Приходькоға Рысқұл разы

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Көркем шығарманың мазмұнын, қаһармандардың іс-әрекеті мен мінез-құлқын терең түсіну. Қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың өмірбаяны туралы мәлімет беру.

Дамытушылық

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз пікірін дәлелдеуге дағдыландыру, дүниетанымын кеңейту, ойлау өрісін дамыту, зерттеу жұмыстарына баулу.

Тәрбиелік

Тұрар бейнесі арқылы адамгершілікке, туған жерге сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Шығармашылық ізденіске жұмылдыру, елінің адал азаматы болуға баулу.

Пәнаралық байланыс

География, тарих.

Сабақтың форматы

  • Түрі: қорытынды сабақ.
  • Әдісі: сыни тұрғысынан ойлау, ой белсенділігін арттыру, сұрақ-жауап, сәйкестендіру тесті.

Көрнекіліктер

  • Тірек сызбалар
  • Ш. Мұртаза және Т. Рысқұлов суреттері
  • «Аңыз адамы» журналы
  • Тұрар Рысқұловтың өмірі туралы деректер (слайд)

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
  2. 2 Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

II. Үй тапсырмасы

Оқушылар үзіндіні үйден оқып келеді. Болған оқиғаны еске түсіріп, ойын жинақтауға мүмкіндік беру үшін төмендегі сұрақтар қойылады:

  1. 1) Рысқұлдың Сәлмен болыстан кетуіне қандай себептер түрткі болды?
  2. 2) Сәлменнен кетіп, Жарасбайды паналағанда Рысқұл не тапты? Қандай қиянат көрді?
  3. 3) Рысқұл таңдаған кек жолы оның ауыл-аймағын, бала-шағасын және өз басын қандай шырғалаңға салды?

Үзіндіні құрылымы бойынша бөлу

Үзінді мазмұны мен құрылысына қарай екі бөлімге бөлінеді. Бірінші бөлімге «Тұрардың тұрағы — түрме, қожасы — гимназист Аркаша», екінші бөлімге «Тұрар — жаралы арыстанның баласы» деген атау беріледі.

1-бөлім: Тұрардың тұрағы — түрме, қожасы — Аркаша

  • Приходькоға Рысқұл разы.
  • Аркашаның есірік мінезі.
  • Тұрар Приходьконың өсиетін бұзады.
  • Тұрардың арманы — оқу.
  • Саяси тұтқындармен Тұрар таныстығының басталуы.
  • Әкелі-баланың айырылысуы.
  • Приходьконың қателігі.

2-бөлім: Тұрар — жаралы арыстанның баласы

  • Тұрар нағашы жұртында.
  • Тұрар Қырғызбаев — орысша-мұсылманша мектептің оқушысы.
  • Тұрар — зерек, сауатты оқушы.
  • Тұрар — тілмаш әрі писарь.
  • «Диірменде туған тышқанның баласы дүрсілден қорықпайды» (тұспал мәнді ой).

Шығарма кейіпкерлері

Иван Прокурор Семашко Владимирович Айбаров Атамырза Қырғызбай Нағашы жұрты Әліпбек Орыс жігіті Тұрар Рысқұлов Бала Тұрар

Тұрар романда жақсы қасиеттерімен ерекшеленіп, басты қаһарман деңгейіне көтеріледі. Тұрар Рысқұлов — өмірде болған тарихи тұлға. Енді оның өміріне қатысты нақты деректерді хронологиялық кесте арқылы қарастырайық.

Тұрар Рысқұлов: хронологиялық деректер

  • 1894

    Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш ауылында дүниеге келді.

  • 1907–1910

    Меркедегі туыстарына барып, орыс-қазақ мектебін үздік бітірді.

  • 1910–1914

    Бішкектегі бау-бақша мектебінде оқыды.

  • 1915

    Ташкенттегі мұғалімдер институтына түсті.

  • 1916

    Ұлт-азаттық көтеріліске қатысты.

  • 1917–1918

    21 жасында Түркістан Республикасында аштықпен күрес жөніндегі Орталық комиссияның төрағасы болды.

  • 1924

    Моңғолияға өкіл ретінде жіберілді.

  • 1932–1933

    Қазақ халқының жойылып кетпеуі үшін белсенді күрес жүргізді.

  • 1938

    Сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны болды.

Сәйкестендіру тесті

Төмендегі кейіпкерлерді шығармадағы үзінділермен сәйкестендіріңіз.

Кейіпкерлер

  • Рысқұл
  • Надзиратель
  • Бронников
  • Қырғызбай
  • Салиха
  • Приходько
  • Наташа
  • Аркадий
  • Иван Владимирович
  • Атамырза
  • Тұрар
  • Семашко

Шығармадан үзінділер

  • Үзінді

    «О не дегенің, байғұс-ау, алжиын дегенсің бе? Тұрарды қайтесің? Ол бала емес пе екен?»

  • Үзінді

    «Оян, Тұрар!»

  • Үзінді

    «Сен енді маған әрі тілмаш, әрі писарь боласың.»

  • Үзінді

    «Әй, бандиттің баласы! Осы көрген күніңді көпсініп жүрсің бе, ей?!»

  • Үзінді

    «Турарка, сен де шоқына сал, пайдасы болмаса, зияны жоқ.»

  • Үзінді

    «Баланы қорлаушы болма, хайуан!»

  • Үзінді

    «Сабақтан қайтар уақытта кешігуші болма!»

  • Үзінді

    «Бізде оқуға беретін бала жоқ, қарағым.»

  • Үзінді

    «Жайырақ, құдай үшін, жайырақ!»

  • Үзінді

    «Жай, әншейін, ананың шынтағына қараңызшы», — деп Тұрарға қолын шошайтты.

  • Үзінді

    «Әттең, Аркашаның орнында мен оқыр ма едім, кітаптан бас алмас едім…»

  • Үзінді

    «Сен тышқанның баласы емес, жаралы арыстанның баласысың. Сен — Қызыл Жебесің, бауырым!»

Бекіту

Қаһармандардың түрлі жағдайдағы көңіл күйі, сезім-сырлары, адамдармен қарым-қатынасы және ішкі құпиясын таныту мақсатында мәтіннен жеке үзінділер оқылады.

Бағалау

Оқушылардың жауаптары, талдауы және белсенділігі негізінде бағалау жүргізіледі.

Үй тапсырмасы

«Тұрар Рысқұлов кім?» тақырыбына шығарма жазу.