Ойын жаттығулары
Білім беру саласы және ұйымдастырылған іс-әрекет
Білім беру саласы
Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Би өнері
Тақырыбы
Балабақшадағы би әлемі
Мақсаты
Балалардың эстетикалық қабілеттерін дамыту, дене қимылдарының үйлесімділігін арттыру және икемділігін қалыптастыру.
Көрнекі құралдар
- Суреттер
- Слайд тақта
- Атрибуттар
Сабақтың барысы
Мотивациялық-қозғаушылық кезең
Жылы қарсы алу және ырғаққа баптау
- Балаларды музыка әуенімен би залында қарсы алу.
- Балалармен амандасу (шапалақтау арқылы).
Ритмикалық жаттығулар
Бас пен мойын
Жеңіл иілу, бұрылу, созылу қимылдары.
Қол мен иық
Көтеру, айналдыру, үйлестіру жаттығулары.
Білек пен саусақ
Икемділік пен нәзік қимылға бағытталған жаттығулар.
Аяқ және аяқтың басы
Тірек, тепе-теңдік және қадам техникасы.
Ұйымдастырушылық-ізденістік кезең
Ойын, қозғалыс, ұлттық би элементтері
1) Ойын жаттығуы: «Көңілді қояндар»
Шарты
Балалар шеңберге тұрып, музыка әуенімен қимылдар жасап, билейді.
2) Би жаттығулары: Қазақ биінің қимылдары
Қимылдар суреттер арқылы слайд тақтадан көрсетіледі.
Молдас
Негізгі молдас қимылы.
Қошқар мүйіз
Кереге көз қимылымен үйлестіру.
Сыйлық
Сәндену қимылымен орындалады.
Айна
Білезік қимылымен біріктіру.
Домбыра
Киіз үй қимылымен байланыстыру.
Бүркіт қанат
Қамшы ұстау қимылымен толықтыру.
3) Шағын би қойылымы: «Гүл ұсыну»
Қойылым такт бойынша кезең-кезеңімен орындалады.
-
1-бөлік
16 такт
Қыздар ішкі шеңберде, ұлдар сыртқы шеңберде отырады. Әуен басталғанда алдымен үш қыз орнынан тұрады, содан соң келесі үш қыз тұрады. Одан кейін ұлдар тұрады.
-
2-бөлік
8 такт
Ұлдар мен қыздар бір-біріне қарама-қарсы жүріп, шеңбер бойымен қозғалады.
-
3-бөлік
8 такт
Шеңберден шығып, жұп-жұбымен екі қатарға бөлінеді.
-
4-бөлік
8 такт
Әр бала өз жұбымен қарама-қарсы қолдарын айқастырып айналады, кейін кері бағытта қайталайды.
-
5-бөлік
8 такт
Ұлдар қозғалып билеп тұрады, ал қыздар қолдарын төменнен жоғары қарай әсем қимылдатады.
-
6-бөлік
8 такт
Соңында ұлдар қолдарындағы гүлдерін қыздарға ұсынады.
Рефлексиялық-түзетушілік кезең
Жетекші сабақты қорытындылап, балаларды мадақтайды және марапаттайды. Соңында балалармен қоштасады.