Оқушыларға сандарды құрамына талдату

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән / сынып

Математика, 2-сынып

Тақырып

Сандардың ондық құрамы. Ондық және бірлік

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Әдістер

Сұрақ-жауап, талдау–жинақтау, түсіндіру

Көрнекілік

Тірек сызба

Мақсат және міндеттер

Мақсаты

Екі таңбалы сандар және олардың ондық құрамы туралы түсінік қалыптастыру.

Міндеттері

  • Екі таңбалы сандарды құрамына ажырата білуге үйрету.
  • Ойлау және есептеу дағдыларын дамыту.
  • Адамгершілікке, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру және психологиялық дайындық

Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне сабақта сәттілік тілейді.

II. Өткенді пысықтау

«Шындық па, жалған ба?» стратегиясы

Берілген сандардың ішінен екі таңбалы сандарды «Шындық» бөліміне, бір таңбалы сандарды «Жалған» бөліміне жазып, екі бөлімдегі сандардың айырмашылығын айтады.

Берілген сандар

6, 78, 2, 54, 0, 88, 1, 92, 7, 100, 5, 213, 46

Ескерту: 100 және 213 — үш таңбалы сандар; оларды бөлек талқылауға болады.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Мұғалім оқушылардың талдауына сүйене отырып, жаңа тақырыпты өздері қорытындылап шығаруға бағыттайды. Оқушылар сандарды ондық және бірлік бойынша құрамына ажыратады.

«Есептеу машинасы» ойыны

Жұмыс форматы: жедел есептеу

Мұғалім математикалық өрнектерді оқиды. Оқушылар есептеп, цифр жазылған парақшалар арқылы өрнектің мәнін көрсетеді.

2 + 1 + 7 − 8 + 10 − 2 − 4 + 1

6 + 2 − 4 + 4 − 3 + 5 − 2 − 4 − 2

4 − 3 + 9 − 8 + 7 − 3 + 2 − 6 + 3

IV. Оқулықпен жұмыс

Оқулықтағы №1 тапсырманы ауызша орындау.

V. Тақтамен және дәптермен жұмыс

№2. Өрнектерді есепте

10 + 3 =

8 − 3 =

90 − 40 =

50 + 20 =

3 + 6 =

15 + 5 =

10 − 4 =

21 − 1 =

№3. Есеп

Ақеркеде 10 қарындаш бар, ал Нұрланда одан 2 қарындаш кем. Нұрланда неше қарындаш бар?

Шешуі

10 − 2 = 8 (қ)

Жауабы: Нұрланда 8 қарындаш.

Қысқаша шарт

Ақерке
10 қ
Нұрлан
? (2 қ кем)

№4. Математикалық диктант

Дұрыс / бұрыс

Мұғалім тұжырымдарды оқиды. Оқушылар дәптерге дұрыс болса +, бұрыс болса таңбасын қояды. Кейін тақтадағы жауаптармен салыстырып, қателерін түзетіп, өзін-өзі бағалайды.

  • 7 санының алдында тұрған сан — 6.
  • 4 санының алдында тұрған сан — 3.
  • 8 санынан кейін тұрған сан — 9.
  • 8 + 2 өрнегі 10-ға тең.
  • 9 бен 7-нің айырмасы 2-ге тең.
  • 4 саны 5-тен кіші.
  • 2 + 7 өрнегі 9-ға тең.

VI. Қорытынды

«Үш ұйғарым» стратегиясы

Оқушылар жұптасып 2 екі таңбалы және 1 бір таңбалы сан жазады да, оны көршілеріне береді. Сыныптастары екі таңбалы сандарды ондық және бірлік бойынша құрамына талдайды.

VII. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы мұғалімнің нұсқаулығына сәйкес беріледі.

VIII. Бағалау

Оқушылардың ауызша жауаптары, есептеу дәлдігі, тапсырмаларды орындау белсенділігі және өзін-өзі бағалау нәтижелері негізінде бағаланады.