Орындайтын мектеп оқушылары

Мақсаты

Дарынды балаларға арналған гимназияның өнерлі жастарын бір сахнада тоғыстырып, олардың қабілеттерінің ашылуына, жан-жақты қырынан танылуына ықпал ету. Оқушылардың бойына сахналық мәдениет қалыптастырып, шығармашылыққа мүмкіндік беру.

Негізгі ой

«Гимназияда жастарымыз дарынды» — бірлік пен өнерді ұштастыратын мерекелік кеш.

Бағыт

Ән, би, күй, көрініс, айтыс, поэзия және әзіл арқылы оқушы талантын таныту.

Құндылық

Ұстазға құрмет, Отанға сүйіспеншілік, өнерге адалдық, ынтымақ пен жауапкершілік.

Қош келдіңіздер!

І жүргізуші

Армысыздар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар, құрметті оқушылар және ауыл тұрғындары! Бүгінгі №1 мектеп-гимназиясының құрылғанына 1 жыл толуына орай, оқушылардың жалынды жүрегінен шыққан «Гимназияда жастарымыз дарынды» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Кірсеңіз есігіне гимназияның,
Өзгеше бір әлемде жүргендейсіз.
Мекені бұл дарындардың, даралардың,
Көп нәрсені ойға түйіп білгендейсіз.

Тек сіздерге арнаймыз нәзік үнді,
Жанып тұрған оттаймыз біз — жалынды.
Әнші де бар, биші де бар, ақын да бар,
Гимназияда жастарымыз дарынды.

ІІ жүргізуші

Бірі үшін бәрі бірдей қиналған,
Кішіге ізет, үлкендерді сыйлаған.
Осындай гимназиямыз бар біздің —
Өнерлілер, дарындылар жиналған.

Арман шіркін асқарларға жетелейді,
Бәрімізді бір арнаға әкеледі.
Армандаған мектебіне келіп бүгін,
Талай дарын өз өнерін көрсетеді.

Самғасын бейбіт құсы көгімізде,
Жат елдің көзі түспесін жерімізге.
Туымыз желбіресін мәңгілікке,
Ер есімі сақталсын ел есінде.

Өнерге толы кештің өзегі

Бұл — дарынды жастардың ордасы. Мектеп-гимназиямыз өнерлі шәкірт тәрбиелеп келеді. Ел болашағы — дарынды жастар. Ашылғанына көп уақыт өтпесе де, өз өнерімізді көрерменге паш ету — біздің қолымыздан келеді.

Аз ғана уақыт ішінде бір-бірімізге бауыр басып, бірлік пен сыйластықты нығайттық. Осы жолда ең алдымен — Жаратқанға, екіншіден — аяулы ұстаздарға алғысымыз шексіз.

Бағдарлама: өнер керуені

Кеш барысында ән, би, күй, поэзия, сахналық көрініс және әзіл арқылы гимназия оқушыларының шығармашылық әлемі таныстырылады.

Ән мен әуен

  • «Туған жер»

    Жергілікті композитор Жәкула Нұрғалиевтің әні. Орындайтын: жас әнші Абат Сымбат.

    Патриоттық ән
  • «Ұстазым менің»

    Орындайтын: 10-сынып оқушысы Әзиева Назерке, 9-сынып оқушысы Айтжанов Ілияс.

    Ұстазға құрмет
  • «Сағыныш»

    Аудандық оқушылар айтысының жүлдегері, 11-сынып оқушысы Көптілеуов Қуандықтың орындауында.

  • «Арман қала»

    Орындайтын: Айтжанов Ілияс және Көптілеуов Қуандық.

  • «Бесік басында»

    Облыстық Абай–Шәкәрім оқуларының жүлдегері, 7-сынып оқушысы Қыздарбай Әйгерімнің орындауында.

  • «Арулар — асыл жандар»

    Орындайтын: Нұрлыбекқызы Айкөркем және Қыздарбай Әйгерім.

  • «Бақыт деген»

    Орындайтын: жезтаңдай әнші Аққойшиева Айдана.

  • «Гүлдәурен»

    Орындайтын: аудандық «Сайра, тілім, самға» сайысының жүлдегері Жекенова Амангүл және аудандық олимпиада жүлдегері Асауова Жұлдыз.

  • «Бақыт іздеймін»

    Орындайтын: 8-сынып оқушысы Кәдірбай Айшат.

  • «Жан гүлім»

    Орындайтын: мектебіміздің әншісі Әзиева Назерке.

  • «Гимназияға арнау»

    Орындайтын: мектеп оқушылары (қорытынды ән).

Би, көрініс және сахналық өнер

  • «Қаражорға» биі

    №1 мектеп-гимназиясы бишілерінің орындауында.

  • Испан биі

    Жас бишілердің орындауында.

  • КТК әзіл-сықақ

    Сахнада — КТК жұлдыздары. Көңіл көтерер әзіл мен тапқырлыққа толы бөлім.

  • Классикалық би

    Орындайтын: 11-сынып биші қыздары.

  • «Қыз сыны» көрінісі

    Сахналық қойылым.

  • Брейк-би

    Орындайтын: 8-сынып оқушылары — биші жігіттер.

  • «Қазақ солдаттары» көрінісі

    Орындайтын: оқушылар ұйымының өнерпаздары.

  • Шығыс биі

    Орындайтын: Жеңісова Алтынгүл.

  • «Томирис» бишілер тобы

    8-сынып қыздарынан құралған би тобының өнері.

  • Өзбек биі

    Орындайтын: 10-сынып оқушысы Айнұр.

  • «Қыз Жібек пен Төлеген» көрінісі

    Сахнада: оқушылар ұйымының өнерпаздары.

  • «Гүлдер-Ай» би тобы

    Жас әрі дарынды бишілерден құралған, аудандық сайыс жүлдегерлері сахнада.

Поэзия және арнау сөз

Мектепке арнау

Мектебіміздің ақынжанды шәкірттерінің бірі, республикалық Мұқағали оқуларының жүлдегері, «Алтын белгіге» үміткер Қайыржан Назерке ортаға шақырылады.

Өз қолыңда өмірің, өз тағдырың,
Өз қолыңда биікке бір самғауың.
Жас қаламгер ұсынады сіздерге
Жүректен жарып шыққан өз арнауын.

Кештің рухы

Өнерлі өрге жүзер талаптанып,
Қыран биік самғайды қанат қағып.
Адам үшін парызымыз — өнер іздеу,
Жүрген соң адам деген атақ алып.

Мектеп деген киелі ұғым — ғажап ат,
Тынысы мен тіршілігі — ғаламат.
Бала шақтан болашаққа ұмтылған,
Түлеп ұшар талай-талай азамат.

Бойларыңда от барлығын байқадым,
Жүректерде шоқ барын да байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Оқушылар, шарықтаңдар әрдайым!

Қорытынды

Осымен №1 мектеп-гимназиясының құрылғанына 1 жыл толуына орай ұйымдастырылған, оқушылардың жалынды жүрегінен шыққан «Гимназияда жастарымыз дарынды» мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рақмет! Амандықта жүздескенше!