Көкек қандай құс

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән

Ана тілі (1-сынып)

Тақырып

«Сауысқан мен көкек» ертегісі

Сабақ түрі

Дамытпалы сабақ

Сабақ типі

Жаңа білімді меңгерту

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, өмірмен және табиғатпен байланыс

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

  • Ертегідегі негізгі оқиғаны және идеясын ұғындыру.
  • Құстар туралы білімдерін кеңейту.
  • Заттың атын білдіретін сөздер (кім? не?) туралы білімін жетілдіру.
  • «Ой қозғау» стратегиясы арқылы сұрақ қою, жан-жақты ойлауға үйрету.

Дамытушылық

  • Сын тұрғысынан ойлау мен «болжау» стратегиясын қолдануға дағдыландыру.
  • Дәлелді сөйлеуге, пікірталас жүргізуге үйрету.
  • Есте сақтау және танымдық қабілеттерін дамыту.
  • Сөйлеу мәдениетін, оқу және жазу дағдыларын арттыру.

Тәрбиелік

Оқушыларды жаман әдеттерден (еріншектік, жалқаулық) аулақ болып, керісінше еңбекқор, іскер, тиянақты, мейірімді болуға тәрбиелеу.

Негізгі ой

Жалқау болмай, еңбекшіл болу керек.

Әдіс-тәсілдер және көрнекіліктер

Оқытудың әдіс-тәсілдері

сұрақ-жауап панорамалық әңгімелеу дискуссия ассоциациялық әдіс жазбаша жұмыс ауызша жұмыс ойын көрнекілік диалог өзіндік жұмыс топпен жұмыс

Көрнекіліктер мен материалдар

  • Интерактивті тақта.
  • «Ауыл көрінісі» плакаты.
  • Дидактикалық материалдар: құстар, ұялар, жемсауыт, талдар.
  • Кестелер: «Ой қозғау», «Ассоциациялық аймақ».
  • Құстар атрибуттары: қаз, тауық, сауысқан.
  • Тест тапсырмалары.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)

Музыка қосылып, «Көктем» әні орындалады. Оқушылардың назарын сабаққа аудару және жағымды көңіл күй қалыптастыру көзделеді.

II. Өткен сабақты пысықтау (10 минут)

Алдыңғы сабақтарда көктем және құстар туралы әңгімелесіп, өлеңдер оқыдық. Көктем келісімен құстар да оралады. Оларға қандай көмек көрсете аламыз? (ұя ілу, жем беру)

Ойын: «Құстарға көмектесе аламыз ба?»

  1. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.
  2. Төрт түлік туралы мақал-мәтел айт.
  3. Әдептілік туралы мақал-мәтел айт.
  4. Тоқылдақ қандай құс?
  5. «Торғай» өлеңін жатқа айт.
  6. Төрт түлік туралы жаңылтпаш айт.

III. Жаңа сабақты таныстыру (3 минут)

Сынып 3 топқа бөлінеді. Әр топ тапсырма орындап, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды.

1-топ: Ұйқасты тап

Ала қанат — сауысқан

Өлексе жеп — тауысқан

2-топ: Жұмбақты шеш

Қайталап атымды

Ән салып аламын.

Кез келген ұяға

Жұмыртқа саламын.

Жауабы: көкек

3-топ: Ассоциациялық аймақ

Сауысқан — құс, қара-ала түсті.

Көкек — құс, сұр түсті.

Отырықшы құс

сауысқан

Жыл құсы

көкек

Бүгінгі тақырып

«Сауысқан мен көкек» ертегісі

IV. Жаңа сабақты түсіндіру (20 минут)

а) Оқулықпен жұмыс

Ертегі мәтіні тізбектей оқытылады.

ә) Интерактивті тақтамен жұмыс

Ертегі мазмұнына сай суреттер көрсетіліп, оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойылады.

  • Сауысқан мен көкек не туралы әңгімелесіп отыр?
  • Көкектің қандай ойы болды?
  • Сауысқан ұяны қалай салды?
  • Сауысқан қандай құс? Көкек қандай құс?

б) Ой қорыту

Ертегіден түйетін ой: жалқау болмай, еңбекқор әрі іскер болу.

в) Ой толғаныс (сын тұрғысынан ойлау)

I топ: Дискуссия

Сауысқанға мінездеме беріңдер. Сауысқанға ұқсағыларың келе ме? Неліктен?

II топ: Пікір

Сендерге көкек ұнай ма? Неліктен ұнамайды?

III топ: Ситуация

Егер көкектің орнында болсаңдар, не істер едіңдер?

Сергіту сәті

«Көкек» әні орындалады.

г) Дәптермен жұмыс

88-жаттығу «Мектеп ауласына тал отырғызайық» ойыны арқылы орындалады. Оқушылар «Кім? Не?» сұрақтарына жауап беретін сөздерді ажыратады.

Кім? Не?
Егінші Соқа
Бақташы Трактор
Сауыншы Сиыр
Ұста Тырма

V. Бекіту

1) Көрініс (3 минут)

«Құстардың айтысы» көрінісі (дүниетанумен байланыс): қаз, тауық, сауысқан.

Қайталау сұрақтары

  • Сабақ ұнады ма? Ертегі ұнады ма?
  • Сауысқан қандай құс? Көкек қандай құс?
  • Құстардың қандай пайдасы бар?

2) Тест тапсырмалары (9 минут)

№1. Сөйлем неден құралады?

  • A) сөзден
  • Ә) әріптен
  • Б) дыбыстан

№2. «Жолбарыс» сөзінде неше буын бар?

  • A) 3
  • Ә) 2
  • Б) 4

№3. Жуан дауыстылар қатарын белгіле.

  • A) а, ә, ы, у
  • Ә) а, е, о, у, ы
  • Б) а, о, ы, ұ

№4. Тасымалдауға болмайтын сөздер қатарын тап.

  • A) аю, ою, ұя
  • Ә) астық, арқа, тауық
  • Б) ер, шығыс, алтын

VI. Үй тапсырмасы (2 минут)

  • 87-жаттығу: «Кім?» сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазу.
  • Ертегіні рөлге бөліп оқып келу.

VII. Бағалау (2 минут)

Оқушылардың білім деңгейі сараланып, жұмыс түрлеріне қарай әділ бағаланады.