Ата - анаға деген бала махаббатын ояту

Тәрбие мектебі – отбасы

Отбасы — адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның жылуы мен жауапкершілігін сезініп, өмірге бейімделеді. Осы ортада мінезі қалыптасып, құндылықтары бекиді.

Мақсаты

  • Бала тәрбиесіндегі ата-ананың ерекше рөлін түсіндіру.
  • Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
  • Баланың ата-анаға деген сүйіспеншілігін ояту.
  • Мектеп–ұстаз–ата-ана бірлігін күшейту.
  • Бауырмалдықты, қайырымдылықты, достықты қалыптастыру.
  • Үлкенді сыйлауға, сыпайы әрі ілтипатты болуға тәрбиелеу.

Негізгі идея

Әке — шаңырақ иесі, отбасының жауапкершілігін арқалаушы. Ана — отбасының ұйытқысы, мейірім мен жылудың бастауы. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Тәртіпті, тәрбиелі ұрпақ — отбасы мен мектептен алған үлгі-өнегенің жемісі.

Қанатты сөздер

  • Ата көрген — оқ жонар, ана көрген — тон пішер.
  • Ата — бәйтерек, бала — жапырағы.

Өткізу форматы

Түрі

Пікірталас және сайыс элементтері.

Көрнекілігі

Қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, карточкалар.

Ұйымдастыру

Сәлемдесу, оқушыларды 4 топқа бөлу, тапсырмалар тәртібін түсіндіру.

Топтар

Алтын ұя

Таныстыру және ұстаным.

Берекелі отбасы

Ынтымақ пен жауапкершілік.

Мерекелі отбасы

Жылулық пен дәстүр.

Бақытты отбасы

Сүйіспеншілік пен қолдау.

Сайыс бөлімдері

I бөлім — Таныстыру

Әр топ өз атауын таныстырып, қысқаша мағлұмат береді: ұраны, құндылықтары және отбасы тақырыбындағы көзқарасы.

II бөлім — «Білімдіге дүние жарық» (викторина)

Бұл кезеңде топтардың шапшаңдығы мен білім деңгейі бағаланады. Сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап беріледі.

I топ сұрақтары

  1. 1.Балдан тәтті не? (Бала)
  2. 2.Қара шаңырақ иесі кім? (Кенже ұл)
  3. 3.Әкеден балаға берілетін зат? (Мұра)
  4. 4.Үйдегі «алтын адам» кім? (Ана)

II топ сұрақтары

  1. 1.Бес дұшпанды атаңдар. (Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
  2. 2.«Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» — кімнің нақылы? (Қорқыт ата)
  3. 3.Жасөспірім неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады? (14 жас)
  4. 4.Тәрбие мен білімнің ордасы. (Мектеп)

III топ сұрақтары

  1. 1.18 жасқа толмаған адам. (Бала)
  2. 2.«Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы кім? (С. Назарбаева)
  3. 3.Екі адамның бір-біріне деген адалдығы. (Достық)
  4. 4.Бес асылды атаңыз. (Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

IV топ сұрақтары

  1. 1.Үш арсызды ата. (Ұйқы, тамақ, күлкі)
  2. 2.Мемлекеттік рәміздерді ата. (Елтаңба, Ту, Әнұран)
  3. 3.Жеті атаны ата. (Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)

III бөлім — «Болашағымыз білімді жастардың қолында» (сурет байқауы)

Әр топ сурет салып, өз жұмысын қорғайды. Тақырып — білім, тәрбие және отбасы құндылықтарының байланысы.

IV бөлім — «Тығырықтан шығу» (жағдаяттық сұрақтар)

Қатысушылар ұсынылған жағдаяттарға өз пікірін білдіріп, шешім ұсынады. Мақсат — жауапкершілік, әдеп, достық және еңбекқорлық қағидаларын талқылау.

  1. 1) Сенің жақын, адал досың бар, бірақ ата-анаң ол достыққа қарсы. Не істейсің?
  2. 2) Көктем мезгілі. Досың сабақтан тыс нәрселерге көп көңіл бөліп, үлгерімі төмендеп кетті. Не істейсің?
  3. 3) Үлгерімің орташа. Сыныптастарың сені тек бағаңмен өлшеп, адамгершілік қасиеттеріңді байқай бермейді. Не істейсің?
  4. 4) Мұғалімдер ертеңге тапсырма берді, бірақ белгілі себептермен оны толық орындап үлгермедің. Не істейсің?

V бөлім — «Тіл өнері» (мақал-мәтелді жалғастыру)

Қай топ бірінші қол көтерсе, сол топ жауап береді. Мақсат — ұлттық тәрбиенің өзегін мақал-мәтел арқылы тану.

1. Атаның баласы болма, халықтың баласы бол.

2. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.

3. Балалы үй — базар, баласыз үй — қу мазар.

4. Ата көрген — оқ жонар, ана көрген — тон пішер.

5. Ананың сүті — бал, баланың тілі — бал.

6. Туған үйдің түтіні жылы, туған ананың күтімі жылы.

7. Анаңа ауыр сөз айтпа, артыңа ауыр жүк артпа.

8. Бала — ананың бауыр еті, көз нұры.

9. Әке — асқар тау, ана — шалқар көл.

10. Жеті атасын білмеген — жетесіз.

Қорытынды

Нәтиже

Сабақ соңында жеңімпаз топ жарияланады. Ең маңыздысы — қатысушылардың отбасы құндылықтарын тереңірек түсініп, өзара сыйластық пен жауапкершілікті нығайтуы.

Тәрбиелік нақылдар

  • Әзілің жарасса, атаңмен ойна.
  • Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.
  • Атадан жақсы ұл туса, есіктегі басын төрге сүйрер.
  • Атадан жаман ұл туса, төрдегі басын жерге сүйрер.
  • Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жейді. Атадан жаман ұл туса, елінің малын жейді.
  • Әкең өлсе өлсін, әкеңді көрген өлмесін.
  • Балалы үйдің ұрлығы жатпас.
  • Қарға баласын «аппағым» дейді, кірпі баласын «жұмсағым» дейді.
  • Жалғыз баласы бардың шығар-шықпас жаны бар. Екі баласы бардың өкпе, бауыр, жалы бар. Үш баласы бардың бұқарада пұлы бар.