Әңгімеге сүйеніп Шоқанға мінездеме жазу

Сабақ туралы мәлімет

Жезқазған қаласындағы №10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Кусаинова Гаухар Алибековна өткізетін кіріктірілген сабақтың мазмұны төменде жүйеленіп берілді.

Сабақтың тақырыбы

А. Құнанбаев — «Адам болам десеңіз»

Сабақтың түрі

Кіріктірілген сабақ

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Топтастыру
  • Венн диаграммасы

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Кітаптар
  • Суреттер

Сабақтың мақсаттары

  • 1 Өлең жолдары арқылы оқушыны өзіндік ой түйіндеуге баулу.
  • 2 Өлеңдегі бес асыл қасиетті түсіндіру: талап, терең ой, қанағат, рақым (және солардың мәнін ашу).
  • 3 Өлеңдегі бес дұшпан ұғымын ұғындыру: өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, мал шашпақ. Бірлесіп жұмыс істеу арқылы өз пікірін айтуға, өзгені тыңдауға, ойын дәлелдеуге үйрету.
  • 4 Жақсы қасиеттерді бойға сіңіруге тәрбиелеу және жаман қасиеттерден аулақ болуға бағыттау.

Сабақтың барысы

1) Үй тапсырмасын тексеру және бағалау

Үй тапсырмасы сұралып, оқушылардың жауаптары бағаланады. Бұл кезеңде С. Бегалин шығармасына қатысты сұрақтар арқылы топтастыру стратегиясы іске асырылады.

Талқылау сұрақтары (Шоқан туралы)

  • Шоқан қай тілде оқи бастады?
  • Оқыған қисса-әңгімелерін Шоқан не істейтін еді, оны кімнен үйренді?
  • Әкесі алдымен қай тілді дұрыс меңгерсін деді?
  • Ол кісі Орынбордан кімді, не үшін көшіріп әкелді?
  • Шоқан әжесіне қандай қисса оқыды?
  • Әжесі немересіне қандай әңгіме айтып берді?

Ескерту: Шоқанның шын аты — Мұхаммедханафия. Әжесі — Айғаным.

Тапсырма

Әңгімеге сүйеніп, Шоқанға мінездеме жазыңдар.

2) Ой қозғау: Абай туралы білімді өзектендіру

  • Абай кім?
  • Қай жерде дүниеге келген?
  • Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?

Мұғалім Абай туралы қысқаша мағлұмат беріп, интерактивті тақтада топтастыру әдісімен негізгі ұғымдарды жинақтайды.

3) Жаңа сабақ: «Адам болам десеңіз»

Бұл өлең оқушыларға таныс. Сыныптан өлеңді жатқа айтатын оқушылар тыңдалып, кейін мәтінмен жұмыс жалғасады.

Өлеңмен жұмыс

  1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
  2. Нақыл сөздердің мағынасын түсіндіру.

Орталықтарға бөлу

  • I орталық: Оқу орталығы
  • II орталық: Жазу орталығы
  • III орталық: Шығармашылық орталық

Орталықтар бойынша тапсырмалар

I орталық

Өлеңді мәнерлеп оқу.

II орталық

«Бес асыл іс» пен «бес дұшпанды» санамалап жазу.

III орталық

Шығармашылық тапсырмалар арқылы негізгі ойды бекіту.

4) Қосымша ақпарат: Абай мұрасын насихаттау

  • Интерактивті тақтада Абай ескерткіштері көрсетіледі: Алматы, Семей, Өскемен.
  • Жидебайда жыл сайын мектеп оқушылары арасында Абай мен Шәкәрім өлеңдерін жатқа оқу сайысы өткізіледі (биыл — 10 жыл).
  • «Өлең сөздің патшасы» номинациясы бойынша Бас жүлде иегері: Би ата ауылы, Шәкәрім орта мектебінің 9-сынып оқушысы Сейтқазы Айдана. Ол Абайдың 230 шығармасын, Шәкәрімнің 190 шығармасын жатқа біледі.
  • Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағы 1909 жылы жарық көрген.

5) Қорытындылау және бекіту

Венн диаграммасы

I және III орталық оқушылары Венн диаграммасын толтырады: адам бойындағы қасиеттерді жағымды және жағымсыз деп салыстырады.

Шығарма жұмысы

II орталық тақырып бойынша эссе жазады: «Мен қалай жақсы адам боламын?»

Абай атамыз: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» — дейді.

  • Ыстық қайрат — еңбекке ұмтылу: көп еңбектенген адамның қайраты артады.
  • Нұрлы ақыл — білім мен парасат: өз ақылыңның нұрынан өзгелер де шуақ алатындай болу.
  • Жылы жүрек — мейірім мен қайырымдылық.

Осы қасиеттерді бойымызға сіңіре білсек, жақсы адам болуға бір қадам жақындаймыз.

6) Бағалау және үй тапсырмасы

Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен топтық жұмыстағы белсенділігі негізге алынып бағаланады.

Үйге тапсырма

  • Ұнаған өлең шумақтарын жаттау.
  • Мақал-мәтел жазып келу.

Сабақ соңында «Желсіз түнде жарық-ай» әнімен қорытынды жасалады.