Сутегін судан алу әдістерін және олардың реакция теңдеулерін жаз
8-сынып химия сабағы
Сабақ тақырыбы
Судың құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері, маңызы
Сабақ мақсаты
- Оқушыларды судың сапалық және сандық құрамын анықтау әдістерімен таныстыру.
- Судың химиялық қасиеттерін қарастыра отырып, бейорганикалық қосылыстардың жаңа класы — негіздер туралы түсінік қалыптастыру.
- Судың табиғаттағы айналымын және тіршілік үшін маңызын түсіндіру.
- Реакция теңдеулерін сауатты жазуға үйрету.
- Кластар арасындағы байланысты мысалдармен көрсету; негіздердің, қышқылдық және негіздік оксидтердің құрамын салыстыру арқылы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.
Тәрбиелік мақсат
Ұйымшылдыққа, іскерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Табиғи байлықты қорғауға, туған жерге сүйіспеншілікке баулу арқылы экологиялық тәрбие беру.
Дамытушылық мақсат
Сұрақ-жауап, есеп шығарту және ойын элементтері арқылы логикалық ойлауды дамыту, ой-өрісті кеңейту, өз ойын еркін жеткізу дағдыларын қалыптастыру.
Әдіс және көрнекілік
Сабақ әдісі: түсіндіру, баяндау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, тесттер, су, стакан, әк, сынауық.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Оқушылардың сабаққа қатысуы және оқу құралдарының дайындығы тексеріледі. Назар сабаққа аударылады.
II. Үй тапсырмасын тексеру — «Сен білесің бе?»
- 1 Ерітінді дегеніміз не?
- 2 Сутегі жанғанда қандай зат түзіледі?
- 3 Заттар ерігіштігіне байланысты неше топқа бөлінеді?
- 4 Еріткіш дегеніміз не?
- 5 Сұйықтықтардың және газдардың суда еруінің айырмашылығы қандай?
Ескерту: Газдардың суда ерігіштігі температура төмендегенде және қысым жоғарылағанда артады.
Бекіту тапсырмалары
«Кедергілермен көтерілу»
Химиялық сатымен көтеріле отырып, оксидтердің формуласын құрып жазыңыз. Әрқайсысын атаңыз.
Тест
1) Суда жақсы еритін заттарды көрсетіңіз.
- A) өсімдік майы, қант, тұз
- B) спирт, глицерин, аммиак
- C) бензин, спирт, сутек
2) Оттегіні өнеркәсіпте қандай ыдыста сақтайды?
- A) газометрде
- B) болат баллонда
- C) Дьюар ыдысында
3) Лабораторияда оттегіні қалай алады?
- A) сұйық ауаны айдау арқылы
- B) KMnO4-ті қыздыру арқылы
- C) екеуі де емес
4) Мөлшері 3 моль оттек газы (қ.ж.) қандай көлем алады?
- A) 22,4 л
- B) 44,8 л
- C) 67,2 л
5) KMnO4 қосылысындағы марганецтің тотығу дәрежесі нешеге тең?
- A) +5
- B) +6
- C) +7
III. Жаңа сабақ
Оқушылар судың сапалық құрамын білетінін ескере отырып, білімді еске түсіру және тереңдету мақсатында төмендегі сұрақтар ұсынылады.
Талқылауға арналған сұрақтар
- 1 Сутегін судан алу әдістерін атаңыз және олардың реакция теңдеулерін жазыңыз. Нәтижесінде су түзілетін реакция теңдеулерін жазыңыз және олардың қай реакция түріне жататынын көрсетіңіз.