Мәтіннің мазмұнын сұрау

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән

Қазақ тілі (7-сынып)

Сабақтың тақырыбы

Ғаламтордың шығу тарихынан

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Көрнекілігі

Кітап, суреттер, грамматикалық кесте

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Әңгімелесу
  • Тіл дамыту

Пәнаралық байланыс

Орыс тілі Қазақ әдебиеті

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • «Ғаламтордың шығу тарихы» тақырыбы бойынша ақпарат беру.
  • Оқу техникасын жетілдіру, аударма жұмысына назар аударту.
  • Жүйелі сөйлеуге және тақырыпты ретімен баяндауға үйрету.

Дамытушылық

  • Тапсырмалар орындау арқылы ойлау қабілетін дамыту.
  • Тіл белсенділігін және жазу мәдениетін қалыптастыру.
  • Ой-өрісін және есте сақтау қабілетін дамыту.
  • Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорын байыту.

Тәрбиелік

  • Тазалыққа және ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу.
  2. Оқушыларды түгендеу, келмеу себебін анықтау.
  3. Оқушылардың назарын сабаққа бағыттау.

II. Өткен сабақты қайталау (пысықтау)

Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап алу.

III. Жаңа түсінікті қалыптастыру

1) Кіріспе сөз

Тақырыпқа байланысты қысқаша кіріспе әңгіме жүргізіледі.

2) Сөздікпен жұмыс

Жүйе
система
Әскери зерттеулер
военные исследования
Сенімділік
надежность
Кесінді
отрезок
Хаттама
протокол
Мүмкіндіктері
возможности
Бағалау
оценить
  • Сөздерді дұрыс айту.
  • Сөздік дәптерге жазып алу.
  • Сөз тіркестерін құрап жазу.

3) Мәтінмен жұмыс (оқылым)

«Ғаламтордың шығу тарихынан» мәтіні оқылады және талқыланады.

IV. Жаңа сабақты бекіту

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

III деңгей

1) Сұрақтарды ретімен қойып, жауап беріңдер:

  • Интернет арқылы кіммен танысуға болады?
  • Интернет неше жыл бұрын пайда болды?
  • Торапаралық хаттама деген не?
  • Интернетті пайдаланушылар нені іздейді?
  • Интернеттің лайықты мүмкіндіктерін кімдер бағалаған?
  • Интернет алғаш рет қай елде пайда болған?

2) 3–4 сөйлеммен мазмұнын ашып, жазбаша әңгіме құраңдар.

II деңгей

  1. Мәтінді бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойыңдар. Интернационалдық терминдерді қолданыңдар.
  2. Мәтіндегі ерекшеленген сөздерді синонимдермен алмастырып, әңгімелеңдер.

I деңгей

Интернеттің шығу тарихы бойынша қосымша мәлімет жинақтап, әңгімелеңдер.

V. Сабақты қорыту

Жазылым: сөйлемдерге тиісті етістіктерді қойып жазыңдар (4-тапсырма).

Керекті сөздер: іздейді бағалады пайда болған құрылған

Интернет осыдан 25 жыл бұрын АҚШ-та ...

Ол әскери зерттеулерді қамтамасыз ету үшін ...

Мамандар Интернеттің лайықты мүмкіндіктерін ...

Интернетті пайдаланатындардың барлығы ақпарат ...

VI. Үй тапсырмасы

236-бет: мәтіннің мазмұнын айту.

VII. Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен орындалған тапсырмалары бойынша бағалау жүргізіледі.

VIII. Рефлексия

Оқушылар «Даналық ағашына» өз пікірлерін жазып қалдырады.

Ескерту

Сабақ жоспарының толық нұсқасын қосымша қарап шығуға болады.