Жазған сөздеріңнің басқы әріптерінен синоним деген сөз шықсын
Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Уткельбаева Айгуль Макажановна
Сабақ тақырыбы
Лексикадан өткенді қайталау
Білімділік
Алдыңғы сабақта алған мәліметтерді тереңдету, есте қалғандарын нақтылау, білімді жетілдірудегі негізгі қағидаларды берік меңгерту.
Дамытушылық
Оқушылардың қазақ тілінен ойлау қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік
Алған білімге жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу.
Сабақ сипаттамасы
- Сабақ түрі
- Білімді қорыту және жүйелеу
- Өту әдістері
- Сұрақ-жауап, тілдік талдау, жаттығу, топтастыру
Көрнекіліктер
- Үлестірме парақшалар
- Интерактивті тақта
- Бағалау жетондары
- Тірек сызбалар
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгелдеу
- Оқу құралдарын тексеру
II. Үй тапсырмасын тексеру
- 201-жаттығу
- Термин сөздер туралы түсінік
III. Қайталау сабағы
Қайталау – оқу анасы. Бұл бөлімде оқушылар лексика тарауы бойынша негізгі ұғымдарды еске түсіріп, дәлелдейді, мысалдармен нақтылайды және топтық тапсырмалар арқылы бекітеді.
I. Сауаттылық сатысы (сұрақ-жауап)
- 1.«Лексика» сөзі қандай ұғым береді?
- 2.Лексика дегеніміз не?
- 3.Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?
- 4.Сөздің ауыспалы мағынасы дегеніміз не?
- 5.Сөздің көп мағыналылығы дегеніміз не? Мысал келтір.
- 6.Омоним дегеніміз не? Мысал келтір.
- 7.Синоним дегеніміз не? Мысал келтір.
- 8.Антоним дегеніміз не? Мысал келтір.
- 9.Тұрақты тіркестер дегеніміз не?
- 10.Көнерген сөздер дегеніміз не?
Топтық жұмыс: жаттығулар
I топ
209-жаттығу
II топ
210-жаттығу
III топ
211-жаттығу
Ізденген жетер мұратқа
Тапсырмалар оқушылардың сөз мағынасы мен сөздер арасындағы қатынасты ажыратуына бағытталған.
1-тапсырма (I топ)
Берілген сөздерге синонимдер табыңдар. Жазған сөздеріңнің алғашқы әріптерінен «синоним» сөзі шықсын.
2-тапсырма (II топ)
Антонимін тауып жазыңдар:
3-тапсырма (III топ)
Берілген сөздерді қатыстырып, омонимдермен сөйлемдер құраңдар:
- жаз
- арық
- түс
- жақ
III. «Білімдіден ақыл шығар»
1) Мақал-мәтелдің жалғасын тап
- 1.Балапан ұяда не көрсе, …
- 2.Жүйелі сөз — жүйесін табар, …
- 3.Ұлдың ұяты — әкеге, …
2) Тұрақты тіркестің мағынасын анықта
| № | Тұрақты тіркес | Мағынасы | Сұрағы |
|---|---|---|---|
| 1 | Ит арқасы қиянда | ||
| 2 | Қас пен көздің арасында | ||
| 3 | Тепсе темір үзеді | ||
| 4 | Ас қайырды | ||
| 5 | Бармағын тістеді |
3) Термин сөздер (пәндер бойынша)
Әр пәнге байланысты термин сөздерді жазыңдар:
Әдебиет
Математика
Тарих
География
Қазақ тілі
Ой қозғау
Сағат тілі бағытымен орналасқан әріптер мен буындардан тұратын жиырма шағын дөңгелек беріледі. Бірінші дөңгелекті тауып, сағат тілі бағытымен бірдей аралықпен дөңгелектерді тастай отырып оқығанда, Абайдың атақты қанатты сөзі шығады.
Нұсқау:
- Алғашқы дөңгелекті анықта
- Оқу бағытын сақта (сағат тілімен)
- Бірдей қадаммен таңдап оқу арқылы сөйлемді құрастыр
Сабақты қорытындылау
Сабақ соңында топтастыру стратегиясы арқылы негізгі ұғымдар жүйеленіп, қорытынды жасалады.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар лексикалық ұғымдарды ажыратып, дәлелмен мысал келтіреді.
Рефлексия
Тапсырмалар бойынша қиындықтар мен табыстар талқыланады.
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы сабақ соңында оқушылардың дайындық деңгейіне сай беріледі (топтастыру стратегиясы нәтижесіне сүйене отырып).