Қоян мәтінін іштей оқып шығу
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пән / Сынып
Ана тілі, 1-сынып
Тақырып
«Қоян», 20-жаттығу
Жалпы мақсат
- Мәтінді оқи отырып, мазмұнын түсіну.
- Дауысты дыбыстар туралы білімді кеңейту.
- Бірлесіп жұмыс жасау арқылы бір-бірін бағалауға үйрету.
Күтілетін нәтиже
Мәтінді түсініп оқып, қоян туралы айтып бере алады.
Дауысты дыбыстарды ажырата алады.
Топта және жұпта жұмыс істеп, өзара бағалауды меңгереді.
Әдіс-тәсілдер, ресурстар және бағалау
Әдіс-тәсілдер
- «Галереяға саяхат»
- Топтық және жұптық жұмыс
- «Сиқырлы таяқша»
Көрнекіліктер
- Суреттер
- Видео-слайд
Құрал-жабдықтар
- Плакат
- Маркер
- Түрлі-түсті стикерлер
Бағалау түрлері
Сабақ барысы (қадам-қадамымен)
I. Психологиялық дайындық
Жылы атмосфераШаттық шеңбері
Күлімдеп күн бүгін
Қарады саған да,
Күлімдеп күн бүгін
Қарады маған да.
Шуақты көктем нұр төгіп,
Көңілді кетті көтеріп.
Сәлемдесу
Сәлеметсіз бе, күн!
Сәлеметсіз бе, жер!
Сәлеметсіз бе, сіз!
Сәлеметпіз біз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Оқушыларға жағымды ахуал қалыптастыру: түстерді таңдау арқылы топқа бөлінеді.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Қайталау- «Саққұлақ» өлеңін жатқа айту.
- «Шопан еңбегі» тақырыбында сурет салу.
- Жұмыстарды «Галереяға саяхат» тәсілімен таныстыру.
III. Үй тапсырмасын қорытындылау
Сұрақ-жауап«Ұяшық таңдау» тапсырмасы
I топ
Алфавитте неше әріп бар?
II топ
Әріп дегеніміз не?
III топ
Дыбыс дегеніміз не?
IV топ
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Әр топта талқыланып, әр топтан бір оқушы шығып жауап береді. Өзара бағалау смайликтер арқылы жүргізіледі.
IV. Жаңа сабақ
«Қоян»1) Суретпен жұмыс
- Суретке қарап әңгіме құрастыру.
- Сөйлемдерден дауысты дыбыстарды табу.
2) Жұмбақ шешу
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады.
Жауабы: Қоян
3) «Қоян» мәтінімен жұмыс
Мәтінді іштей оқып шығу.
4) Топтық жұмыс: «Қояндар»
Оқушылар тапсырманы «қоян түсіне» қарай таңдап орындайды.
Қызыл қоян
Мәтінді дауыстап, тізбектеп оқып шығу.
Ақ қоян
Мәтіннің мазмұнын айту.
Сұр қоян
Мәтін мазмұнына сай сурет салу.
Қара қоян
Басқа аңдар туралы не білесіңдер?
Бағалау: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» тәсілі.
Сергіту сәті
Ойын: «Қоян себетіне дауысты дыбыстарды жинау» (видео-слайд арқылы).
5) Дәптермен жұмыс
Дауысты дыбыс әріптерін жатқа жазу.
6) Сөздік диктант
Алма, күйші, бұта, қанат, шыбық, құлын, ынтымақ, жұлдыз.
Тапсырма: дауысты дыбыстардың астын сыз.
7) Видео көрініс
Басқа аңдар туралы қысқаша мәлімет беру.
V. Қорытындылау
Рефлексия«Сиқырлы таяқша» арқылы сұрақтарға жауап
- Бүгінгі сабақтан не түсіндің?
- Саған не түсініксіз болды?
VI. Сабақты бағалау
БағдаршамҚызыл
Әлі де көмек қажет.
Сары
Жалпы түсіндім, бірақ сұрағым бар.
Жасыл
Тақырыпты толық түсіндім.