Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданыБаутин ауылы Ақбота балабақшасының тәрбиешісіБасжанова Рзахан КалдыбаевнаБілім беру саласы

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин ауылы. Ақбота балабақшасының тәрбиешісі — Басжанова Рзахан Қалдыбаевна.

Сабақ туралы мәлімет

Білім беру саласы
Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Тіл дамыту
Тақырыбы
Жемістер

Мақсаты

  • Балаларды жемістердің түрлерімен таныстыру, оларды түсі, пішіні, дәмі арқылы ажыратуға үйрету.
  • Балалардың сүйіп жейтін жемістерімен жақын таныстыру, түстер туралы түсінігін бекіту.
  • Ойлау қабілетін және сөздік қорын дамыту.

Көрнекіліктер

  • Жемістердің суреті салынған картиналар
  • Жеміс түрлері (нақты үлгілер)
  • «Сиқырлы қалам»

Сөздік жұмыс

Негізгі сөз Жемістер

Шаттық шеңбер

Балалар шеңберге тұрып, қимылдарын көңілдене орындайды:

— «Сәлем», дейміз — алтын күн,

— «Сәлем», дейміз — Жер-ана,

— «Сәлем», дейміз баршаңа!

Сұрақ-жауап: жыл мезгілі

Тәрбиеші

— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

— Көктем мезгілі неше айдан тұрады?

— Көктем айларын атап беріңдерші.

Балалар

— Көктем мезгілі.

— Үш айдан тұрады.

— Наурыз, сәуір, мамыр.

Саяхат: жеміс бағы

Тәрбиеші балаларды жеміс бағына саяхатқа шақырады. Балалар баққа келіп, бағбан апаймен амандасады.

Диалог

Балалар: — Сәлеметсіз бе?

Бағбан апай: — Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қош келдіңдер. Қайдан келесіңдер?

Балалар: — Балабақшадан.

Бағбан апайдың әңгімесі

— Менің бағымда әртүрлі жемістер өседі. Мен оларды күтіп-баптаймын: күнде су құямын, түбін қопсытамын. Осындай еңбектің арқасында мол өнім аламын.

— Баққа кіру үшін сендерге бір сұрақ: жемістер қайда өседі?

Негізгі түсінік

Сұрақ

— Жемістер ағашта өсе ме, әлде жерде өсе ме?

Жауап

— Жемістер бақта, ағашта өседі.

Бағбан апай балаларды мадақтап, баққа кіргізеді. Балалар жемістердің ағашта өсетінін байқайды және ағашты күтіп-баптау керектігін түсінеді.

Тәжірибелік бөлім: жемістерді сипаттау

Балалар себетке жемістерді жинайды. Әр бала өз жинаған жемісін түрі, түсі, пішіні бойынша сипаттайды.

Түрі

Жемістің атын дұрыс атау.

Түсі

Түсін нақты айту (қызыл, жасыл, сары т.б.).

Пішіні

Домалақ, сопақ т.б. пішінін көрсету.

Саяхат аяқталады. Балалар «көлікке мініп», балабақшаға қайтады.

Ойын: «Танып ал да, дәмін ажырат»

Мақсаты

Балалар жемістердің дәмін татып, қай жеміс екенін ажыратады.

Қауіпсіздік және тазалық

Жемісті жемес бұрын міндетті түрде жақсылап жуу керек. Жуылмаған жеміс іштің ауыруына себеп болуы мүмкін.

Тәрбиеші жемістерді кесіп береді, балалар дәмін татып, өз жауаптарын айтады.

Қорытынды сұрақтар

— Біз қайда бардық?

— Қандай жемістер тердік?

Балалар сұрақтарға жауап береді, әсерлерімен бөліседі.

Күтілетін нәтиже

Біледі

Жеміс түрлерін атайды, пішінін қолмен көрсете алады.

Игерді

Жемістің қайда өсетіні туралы түсінікті меңгереді.

Меңгереді

Жемістер туралы негізгі мағлұматты толықтырады.