Көркем шығарманы оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Әдістемелік тақырып
Көркем шығарманы оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Мақсаты
Оқушылардың көркем шығарма оқуға қызығушылығын арттыра отырып, олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін ұштау; тіл байлығын кеңейту; сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; қарым-қатынас этикасын жетілдіру.
Міндеттері
-
Оқушылардың көркем шығарманы оқуға деген ынтасын ояту, жоғары эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастыру.
-
Сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, танып, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.
-
Ойды сауатты ауызша және жазбаша жеткізе білуге үйрету; байланыстырып сөйлеу мәдениетін қалыптастыру және дамыту; өзіндік ой-пікірін дәйекті әрі жүйелі айтуға баулу.
Өзектілігі
Негізгі ой
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев ел халқына Жолдауында:
«Қазақтың ел болуы, ұлт тағдыры – оның келешек мектебінің қалай құрылуына тіреледі».
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру мен тәрбие дарыту — әрбір ұстаздың басты міндеті. Білімнің іргетасы мектепте қаланатындықтан, оқушының тұлғалық әлеуетін дамыту және шығармашылық мүмкіндіктерін жетілдіру шешуші рөл атқарады.
Демек, қазіргі ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен мақсат — өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін әрі жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу.
Ұстаздың кәсіби ұстанымы
Бұл мақсатқа жету үшін мұғалім терең білімді, әдістемелік тұрғыдан толық қаруланған және мәдени деңгейі жоғары болуы тиіс. Өйткені әрбір пән мұғалімі оқушылардың оқуға деген ынтасын оятып, олардың қабілеттерінің дамуына жол ашады.
Оқу үдерісін ұйымдастыру қағидаттары
-
Алғашқы сабақтан бастап әр оқушының жеке ерекшелігін ескеру.
-
Оқушының ынтасы мен бейімділігін жүйелі бақылап, қолдау көрсету.
-
Оқу мен еңбекке ұқыптылығын қалыптастыра отырып, талап қою мен қамқорлықты тең ұстау.
-
Жеке мүмкіндіктерін ашуға бағытталған оқу үдерісін мақсатты түрде құру.