Бізбен көрші жатқан мемлекеттер

Дүниетану, 4-сынып

Бұл сабақта Қазақстан Республикасында әртүрлі ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында тату, бейбіт өмір сүретіні және халықтар достығының құндылығы түсіндіріледі.

Сабақтың тақырыбы

Татулығы жарасқан ұлттар

Сабақтың түрі

Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, іздену, топпен жұмыс.

Көрнекіліктер

Суреттер, тапсырмалар, оқулық, интерактивті тақта.

Сабақтың мақсаты

Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері өмір сүретінін және олардың бір мемлекетте бір-бірімен тату, бейбіт өмір сүріп жатқанын түсіндіру.

Міндеттері

Білімдік бағыт

  • Қазақстан Республикасындағы халықтар достығы мен келісім қағидаларын білу.
  • Қазақстанның көпұлтты ел екенін терең түсіну және ұғыну.
  • Қазақ халқының салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдары туралы мәліметтерді іздену арқылы бөлісу.

Дамытушылық және тәрбиелік бағыт

  • Танымдық тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
  • Барлық ұлт өкілдерімен достық қарым-қатынас пен келісімде өмір сүруге тәрбиелеу.
  • Ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа баулу және шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру: психологиялық дайындық

Біздің Отанымыз — Қазақстан Республикасы.

Біз Отанның гүліміз,

Біз Отанның күніміз.

Ертеңгі күн біздермен

Көркейеді, өседі.

Білімді ұрпақ болуға

Ант етеміз біздер де.

2) Үй тапсырмасын тексеру

«Егеменді, еркін ел» тақырыбы бойынша:

  • 1-қатар — эссе жазу
  • 2-қатар — сурет салу
  • 3-қатар — өлең шығару

Қорытындылау сұрақтары

  1. 1. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қашан жарияланды?
  2. 2. Тәуелсіздік деген ұғымды қалай түсінесің?
  3. 3. Тәуелсіздік алуға қандай оқиғалар себеп болды?
  4. 4. Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?
  5. 5. Ұлттар тату, бейбіт өмір сүру үшін қандай қасиеттер қажет?

Елімізде тұратын барлық ұлт өкілдерінің бейбіт, жарасымды өмір сүруі үшін ынтымақ, татулық, сыйластық, құрмет, достық қажет. «Ынтымақ бар жерде бақыт бар» деген сөздің мәні де осында.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы

Татулығы жарасқан ұлттар

3) Жаңа тақырыпты меңгерту

Қазақстанның картасымен жұмыс: оқушы шығып, картадан Қазақстанды және көршілес мемлекеттерді көрсетеді.

Әрбір халықтың бай мәдениеті бар. Ертегі, аңыз, салт-дәстүр ұрпақтан ұрпаққа жалғасады. Сондай-ақ әр ұлттың өзіне тән ұлттық музыкасы болады.

Ой жинақтау

Өзге ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерін суреттер арқылы танып көрейік.

Оқулықпен жұмыс

  • Мәтінді оқу.
  • Оқыған мәтін бойынша түсіндіру және талқылау.
  • Мәтінді оқушыларға кезекпен оқыту.

Серігу сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы назарды сергіту.

4) Рефлексия

«Шаңырақ» үлгісі бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, әр ұлт өкілін ортақ шаңырақ астына біріктіру идеясы талқыланады.

Негізгі ұғым

Бірлік

Негізгі ұғым

Татулық

Негізгі ұғым

Сыйластық

5) Дәптермен жұмыс

Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабын дәптерге жазу.

Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді кемсітуге болмайды.

6) Қорытынды сұрақтар

  1. 1. Қазақстан Республикасында қандай ұлт өкілдері тұрады?
  2. 2. Түрлі ұлт өкілдерінің татулығы не үшін қажет?
  3. 3. Қазақстан халқы Ассамблеясы қашан құрылды?
  4. 4. Қазақстанда басқа ұлт өкілдерінің ішінде қай ұлттың орны ерекше деп ойлайсың?
  5. 5. Олар Қазақстанға қай кезеңнен бастап қоныстанып келе бастады?

Достығы жарасқан

Халықпыз көпұлтты.

Сыйласып, сырласқан

Сыныппыз тәртіпті.

Сабаққа қатысқан ұстаздар мен оқушыларға көп-көп рақмет!

7) Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және топпен жұмыс істеуі бойынша бағалау жүргізіледі.

8) Үй тапсырмасы

169–171-беттерді оқып, мазмұндап келу.

Автор туралы мәлімет

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы

Бастауыш сынып мұғалімі: Кутешова Жадыра Серикалиевна