Өлең қай мезгіл туралы

Сабақтың тақырыбы

«Аққала мен ақ бала» (Әдебиеттік оқу)

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: әр жыл мезгілінің өзіндік ерекшелігі бар екенін түсіндіру, қыс қызығымен таныстыру.
  • Тәрбиелік: табиғатты сүюге тәрбиелеу, қысқы таза ауа мен салауатты өмір салтының маңызын ұғындыру.
  • Дамытушылық: қоршаған әлемді танып-білуге деген қызығушылық пен ынтаны дамыту.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану Қазақ тілі

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап Сөздік жұмысы

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Көрнекіліктер

  • Қыс мезгілін бейнелейтін суреттер
  • Мақал-мәтелдер
  • Жұмбақтар

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Оқу құралдарын түгендеу.

II. Өткен сабақты қайталау

Қайталау
  1. 1) Мәтін бойынша түсінгенін айту.
  2. 2) Жазып келген шығармаларын оқу.
  3. 3) Жануарлар туралы жұмбақ айту.

Сергіту сәті

«Жемістерді кес» ойыны: тұтас бағытты қабылдауды және ұсақ моториканы дамытуға бағытталады.

III. Жаңа сабақ

Жаңа материал

1) «Ұйқасын тап» ойыны

Қойда жуас бозымды — шақырамын…

Қысқа ғана құлақты, — шақырамын…

2) Суретпен жұмыс

  • Суреттегі қыс көрінісін әңгімелеу.
  • Қысқы жұмыстар мен еңбектерді атау.

3) Қысқы жануарлар тіршілігі

Қыс мезгілінде жануарлардың тіршілігі қалай өзгеретінін талқылау, қоректенуі мен мекен ету ортасына назар аударту.

Сергіту сәті: «Толық жина» дидактикалық ойыны

Үстел үстіне екіге бөлінген жазық бейнелер (жидектер) қойылады. Балалардың міндеті — жартыдан толық жидекті құрастыру.

4) Мақалдың мағынасын ашу

Қыстағы қар — жерге ырыс,
Жердегі ылғал — елге ырыс.

Мақал арқылы қардың табиғатқа пайдасы, ылғалдың жер құнарлылығына әсері және оның халық тұрмысындағы маңызы түсіндіріледі.

5) Мәтінмен жұмыс

  • Өлеңді мәнерлеп оқу.
  • Әңгіме мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар

  • Өлең қай мезгіл туралы?
  • Өлеңдегі ақынның көңіл күйі қандай?
  • Ақын өлеңде нені сағынады?
  • Ақ бала қандай? Аққала қандай? Қар қандай?

Сөздік жұмысы

Көңілде тұрған дақтар
көңілдегі реніш, іште қалған кірбің.

IV. Сабақты бекіту

Бекіту
  1. 1) Мәтіннен негізгі ойды білдіретін жолды тауып, дауыстап оқы.
  2. 2) Қыста ойналатын ойын түрлерін ата.

V. Үй тапсырмасы

Үй жұмысы

Жаттау

Өздеріңе ұнаған шумақ жолдарын жаттау.

Жазба жұмысы

Қыстың бір көңілді күнін суреттеп, шағын әңгіме жазу.

Бағалау

Қорытынды

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі, мәтінмен жұмыс барысындағы жауаптары және тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағалау жүргізіледі.