Шөл өсімдіктері мен жануарлары жайлы түсіндіру

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың тақырыбы

Шөл өсімдіктері мен жануарлары

Сабақ типі

Аралас сабақ

Мақсаты

  • Шөл өсімдіктері мен жануарлары туралы түсінік қалыптастыру.
  • Теориялық ойлауын, сөздік қорын дамыту; табиғат құбылыстарының ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыра білуге үйрету.
  • Табиғатқа жанашырлық пен туған жерге сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Суреттер, слайдтар, бейнеролик.

Әдістері

Түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу, оқушыларды түгендеу.
  • Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.

II. Білімді тексеру

Сұрақтарға жауап алу:

1) Шалғынды аймақ пен далалы жердің өсімдіктері мен жануарлары тіршілігіндегі ұқсастық пен айырмашылық қандай?

2) Бөдене мен суырдың тіршілігі туралы не білеміз? Оларды қорғаудың маңызы қандай?

III. Мақсат қою

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады: «Шөл өсімдіктері мен жануарлары».

IV. Жаңа материалды түсіндіру

Кіріспе (бейнеролик: «Шөл дала»)

  • «Шөл дала» дегенде көз алдыңа қандай табиғат елестейді?
  • Шөлдің өсімдіктері мен жануарлары туралы не білесің?

Оқушылардың жауаптарынан кейін жаңа тақырып жүйелі түрде түсіндіріледі.

Шөлдің түрлері

Шөлдер табиғи ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді:

Құмды шөл

Жазық өңірлердегі борпылдақ тау жыныстарының үстінде қалыптасады. Құмды шөлдерді өсімдіктер тоқтатып, бекітеді.

Мысал өсімдіктер:

  • селеубояу
  • құм қияғы
  • жүзгін
  • құмаршық
  • ақсексеуіл

Сазды (теңіз табанды жазық) шөл

Топырағы сазды келеді, өсімдіктері нашар дамыған.

Тақыр шөл

Көбіне өзендердің ескі атырауындағы жерлер жатады. Жиектерінде ғана сирек өскен күйреуік пен жыңғыл кездеседі.

Жел тұқым мен жемісті тақырға айдап әкеледі. Көктемде көктеп шыққанымен, ылғалдың жетіспеуінен толық дамымай, қурап қалады.

Сортаңды шөл

Топырағы тұзды болады. Су топырақ бетіне жақын жатады да, үнемі булану нәтижесінде тұз жер бетіне шығады.

Тұз қабатының үстінде күйреуік сияқты өсімдіктер өседі.

Тастақты шөл

Жер бетіне тастар шығып жатады. Әр жерде тікенекті бұталар кездеседі.

Адам әрекеті және тақырлану

Кейбір тақырлар адамның жауапсыз әрекетінің салдарынан пайда болады: малдың шөпті отап, таптауы; бұталардың тамырымен қопарылып, сындырылып жойылуы.

Маңызды ой

Мұндай жерлерді қалпына келтіруге болады, бірақ бұл үшін бірлескен еңбек пен жүйелі жұмыс қажет.

Шөл жануарларының бейімделуі

Суы мен азығы тапшы, жазы ыстық, қысы суық шөлді аймақтарды мекендейтін жануарлар қатал табиғи жағдайларға әртүрлі жолмен бейімделеді.

қарақұйрық ақбөкен бұлдырық құлақты кірпі қосаяқ тасбақа сұр келес сарышаян

V. Оқулықпен және дәптермен жұмыс

Оқулықпен жұмыс

Мәтінді дауыстап, тізбектей оқыту.

Дәптермен жұмыс

  • Күн ретін және ауа райын жазу.
  • Шөл өсімдіктері мен жануарларын тізіп жазу.

Шөл өсімдіктері

селеубояу ақсексеуіл жүзгін құм қияғы кермек құмаршық

Шөл жануарлары

сарышаян қосаяқ қарақұйрық ақбөкен бұлдырық сексеуіл жорға торғайы құлақты кірпі тасбақа сұр келес тышқан жылан

Топтық жұмыс (Венн диаграммасы)

Үш топқа тапсырма:

1-топ

Шалғын өсімдіктері мен жануарлары

2-топ

Дала өсімдіктері мен жануарлары

3-топ

Шөл өсімдіктері мен жануарлары

Шығармашылық тапсырма

«5 жол өлең» құрастыру: Ақбөкен.

VI. Меңгеруді тексеру

Шөл туралы суреттер көрсетіледі. Оқушылар көргенін сипаттап, әңгімелейді.

VII. Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.

VIII. Бекіту (тест)

1) Шөлді жерді мекендейтін жануар:

  • а) қасқыр
  • ә) арқар
  • б) кесіртке

2) Дала өсімдігін ата:

  • а) селеу
  • ә) жусан
  • б) қарағай

3) Улы өсімдікті белгіле:

  • а) боз
  • ә) бетеге
  • б) сарғалдақ

4) Қайсысы артық?

  • а) шалғынды, орманды
  • ә) дала, шөл
  • б) қала, ауыл

5) Күріш қай облыста өсіріледі?

  • а) Батыс Қазақстан облысы
  • ә) Қызылорда облысы
  • б) Талдықорған облысы

IX. Үй тапсырмасы

  • Оқулық: 82–86-беттерді оқу, мазмұнын айту.
  • «Шөл дала өсімдіктері мен жануарлары» тақырыбы бойынша қосымша мәлімет жинақтау.