Жаңылтпашты оқы

Сабақ туралы мәлімет

Сынып

1-сынып

Тақырып

Мен және табиғат. «Ғ» дыбысы мен әрпі

Оқу мақсаттары

  • 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
  • 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту
  • 1.9 Сөздер мен дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сай дұрыс айту

Сабақ мақсаттары

Барлығы

Жаңа білімді меңгереді.

Көбі

Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі

Алған білімін өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

  • Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
  • Нақты сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсете алады.

Тілдік құзыреттілік

«Ғ» дыбысы мен әрпі.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба, таныстырылым.

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Шаттық шеңбері

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Көзді салып қараңыз,

Былай қанат қағамыз.

Б. Бөрібаев

Мұғалімнің сөзі: Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезінейік. Бұл — қандай тамаша сезім, қандай қуаныш!

Сабақтың ортасы

№1

Оқылым

Мәтінді мәнерлеп оқу, негізгі ойды түсіну.

№2

Артығын тап

Берілген сөздер арасынан сәйкес келмейтінін анықтау.

№3

Жаңылтпаш

Жаңылтпашты дұрыс, анық және жылдам айтуға жаттығу.

Жаңылтпаш

Торғай торғайды ұнатады,

Тоғай торғайды ұнатады.

Тапсырма: жаңылтпашты жатқа айт.

Сергіту сәті

Тереңдет ойыңды,

Тік ұста бойыңды.

Құстарға ұқсайық,

Қалықтап ұшайық.

Шық алға оң қанат,

Шық алға сол қанат,

Шаршаған кездерде

Қонайық жорғалап.

Б. Бөрібаев

Қызықты тапсырма

Ойын элементтері арқылы «Ғ» дыбысы бар сөздерді табу және дұрыс айту.

Сабақтың аяқталуы

№4

Сурет бойынша әңгімеле

  • Бір-біріңе сұрақ қойыңдар.
  • Дұрыс жауап беруге тырысыңдар.
  • Бір-біріңнің ойын құрметтеңдер.

Сабақтың соңы

Рефлексия

Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап, бір-біріне көңіл-күйлерін айтады: қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы.

Бағалау және қолдау

  • Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін бақылау арқылы тексеру.
  • Қажет оқушыларға қосымша қолдау көрсету.
  • Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталайды және тапсырманы кеңейтіп орындайды.

Құжаттың толық нұсқасын жүктеу.