Ойын Жарнама орнату

Сабақтың тақырыбы

Процент. Берілген санның процентін табу.

Мақсаты

  1. Оқушылардың алған білімдерін жинақтау, ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін және логикалық сауаттылығын дамыту.
  2. Ойын элементтері арқылы пәнге қызығушылығын және белсенділігін арттыру.
  3. Оқушыларды шығармашылыққа баулу. Экономикалық мазмұндағы есептер арқылы экономикалық тәрбие беру.

Сабақ туралы қысқаша

Көрнекілігі
Алгоритм, формула, суреттер, бағалау кестесі.
Сабақтың типі
Білімді жинақтау және қорытындылау.
Әдісі
Деңгейлеп, саралап оқыту.
I

Ұйымдастыру

  • Сәлемдесу.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Сабақтың мақсатын таныстыру.
II

Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы бойынша жауаптар тыңдалып, негізгі қателер талданады.

III

Мотивация

Процентті ондық бөлшек түрінде жазу және кесте толтыру тапсырмасы орындалады.

Жауаптарды тақтада тексере отырып, берілген ондық бөлшектерді өсу ретімен орналастыру арқылы «Экономика» сөзі құрастырылады.

Осы арқылы бүгінгі сабақтың экономика саласымен байланысатыны айтылады.

IV

Өткенді еске түсіру

Сұрақ-жауап

  • а) Процент ұғымы қандай мағынаны білдіреді?
  • ә) Натурал санды немесе бөлшекті процентпен жазу үшін не істейміз?
  • б) Процентті бөлшекке қалай айналдырамыз?
  • в) Мысалдар келтіріңдер.

Ойын 1: «Кім туға бұрын жетеді?»

Оқушылар екі топқа бөлініп, жарыс түрінде тапсырмалар орындайды: ондық бөлшек пен жай бөлшекті процентке айналдыру.

Ойын 2: «Жарнама орнату»

Бағаналарға жарнама орнату үшін алдымен олардың орналасатын орнын анықтау қажет. Ол үшін 500 км жолдың белгілі бір процентіне сәйкес келетін қашықтықтарды табамыз.

Тапсырма

Төмендегі мекемелердің жолдың қанша километрінде орналасатынын есептеңдер (500 км-дің проценті).

Электрлік құрылғылар

10%неше км?

Ұн зауыты

20%неше км?

Банк

25%неше км?

Шаштараз

5%неше км?

Асхана

70%неше км?

АЗС

50%неше км?

Фабрика

80%неше км?

Компьютер орталығы

60%неше км?

Дайын орындар (км)

25 км 50 км 100 км 125 км 250 км 300 км 350 км 400 км

Есептелген нәтижелерге сәйкес жарнамаларды тиісті қашықтықтарға орналастырыңдар.