Өмір - бақыт, баянды ете біл
Тақырып
Өмір, қымбатсың маған!
Бұл мәтіннің өзегі — өмірдің құндылығын терең сезіну, әр күннің мағынасын ұғынып, адамдық қасиетті сақтап, жауапкершілікпен өмір сүруге ұмтылу.
Мақсаты
Оқушылардың өмір құндылығы туралы түсінігін тереңдету.
Көрнекіліктер
Суреттер, слайдтар.
Міндеттері
- Өмір құндылығы туралы білімді тереңдету.
- Өмірге құштарлықты, жігерді дамыту.
- Өмірдің мәнін түсінуге, саналы таңдауға тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері: «Өмір жыры»
Ойға түрткі өлең1-бөлім
Өмір деген ойын да емес, той да емес, Басқалардан биік тұрар бой да емес. Өмір деген шахмат емес шатасқан, Өмір деген ұта қояр дойбы емес.
Қайырмасы
Өмір — қатаң емтихан, Өтпейтіндер құлайды. Қадіріне жетпейтіндер Өмір бойы жылайды.
2-бөлім
Өмір оны келе жатыр дәлелдеп, Өмір деген — еңбек, еңбек және еңбек. Өмір деген бақыттың да құсы емес, Қарап жатсаң, қона қалар саған кеп.
Сұрақ-жауап
- Өмір дегенді қалай түсінесіңдер?
- «Өмір» сөзін тағы қалай айтуға болады? (тағдыр, тіршілік, махаббат)
«Сәттілік сәті»
Бір-біріне жүрекжарды тілек айтып, жүрекшелер сыйлау арқылы жылы қарым-қатынасты күшейту ұсынылады.
Ниет
Ізгі сөз айтуға дағдылану.
Қолдау
Бір-бірін құрметтеу, сенім білдіру.
Жылулық
Ортада мейірім атмосферасын қалыптастыру.
Ойды тиянақтау: адам қандай жолмен кемелденеді?
Адам өмір бойы өзін-өзі тануға, құндылықтарды пайымдауға, жақсы қасиеттерді бойына дарытуға талпынады. Осы үдеріс оны кемелдікке жетелейді.
Халқымыз: «Жақсының жақсылығын айт — нұры тасысын, жаманның жамандығын айт — құты қашсын» дейді.
Адам жақсы мен жаманды ажыратып, жаманнан бойын аулақ ұстап, ізгілікті мінезді қалыптастырғанда ғана өмірлік бағытын дұрыс айқындай алады.
Тапсырма: өмір туралы толғаныс
Оқушылар екі топқа бөлініп, төмендегі үзінділерді оқиды. Топ ішінде талқылап, негізгі ойды анықтап, өз пікірін мысалмен дәлелдейді.
І. Есенберлин
Өмір жолы көшкен керуен соқпағы тәрізді. Оның бұлтарысы да, жазығы да көп. Асуы қиын асқарымен қатар, төмен қарай құлдырап өтер ылдиы да болады. Керуен жолы кейде ұзақ, кейде қысқа келеді. Бірақ қауіп-қатерсіз, қиындықсыз болмайды. Ойламаған жерден жел тұрып, сұрапыл дауыл соғады, қалың жауын нөсерлей құйып, бұрын суы толарсақтан келер тайыз жыра кенет сарылдай аққан, өткел бермес долы өзенге айналып, көшті бөгейді. Мұндай бөгеттен тек шаршамайтын, талмайтын керуен ғана өте алады. Тоқтамай көшіп, өзінің деген жеріне жетеді.
Б. Бұлқышев
Міне, мен кішкене өмірімді тағы бір тексеріп, әр күнімнің ізіне түсіп отырмын: алыстан бастап дәл бүгінгі күнге жеттім. Көз алдымнан өзіме сонша таныс жиырма жылдық өмірім өтті. Біріне бірі жалғасып, біріне бірі айқасып жатқан әдемі шақтар, қымбат күндер жүрегіңді жүз бұрап, сол күйінде қайтадан есіңе түседі. Бір тізбегі — сегіз жылдық бақытты шағың, бала кезің; одан соң оқумен өткен он жылың; одан кейін — армия, майдан. Шынын айтқанда, менің өмірім — қазақтың жас жігітінің өмірі жаңа ғана басталды. Міне, тап бүгінгі түнде, таңертеңгі ұрыс алдында, туған еліме және барлық адамзатқа: «Мен өмірден алатын еншімді алғаным жоқ әлі, мен өмірімді қатты сүйемін, менің өмір сүргім келеді!» — деп бар даусыммен айқайлағым келеді.
Әңгімелесу
Өмір тек бақытты сәттерден ғана тұра ма? Қиындықтың, күрестің, таңдаудың өмірдегі орны қандай?
Дәйексөз: «Адам боп оңай туғанмен, адам боп қалу көп қиын».
- «Елім үшін жаным құрбан» деген нақылды қалай түсінесіңдер?
- Бейбіт заманда елі үшін еңбек етіп, жанын аямаған қандай ерлерді білесіңдер?
Қорытынды: өмірді қалай мәнді етеміз?
Төмендегі тұжырымдар — өмірге сергек қарауға, мүмкіндікті бағалауға, жауапкершілікпен әрекет етуге шақырады.
Ең бастысы
Жүрегің таза болсын.
Өмір — мүмкіндік
Пайдалана біл.
Өмір — сұлулық
Сүйсіне біл.
Өмір — арман
Жүзеге асыр.
Өмір — парыз
Орындай біл.
Өмір — күрес
Жеңе біл.
Өмір — байлық
Бағалай біл.
Өмір — махаббат
Ләззат ала біл.
Өмір — құпия
Сырын аш.
Өмір — қайғы
Көтере біл.
Өмір — ойын
Ойнай біл.
Өмір — бақыт
Баянды ете біл.
Өмірді аяла: өзіңе сен
Өзіңе сен, өз күшіңе сен, Қос қолыңмен істелген ісіңе сен. Алысың да сыйлайды, жақының да, Өзіңді өзің төменге түсірмесең. Өз қайығың бар болса, өз ескегің, Өмірде мен сені осал дер ме едім? Қимылдай бер, тарта бер ескегіңді — Алдыңда жап-жарық келешегің. Қозғалмасаң, тоңазыp көлеңкең де, Ескегіңді ес, бір мезет тоқтай көрме. Өз қайығың болғаны қандай жақсы, Қашан, қайда барсаң да — өз еркіңде. Өкінсең де өткенің оралмайды, Өшкен отың қайтадан жана алмайды. Сен жасаған қателікті бір досың да Бөліп-жарып өзіне ала алмайды.