Ғаламшарға саяхат

Сабақтың тақырыбы

Сан есім.

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

Оқушыларға сан есім туралы түсінік беру; сан есімнің заттың санын және ретін білдіретін сөздер екенін меңгерту. Бұрын алған білімдерін кеңейтіп, білімді берік бекіту.

2) Дамытушылық

Ғаламшарлар туралы түсініктерін тереңдетіп, ойлау мен жауап беру дағдыларын дамыту.

3) Тәрбиелік

Еліміздің ғарышкерлерін құрметтеуге, олардың еңбегін бағалауға, сондай азаматтарға ұқсап өсуге тәрбиелеу. Көркем әрі сауатты жазуға баулу.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың түрі
Саяхат сабақ
Сабақтың типі
Өткенді қайталау
Пәнаралық байланыс
Математика, ана тілі, дүниетану, сурет, дене шынықтыру
Көрнекілігі
Ғарышкерлердің суреттері, Күн жүйесіндегі тоғыз ғаламшардың суреттері, тест тапсырмалары, карточкалар

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Екі көзің не үшін керек? — Жақсыларды көру үшін.

Екі құлағың не үшін керек? — Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

Екі қолың не үшін керек? — Елге көмек беру үшін.

Екі аяғың не үшін керек? — Туған жерде жүру үшін!

Ендеше, балалар, он екі мүшелерің сау болып, туған жерде үлкен азамат болып өсулеріңе тілектеспін. Бүгінгі сабақтың ерекше өтетінін хабарлаймын: біз ғаламшарларға саяхат жасаймыз.

2) «Ғаламшарларға саяхат» бөлімі

Күн жүйесінде неше ғаламшар бар? — Тоғыз ғаламшар.

Олар:

  • Меркурий
  • Шолпан
  • Жер
  • Марс
  • Юпитер
  • Сатурн
  • Уран
  • Нептун
  • Плутон

Ендеше, бүгін осы ғаламшарларға «саяхат» жасап, әр ғаламшар дайындаған тапсырмаларды орындау арқылы білімімізді көрсетеміз.

Топқа бөлу

Саяхатқа шықпас бұрын, үш топқа бөлінейік. Әр топ өз көлігін таңдайды:

  1. I топ: «Луноход-1» (КСРО) көлігі
  2. II топ: «Интеркосмос-1» жер серігі
  3. III топ: Халықаралық ғарыш станциясы

Барлығымыз саяхатқа дайынбыз ба? Ендеше, сәт сапар!

3) Ауызша сұрақ-жауап

Сұрақтарға ауызша жауап беріңдер. (Жауаптарды тыңдай отырып, ғарышкерлердің суреттерін тақтаға ілуге болады.)

1) Ғарыш әлеміне алғаш болып кім ұшты? — Юрий Алексеевич Гагарин.

2) Ғарышқа Қазақстанның қай жерінен ұшады? — Байқоңыр.

3) Қазақстаннан ғарышқа бірінші болып ұшқан қазақ кім? — Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров.

4) Тағы қандай ғарышкерлерді білесіңдер? — Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев (және басқа да ғарышкерлер).

4) Жазба жұмысы және сабақтың негізгі ұғымы

Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күннің жадын жазыңдар да сапарымызды жалғастырайық.

Бүгінгі тақырып

Сан есім

Сан есім — заттың санын және ретін білдіретін сөз табы.