Торғайдың жаңа пәтері
А. Ж. Сарымсақова, №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Сабақ тақырыбы
Бердібек Соқпақбаев — «Қамқорлық»
Сабақтың мақсаты
Оқу дағдылары
- Мәтінді мәнерлеп, саналы түрде түсініп оқу; негізгі мағынасын ашу.
- Мазмұнын түсініп, өз сөзімен жеткізе білуге дағдыландыру.
Ойлау және талдау
- Ой-өрісті кеңейту, сөздік қорды молайту.
- Мәтінді талдап, қорытынды шығара білуге қалыптастыру.
Тәрбиелік бағыт
- Қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға баулу.
- Әдепті, тәртіпті, мейірімді болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері мен көрнекілігі
Әдістер
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Көрнекілік
- Талдау
- Суреттеу
Көрнекіліктер
- Автордың портреті
- Тірек-сызбалар
- Магнитофон (әуен)
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық: магнитофоннан әуен қосылады. Мұғалім оқушыларға көздерін жұмып, өздерін әсем табиғат аясында елестетуді ұсынады: айнала жап-жасыл, жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі көз алдына келеді. Әуен тоқтаған соң, оқушылар көздерін ашып, алған әсерімен сабаққа кіріседі.
II. Негізгі бөлім
1) Кіріспе: ой қозғау
Мұғалім оқушыларға бөлім атауын еске түсіреді: «Табиғат — менің өз үйім!»
«Табиғатқа не жатады?»
Ағаш, тау, құс, өзен, шөп, аң.
Талқылау сұрақтары
- Осы ұғымдардың қайсысына байланысты мәтіндер оқыдық?
- Табиғатқа біз не істеуіміз керек?
- Қалай қамқор боламыз? (суару, әктеу, қопсыту, тазалау және т.б.)
Осы әңгіме табиғатқа қамқор болу тақырыбымен сабақтас болғандықтан, бүгінгі тақырып: «Қамқорлық».
2) Жаңа сабақты меңгерту: мағынаны ашу
Оқу стратегиясы
«Бағыттап оқу» стратегиясы қолданылады: мәтін бөліктері түсіндіріле оқылады, оқушылардың ойы тыңдалып, мәтін мазмұнымен салыстырылады.
Сөздік жұмысы
- Аша ағаш
- рогатка
- Шарбақ
- ағаштан жасалған қоршау
- Жан далбаса
- жан ұшыра, есі кетіп
- Әккі
- дәніккен
- Бейқам
- алаңсыз
- Дуал
- қоршау
- Безбүйрек
- тасжүрек
- Топшысынан
- аяғынан
- Пәтер
- ұя
Мәтінді бөлімдерге бөлу
- I бөлім: Сотқар Жантас
- II бөлім: Қожаның қамқоры
- III бөлім: Торғайдың жаңа пәтері
3) Қызығушылықты ояту: мәтінмен жұмыс
Мінездеме
Жантас пен Қожаға мінездеме беру.
Жалғастыру
Мәтінді әрі қарай өз нұсқаңмен жалғастыру.
Шығармашылық жұмыс
Жантас пен Қожаға хат жазу.
4) Автор туралы қысқаша мәлімет
«Қамқорлық» әңгімесінің авторы — Бердібек Соқпақбаев. Сабақ барысында автор туралы толық мағлұмат беріледі.
5) Рефлексия: сұрақтар мен тапсырма
Сұрақтар
- Б. Соқпақбаевтың бұл мәтіні ұнады ма? (жіңішке сұрақ)
- Егер Жантас сияқты сотқар балаға кезіксең, не істер едің? (жуан сұрақ)
Шығармашылық тапсырма
«Торғай», «Қожа», «Жантас» сөздеріне бес жол өлең құрастыру.
Сабақтың түйіні
Күшті болсаң, әлсіздерге қамқор бол,
Үлкен болсаң, кішілерге қамқор бол.
Азамат боп атқа мінер шағыңда,
Ата-анаңдай кісілерге қамқор бол!
III. Үй тапсырмасы
- Мәтінді оқу.
- Мәтін тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинау.
IV. Бағалау
Оқушылардың сабақтағы белсенділігі, мәтінді түсініп оқуы, жауаптарының нақтылығы және шығармашылық тапсырмаларды орындауы бойынша бағаланады.