Сен досыңа сыйлық сыйлай

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Мекеме
Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №111 гимназия
Пән
Қазақ тілі және әдебиеті
Мұғалім
Есимбекова Роза Серікбаевна
Сабақ тақырыбы
Туған күн
Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс
Орыс тілі, бейнелеу өнері

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

  • Тақырыпты меңгерту, тапсырмалармен жүйелі жұмыс жасау.
  • Дауысты және дауыссыз дыбыстарды қайталау.
  • Грамматикалық тапсырмалар арқылы өтілген материалды бекіту.
  • Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау.

Дамытушылық

  • Ой-өрісін және сөздік қорын дамыту.
  • Өтілген сөздерді түрлі жағдаятта қолдана білуге дағдыландыру.
  • Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
  • Сауатты әрі таза жазуға баулу.

Тәрбиелік

  • Әдептілікке және мәдениеттілікке тәрбиелеу.
  • Достық, сыйластық, адалдық туралы түсінігін тереңдету.

Көрнекілік және әдіс-тәсілдер

Көрнекіліктер

  • Қима қағаздар
  • Интербелсенді тақта
  • Суреттер, слайдтар
  • Мәтіндер

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Ойландыру
  • Жаздыру
  • Сөйлесу
  • Суретпен жұмыс

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару.

Жетелеуші сұрақтар

  1. Қазір қай мезгіл?
  2. Көктемде ауа райы қандай болады?
  3. Көктем айларын атаңдар.
  4. Бүгін қай күн?
  5. Бүгін сыныпта екі мереке бар. Ол қандай мерекелер?

Сыныптық жағдаят

Асқар мен Аланның туған күніне орай барлық оқушы бірігіп құттықтайды.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Тақырып: достық туралы мақал-мәтел жаттау.

Оқушылар мақалдарды кезекпен айтып, мағынасын қысқаша түсіндіреді.

III. Жаңа сабақ

Топтық жұмыс форматы

Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топқа А4 ақ парақ және түймедақтың жапырақшалары беріледі. Әр тапсырма орындалған сайын жапырақша жапсырылады. Сабақ соңында дайын гүл туған күн иелеріне сыйға тартылады.

1) Грамматика: қазақ тіліне тән дыбыстар

Сұрақ: «Досыңа не сыйлайсың?» Оқушылар қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздерді қолданып жауап береді.

Мысалдар: әтір, әшекей, гүл, қуыршақ және т.б.

2) Мәтінмен жұмыс және постер

Мәтінді оқу, аудару, сұрақтар құрастыру және оларды «сандықшаға» салу.

Топтық тапсырма

Әр топқа: «Мен не сыйлаймын?» тақырыбы беріледі. Оқушылар постерге сыйлықтардың түрлерін салып, өз жұмыстарын ауызша қорғайды.

3) Жазылым: сөйлемдерді аяқтау

  • Мен досыма сыйлық сыйлай…
  • Сен досыңа сыйлық сыйлай…
  • Сіз досыңызға сыйлық сыйлай…
  • Ол досына сыйлық сыйлай…

4) Айтылым: «Өзім туралы» шағын әңгіме

Оқушылар сұрақтарға сүйеніп қысқаша әңгіме құрайды: аты-жөні, туған күні, қандай сыйлық алғанды ұнататыны.

IV. Сабақты бекіту

Оқушылар өздері құрастырған сөйлемдер арқылы құттықтау және тілек айтады. Мұғалім сөйлемдердің дұрыс құрылуын қадағалайды.

Үлгі тілектер

  1. Алан, туған күніңмен құттықтаймын!
  2. Асқар, туған күніңмен!
  3. Саған денсаулық тілеймін!
  4. Сабақты «4–5»-ке оқы!
  5. Достарың көп болсын!

Оқушылар сабақ барысында жасаған жұмыстарын (түймедақ-гүлді) туған күн иелеріне сыйлап, сынып болып құттықтайды. Туған күн иелері ризашылығын білдіріп, алғыс айтады.

V. Үй тапсырмасы

Досыңның туған күніне ашықхат жаса. Ашықхатқа тілектер жаз.

VI. Бағалау

Оқушылардың топтық жұмысқа қатысуы, мәтінмен жұмыс сапасы, грамматикалық тапсырмаларды орындауы және ауызша сөйлеуі бойынша бағаланады.