Мектеп түлектерімен кездесу кеші

Салтанатты кездесу кешінің сценарийі

Мектеп түлектерімен кездесу кеші

Осыдан 10 жыл, 20 жыл, 30 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер туған ұя мектебімен қайта қауышпақ. Бұл күн — мектеп тарихында да, түлектер жадында да мәңгі сақталатын ерекше сәт.

Жүргізушінің құттықтау сөзі

Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, ардақты ата-аналар, аяулы оқушылар!

Өзіңменен өлшеулі нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа,
Қош келдің, айналайын, халқым менің!

Өлшеуі — ар-намыс пен нарқымыздың,
Қорғаны — адамдық пен салтымыздың.
Армысыңдар, аяулы ұстаздарым,
Сенері сендерсіңдер халқымыздың.

Өмір берер ертеңгі бағаларын,
Ұядан ұшпақ бүгін балаларың.
Халқыма ұрпақ берген, өмір берген,
Қош келдің, әкелер мен аналарым!

Президиум мүшелерін шақыру

Бүгінгі салтанатты жиынның президиум мүшелерін өз орындарына шақырамыз:

  • 1

    Аудан әкімі

    аты-жөні көрсетіледі

  • 2

    Ауыл әкімі

    аты-жөні көрсетіледі

  • 3

    Мектеп директоры

    аты-жөні көрсетіледі

  • 4

    Ақсақалдар кеңесінің төрағасы

    аты-жөні көрсетіледі

  • 5

    Ардагер ұстаздар

    қатысушылар тізімі көрсетіледі

  • 6

    30 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер

  • 7

    20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер

  • 8

    10 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер

Түлектерді қарсы алу

Ұрпағың мақтануға болса лайық —
Біз бүгін мақтанайық, жар салайық!
Кездесуге келген бүгін түлектерді
Құрметпен қол соғып қарсы алайық!

Шақыру

Осыдан 10 жыл бұрын2004 жылы мектебімізді тәмамдаған түлектерді ортаға шақырамыз.

Музыкалық сүйемелдеу

Музыка: «Армандастар»

Сынып жетекшісі
Қашқынбаева Бақыткүл
Алғашқы ұстазы
Мақашева Мәрия