Ертегіні сахналау
Оқу іс-әрекеті туралы мәлімет
- Өтетін орны
- Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай ауылы, «Балбөбек» балабақшасы
- Тәрбиеші
- Доскалиева Айнагүл Мұратқалиевна
- Білім беру саласы
- Әлеуметтік орта
- Бөлімі
- Көркем әдебиет
- Тақырыбы
- «Ақылды лақ» ертегісі
- Мақсаты
- Ертегі мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету; балалардың сөздік қорын молайту; көркем әдеби тілде сөйлеуге тәрбиелеу.
- Көрнекілігі
- Суреттер, теледидар, слайд, атрибуттар, жұмыс дәптері және т.б.
- Әдіс-тәсілдері
- Түсіндіру, сурет бойынша әңгіме, сұрақ-жауап, сахналау және т.б.
Мотивациялық-қозғаушы кезең
Шаттық шеңбері
Біз өнерге, ұлы өнерге
Гүл өмірге иеміз!
Елімізді, жерімізді,
Көгімізді сүйеміз!
Қонақтарға, апайларға
Басымызды иеміз!
Сәлемдесу
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Қонақтармен амандасу
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
«Төлдер жыры»
Шөре, шөре, шөлдедің бе, лағым!
Сонша неге елеңдейді құлағың?
Қойшы, лағым, әлде қарның ашты ма,
Сен жыласаң, менің келер жылағым.
Іздестіру-ұйымдастырушы кезең
Білім беру саласы
Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Көркем әдебиет
Тақырып
«Ақылды лақ» ертегісі
Әңгіме және сұрақ-жауап
- Балалар, айтыңдаршы, үй жануарларына нелер жатады?
- Мына суреттегі жануарларға қарап, атап беріңдер.
- Олардың төлдерін білесіңдер ме?
- Қазір өлең жолдарын оқимын: сендер қай төл туралы екенін табыңдар.
Шөре, шөре, лағым,
Тентек болма, шырағым.
Секеңдемей деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
Талқылау: Бұл сөздерді не үшін айтамыз?
Ертегіні тыңдау
Үй жануарларының бірі — лақ туралы «Ақылды лақ» ертегісін тыңдаймыз. Мұқият зер салып тыңдайық.
Ескерту
Ертегі музыкалық орталық арқылы тыңдатылады.
Ертегі бойынша сұрақтар
- Ертегі қалай аталады?
- Ертегі сендерге ұнады ма?
- Ел көшкенде қандай төлдер қалып қойды?
- Олар үшеуі не істеді?
- Оларға кім келді?
- Аю не үшін келді?
- Аю не істеді?
- Аю қасқырды ертіп келгенде, үшеуін жей алды ма?
- Қасқырға не болды? Оған кім кездесті?
- Екі қасқыр қайда келді? Соңында жануарларды жеді ме?
Дәптермен жұмыс
1-тапсырма
Шарты
Сурет бойынша әңгімеле. Бір баланы тақтаға шақырып, суретке қарап өз сөзімен әңгіме құрауын тапсырамын.
Қ. Мырза Әлидің «Ешкі» өлеңі
Ешкі деген жануар
Лақ кезден шынығар.
Жапырағы жайқалған
Ағаш көрсе, жыны бар.
Талқылау сұрақтары
- Өлең не туралы?
- Ешкі қай кезден бастап шынығады?
- Нені жеп қоюы мүмкін?
2-тапсырма
Шарты
Лақ пен ешкіні байланыстыратын көпірдің суретін сал.
Сергіту сәті
Әйгерім Қалаубаеваның «Ертегілер» әніне балаларды билетіп, сергіту жаттығуын жасату.
Ертегіні сахналау
Балалар ертегіні рөлге бөліп, сахналық қойылым ретінде көрсетеді.
Ескерту
Қажетті атрибуттар алдын ала дайындалады.
Қорытынды
Сабақ барысында балалар ертегіні мұқият тыңдап, мазмұнын әңгімелеу арқылы сөздік қорын толықтырады, сұрақтарға жауап беріп, көркем әдеби тілде сөйлеу дағдыларын жетілдіреді.