Ашық сабақтың тақырыбы
Ашық сабақ тақырыбы
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының шешуші шайқастарына қатысуы.
Сабақтың мақсаттары
- Ұлы Отан соғысының себеп-салдарын, барысын, кеңістігін, уақытын және нәтижесін анықтау.
- Қазақстандықтардың соғыстың басты шайқастарына қатысуы және ерліктері туралы оқушыларға мағлұмат беру.
- Оқушылардың белсенділігін арттыру, тарих пәніне қызықтыру, білімдерін жетілдіру, ойлау және сөйлеу дағдыларын дамыту.
- Тарихи санасы қалыптасқан, соғыс атаулыға жаны қас, ержүрек, Отанын шексіз сүйетін, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың форматы мен ресурстары
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Әдісі
Интерактивті.
Көрнекілік құралдары
Карта, слайдтар, флипчарт, суреттер, карточкалар.
Сабақтың жоспары
- I. Ұйымдастыру кезеңі
- II. Үй тапсырмасын сұрау
- III. Жаңа сабақты түсіндіру
- IV. Сабақты бекіту
- V. Бағалау және үй тапсырмасы
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі (1 минут)
- Оқушылармен амандасу, түгендеу және зейіндерін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын сұрау (7 минут)
Әдіс: «Футбол ойыны». Мұғалім қағазға жазылған сұрақты бір оқушының алдына тастайды. Оқушы сұрақты жылдам ашып оқып, білсе жауап береді, білмесе келесі оқушыға лақтырады.
Сұрақтар
- Ұлы Отан соғысы қашан басталды?
- А. Гитлердің соғыс қарсаңындағы жоспарының атауы қандай? Бұл жоспар бойынша КСРО қандай аймақтарға бөлініп, жаулап алынбақ болды?
- Бұл жоспар бойынша Қазақстан қай бөлікте қарастырылды? Қазақстаннан басқа қандай мемлекеттер аталды?
- Қазақстанға қандай оқу орындары көшіріліп әкелінді және онда қанша офицер даярланып шығарылды?
- Қандай зауыттар мен фабрикалар Қазақстанға көшірілді? Қай зауыт қай зауыттың орнына ауыстырылды?
III. Жаңа сабақтың жоспары
- 1. Қазақстандықтар Мәскеу үшін шайқаста.
- 2. Қазақстандықтар Ленинград үшін ұрыстарда.
- 3. Қазақстан — Сталинград майданының жақын тылы.
Жаңа сабақты түсіндіру
Қолданылатын материал
9-сыныпқа арналған электрондық оқулық және слайдтар.
Негізгі дерек
Соғыстың алғашқы кезеңінде Қазақ КСР-інде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, сондай-ақ 7 бригада құрылып, майданға аттандырылды.
Брест қамалын қорғаған қазақстандықтар
Брест қамалын қорғаушылар қатарында қазақстандық жауынгерлер де болды: Ш. Шолтыров, А. Наганов, В. Фурсов, Қ. Тұрдиев.
Ерлік үлгісі
Дивизия комиссары, Оңтүстік-Батыс майдан Әскери кеңесінің мүшесі Е. П. Рыков басқарған 800 жауынгер 1941 жылғы 20 қыркүйекте неміс басқыншыларымен үш күн бойы ұрысып, жауынгерлердің басым бөлігі қаза тапты.