Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Нұр менің ішімде

Сабақ жоспары

Тақырып

Ар–ұждан — адамдық өлшемі

Сынып

11-сынып

Құндылық

Дұрыс әрекет ету

Қасиеттер

  • Адалдық
  • Адамгершілік
  • Әділ болу

Сабақтың мақсаты

«Ар–ұждан» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, оқушылардың ар мен ұждан жөніндегі ұғымын тереңдету және ар-ұждан тазалығына баулу.

Міндеттері

  • 1

    Адам өміріндегі ар мен ұжданның мәнін ашу; олардың адам өмірін реттеуші күш әрі адами асыл қасиеттердің өлшемі екенін таныту.

  • 2

    Ар тазалығына жету үшін өз әрекетін талдап, кемшілігін танып, жан сұлулығы арқылы адамдық биікке өздігінен көтерілуге баулу; өзін тәрбиелеуге ынталандыру.

  • 3

    Өмірлік әрекетіне және мінез-құлқына сараптама жасап, өзіндік бағдарын анықтай алу дағдысын қалыптастыру; жеке мүмкіндігін дамыту.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті · «Нұрға бөлену»

Дайындық

Жайлы, баяу музыка қойылады. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуды өтінемін.

Елестету

Күн нұры төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап бара жатқанын елестетіңіз. Кеудеңіздің орта тұсында гүлдің түйнегі бар. Ол нұрдың әсерімен баяу ашылады. Балғын әрі таза гүл әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілегіңізді жуып, жүрегіңіздің «қауызын» ашады.

Нұрды тарату

Нұр сәулесі бойыңызға ақырын тарай бастасын. Ол біртіндеп күшейеді. Оймен нұрды қолдарыңызға бағыттаңыз: қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашады. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер жасап, баршаға көмектеседі.

Нұр аяқтарыңызға тарасын: аяқтарыңыз сәуле шашып, сізді жақсылық жасауға бастайтын жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналады.

Нұр аузыңызға, тіліңізге тарасын: тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздерді айтады.

Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз: құлағыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді естиді.

Нұр көздеріңізге жетсін: көзіңіз тек жақсыны көріп, әр нәрседен жақсылықты аңғарады.

Басыңыз түгелдей нұрға бөленсін: санаңызға тек ізгі, сәулелі ойлар келеді.

Мейірім мен кеңістік

Нұр бірте-бірте күшейіп, денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашсын. Осы нұрды туыстарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.

Уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да нұр жіберіңіз — олардың жүрегі де нұрға толсын.

Бұл нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге, жалпы барлық тіршілік иесіне таралсын. Ғаламның түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз.

Ойша қайталау

Мен нұрлымын. Нұр менің ішімде. Мен — Нұрмын.

Осы Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде біраз отырыңыз. Енді нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз: нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Осы әсем күйді сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Үй тапсырмасын тексеру

«Ар–ұждан — адамдық өлшемі» тақырыбына ақын не жазушы ретінде өлең немесе қысқа әңгіме құрастырыңыз.

Шығармашылық жұмыс Рефлексия Ар–ұждан