бақ жадау.
Мамық ұшты қылаулап,
Қыста келіп қалған-ау.

Аспан жердің арасын,
Дәрігер қыс алуда,
Табиғаттың жарасын
Ақ дәкемен таңуда.

Тоңдырып ап маңдайын,
Тағы көйлек сұрап жүр.
Бақты кезіп тал-қайың,
Жалаң аяқ жылап жүр.

Қу бұтағын құшақтап,
Түксиеді кәрі емен.
Қыс – тазалық, қыс – аппақ,
Әрі өкініш, әрі өлең.

Тапсырма
  • Өлеңді мәнерлеп оқу.
  • Етістіктің көсемше және есімше категорияларын табу.
Марапат

Тапсырманы өте жақсы орындаған оқушыларға «Күміс көмей әнші болыңдар!» деген ниетпен ұлттық домбыра сыйға тартылады.

Алтын қақпа

шығармашылық
«Бұлақ көрсең, көзін аш»

Мақсаты: қыс мезгіліне байланысты «Бес жолды өлең» әдісі арқылы өлең құрастыру немесе эссе жазу.

  1. Аязды күн
  2. Тоңдырды
  3. Мамықтай боп
  4. Буырқанып
  5. Қар жауды
Марапат

Тапсырманы өте жақсы орындаған оқушыларға «Кітап – білім бұлағы» қағидасымен кітаптар сыйға беріледі.

V кезең: Қорытындылау

2011 жылғы 28 қаңтарда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазіргі замандағы қазақстандық үшін үш тілді білу – әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты» екені атап өтілген.

Осыған сүйене отырып, етістіктің өзіне тән категориялары — есімше мен көсемшенің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын «ұқсастық–даралық» стратегиясы бойынша қорытындылау оқушыларға тапсырылады.

VI кезең: Үй тапсырмасы

  • 255-жаттығу.
  • «Кітап – таусылмас қазына» тақырыбында шығарма.

VII кезең: Бағалау

Бағалау сабақ бойындағы белсенділік, талдаудың дұрыстығы, тапсырмаларды орындау сапасы және шығармашылық жұмыстың мазмұны бойынша жүргізіледі.

Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын үтір

Сабақтың мақсаты

  • Мұқағали Мақатаевтың ақпан айындағы туған күніне орай сабақты «Ақын рухына тағзым» идеясына негіздеу.
  • Құрмалас сөйлемдерде үтірдің қойылу себептерін түсіндіру және меңгерту.

Дамытушылық

Құрмалас сөйлем бойынша білімді тереңдету, пунктуацияның жазба тілге қызмет ететін шартты белгі екенін таныту.

Тәрбиелік

Мұқағали шығармалары арқылы салт-дәстүр мен ұлттық болмыс туралы түсінік қалыптастыру; ана тілін, елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Әдіс, түрі және көрнекілік

Технология
Жаңа тақырыпты меңгерте отырып, саралап-деңгейлеп оқыту.
Көрнекілік
Бейнетаспа, аудио, сөйлемдер кестесі, ұлттық суреттер, «Не білу керек?» кестесі, «Мұқағали әлеміне шолу» кітап үйірмесінің материалдары.
Бағыт
Мәтінмен жұмыс, тыныс белгілеріне талдау, ойын арқылы бекіту.

Сабақтың жүрісі

  1. Ұйымдастыру.
  2. Үй тапсырмасын тексеру:
    • Синтаксис нені зерттейді?
    • Сөйлем түрлері: жай сөйлем, құрмалас сөйлем.
    • Кестені толтыру жаттығуы.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Оқулықпен мәтіндік жұмыс: «Қайырымдылық — қазақ халқына тән қасиет».
  5. Ауызша жұмыс: үнтаспадан Мұқағалидың «Махаббат диалогы» тыңдалып, тыныс белгілері талданады.
  6. «Бәйге» жарысы:
    • Үтірдің қойылу себептерін анықтау.
    • «Бәйге» сөзінің мәнін түсіндіру.
  7. Үйге тапсырма, бағалау нормасы.
  8. Мұғалімнің қорытынды сөзі (пысықтау сұрақтарымен бекіту):

    «Өлі жебемей, тірі байымайды» дейді қазақ. Артында өшпес мұрасы қалған Мұқағали жырлары жадымыздан өшпесі анық.

    Сынып оқушыларының орындауында «Есіңе мені алғайсың» әні орындалады.

Кейінді ықпал

Сабақтың мақсаты

Ғ. Мүсіреповтің туғанына 111 жыл толуына орай ұйымдастырылған сабақ арқылы «кейінді ықпал» тақырыбын меңгерту.

Білімділік

Кейінді ықпал туралы нақты мағлұмат беру.

Дамытушылық

Кейінді ықпалдың ілгерінді ықпалдан айырмашылығын салыстыра меңгерту.

Тәрбиелік бағыт

  • Ананы құрметтеу, баланың анаға деген махаббатын қадірлеу.
  • «Ат — ер қанаты» ұғымын ұлттық таныммен байланыстыру (Жылқы жылы).
  • «Бірінші байлық — денсаулық» қағидасын бекіту.

Көрнекілік және ұйымдастыру тәсілі

Көрнекіліктер: Ғ. Мүсіреповтің бейнесі, сызбалар, жылқы мен сиыр суреттері, сөйлем және сөз тіркесін құрауға арналған карт тізбегі және басқа материалдар. Сабақ жаңашылдыққа, өмірмен байланыстыра түсіндіруге бағытталады.

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру.
  2. Үй тапсырмасын тексеру (322-жаттығу).
  3. Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары.
  4. Жеке оқушымен жұмыс: карт тізбегі арқылы жаңа сөз құрау; «ілгерінді ықпал» сөзінің антонимін жазу.
  5. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

    Бүгінгі сабағымызды әдебиеттен таныс, «Жаңа достар» әңгімесінің авторы Ғ. Мүсіреповтің 111 жылдығына арнаймыз. Сабақ «Өшпейтұғын артына із қалдырған...» идеясы аясында жалғасады. Дәптерге күнді, тақырыпты жазамыз.

  6. Мәтіннен алынған сөйлемдермен жұмыс:
    Сөйлемдер
    • Бораш кітабын жастық астына алып жататын.
    • Мен апамның білегін басыма салып жатқаны ұнайтын.
    • Құлағыма да дүрс-дүрс етіп, апамның жүрегінің соққаны естілетін.
    • Қарға баласын «аппағым» деп сүйеді дегендей, апам мені иіскелеп, аймалап сүйе беретін.
    Тірек сөздер

    кітабы, білегі, жүрегі, аппақ

    Тапсырмалар
    • Оқушылардың көмегімен сөздердің түбірін табу.
    • Әңгімедегі баланың анаға деген махаббатын ауызша анықтау, пікір айту.
  7. Оқулықпен жұмыс (327-жаттығу): түбір сөзге қосымша жалғау.
  8. Диктант түрлерімен жұмыс:
    • Графикалық диктант: үш қатарға үш түрлі жұмыс (графаны толтыру).
    • Терме диктант: «Құлағың сау болсын десең...» мәтінінен кейінді ықпалдарды теріп жазу, түбірін ажырату; жылқы жылы туралы хабарлама.
    • Ой дамыту диктанты: қанатты сөзге сүйеніп еркін сөйлеу, тіл туралы өз ойын айту.

    Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.

    Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады.

    Ғ. Мүсірепов
  9. Сергіту ойыны (математикалық есеп): 12, 26 (дауысты-дауыссыз дыбыстарға байланысты).
  10. Қорытынды және пысықтау сұрақтары:
    • Биылғы жыл — Жылқы жылы.
    • Жылқы малының қасиеттері.
    • Елтаңбадағы пырақ бейнесінің мәні.
  11. Үй тапсырмасы:
    • «Ер қанаты — ат» тақырыбына эссе жазу.
    • «Кейінді ықпал» тақырыбын қайталау.
  12. Бағалау нормасы.