Табиғи материалдар
Сабақ туралы
Шебер үйірмесінің қосымша білім беру мұғалімі: Ажигулова Сагынкул Адильхановна.
Сабақтың тақырыбы: Дәндерден аңдар бейнесін жасау.
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ.
Әдістер
- Түсіндіру
- Сұрақ–жауап
- Көрсету
- Ойын элементтері
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Оқушылардың аңдар туралы білімін жетілдіру.
Дамытушылық
Ой-қиялын және шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Өз бетінше жұмыс істеуге, еңбекқорлыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу.
- Оқу құралдарын түгелдеп, сабаққа дайындығын бақылау.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Венн диаграммасы арқылы табиғи материалдар мен жасанды материалдарды салыстыру.
Табиғи материалдар
Дәндер, жапырақ, бұтақ, тастар және т.б.
Жасанды материалдар
Пластик, қағаз, мата, синтетикалық бұйымдар және т.б.
III. Жаңа сабақтың мақсаты
Ой-қиялын дамыта отырып, оқушыларға өз таңдауы бойынша аңдардың бейнесін әртүрлі дәндермен жапсырып жасауды үйрету.
IV. Жаңа сабақты түсіндіру
Бүгін біз табиғи материал — дәндермен жұмыс жасаймыз. Жұмыс бастамас бұрын дәндерді алдын ала жинап, сұрыптап, дайындап қою қажет. Дәндермен жұмыс ұқыптылықты, зейінділікті және төзімділікті талап етеді.
Сабақта әртүрлі дәндерден аңдардың бейнесін құрастырамыз. Алдымен аңдардың тіршілігі туралы білетінімізді ортаға салып, бір аңның тыныс-тіршілігі жайында қысқаша әңгіме өрбітеміз.
Мысал: Қоян
Қоян — өте сақ әрі жүйрік аң. Қыста түсі ағарып, жазда сұрғылт тартады. Қоянның баласын көжек деп атайды.
Қоян бейнесін дәндерден жасау үлгісі
- Қағаз бетіне қоянның сұлбасын (эскизін) салу.
- Сұлбаға ПВА желімін жұқалап жағу.
- Таңдалған дәнді (мысалы, күріш) үстінен себелеп, жеңіл басып жапсыру.
- Артық дәнді сілкіп алып, жұмысты толық кептіруге қою.
Сергіту ретінде қоян туралы жұмбақ жасырып, қысқа өлең оқуға болады.
V. Түсінгенін тексеру және сарамандық жұмыс
Инсерт жүйесі бойынша оқушылардың жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергені тексеріледі.
Сарамандық жұмыс: әр оқушы өз қалауы бойынша аңның бейнесін таңдап, оны әртүрлі дәндермен жапсырып орындайды.
Қауіпсіздік ережесі (желіммен жұмыс)
- Желімді ауызға салуға болмайды.
- Жұмыс барысында қолды (және үстелді) жиі сүртіп, таза ұстау керек.
Қысқа сергіту сәті ұйымдастырылады.
VI. Бекіту және бағалау
Оқушылардың сарамандық жұмыстарын ескере отырып, «Кім шебер?» ойыны арқылы білімдері бекітіледі және бағаланады.
VII. Үй тапсырмасы
Бітпеген жұмыстарын аяқтап келу: дәндерден аңдар бейнесін жасау.