Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау

Сабақтың тақырыбы

Токтың жұмысы мен қуаты

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

  • Электр тогының жұмысы мен қуатын түсіндіру.
  • Жұмыс пен қуаттың өлшем бірліктерін атау.

2) Дамытушылық

  • Оқушылардың логикалық ойлауын және есте сақтау қабілетін дамыту.

3) Тәрбиелік

  • Оқушыларды ауызбіршілікке, ұқыптылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс

Математика, психология.

Сабақтың әдіс-тәсілдері

  • Сұрақ-жауап
  • Салыстыру
  • Көрнекілік
  • Тәжірибелік

Сабақтың көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Слайдтар
  • Электрондық оқулық
  • Электр санауыш
  • Физикалық құралдар

Сабақтың барысы

I. Сабақты ұйымдастыру

  • Оқушылармен амандасу.
  • Оқушыларды түгелдеу, аудиторияның дайындығын тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген тақырып: Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.

Тақтаға бір оқушы шығып, үй тапсырмасына жауап береді. Қосымша есеп беріледі.

Қосымша есеп

Егер амперметр 2 А көрсетсе, ал резисторлардың кедергілері R1 = 15 Ом, R2 = 10 Ом, R3 = 5 Ом болса, тізбектегі кернеуді табыңдар.

Жауабы: 60 В