Ана тілі мен өзге тілдерді құрмет тұтуға, достыққа тәрбиелеу

Тақырыбы

Knowing the world through the languages

Мақсаты

  • Оқушылардың ағылшын тіліне қызығушылығын оятып, тіл үйренуге ынталандыру.
  • Сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.
  • Ана тілі мен өзге тілдерді құрметтеуге, достыққа тәрбиелеу.
  • Елбасының «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау.

Кештің ашылуы

1-жүргізуші

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі “Knowing the world through the languages” атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші

Good afternoon, dear guests, teachers, and pupils! Good afternoon to everybody who has come to our party. We are very glad to see you here. Today is the Day of Languages.

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

Today we have guests. We hope this event will be interesting for you.

Тілдер күні туралы

22 қыркүйек күні елімізде Тілдер мерекесі аталып өтеді. 1998 жылы 20 қаңтарда Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Республика халықтарының ұлттық байлығы — тілді қорғау мақсатында 22 қыркүйекті Қазақстан халықтарының тілдері күні деп жариялаған еді.

Every year, on the twenty-second of September, our country celebrates the Day of Languages. We are encouraged to know three languages: Kazakh, Russian, and English—because knowledge of languages is our treasure.

Кештің басталуы

1-сынып оқушыларының орындауындағы “ABC Song”.

Ана тілі туралы ой

Туған тілім — тірлігімнің айғағы,

Тілім барда ашылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

Тұманбай Молдағалиев

Келесі нөмір

1 «Б» сыныбы — “Bingo” әні.

Ағылшын тілін енді үйреніп жатқан оқушылар орындайды.

Ортақ үйіміз

Kazakhstan is our common home. Alongside Kazakh and Russian people, Kazakhstan is home to representatives of about 130 ethnic groups.

Өлеңдер мен әндер шеруі

3-сынып: өлеңдер

Sayat

I like to read, I like to play.
I like to study every day.
I like to jump, I like to run.
I like to play—it’s very fun!

Mansur

I can read, I can write,
I can speak English, too.
I love learning English—
and what about you?

Daryn

When I was one, I had just begun.
When I was two, I was nearly new.
When I was three, I was hardly me.
When I was four, I was not much more.
When I was five, I was just alive.
But now I am six, I’m as clever as clever,
so I think I’ll be six now forever and ever.

Alikhan

No one can tell me, nobody knows,
where the wind comes from, where the wind goes.
It’s flying from somewhere as fast as it can;
I couldn’t keep up with it—not if I ran.

Тіл, дәстүр, татулық

Тіл — халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті мен болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін — ана тілі мен ата дәстүрі. Қазақстан — көпұлтты мемлекет, мұнда тұратын барлық ұлттардың құқықтары тең.

Ән

1 «А» сыныбы — “Finger Family”.

Ән

2-сынып — “I Wake Up”.

Ән

3 «А» сыныбы — “I Like Food”.

Өлеңдер

4-сынып оқушылары.

Ән

3-сынып — “Rain, Rain Go Away”.

Ана тілім, жүрегісің анамның.

Жүрек — ана, мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз мынау керегі не ғаламның!

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Қазақстан — көпұлтты ел

Қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Бұл — өзге елдерде баламасы сирек кездесетін, саяси маңызы зор құрылым.

Ортақ мекен — жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы —
Достығымыз жарасқан.

Көрініс: “Тапқыр достар” сайысы

Көрермен оқушылар да қатыса алады. Жұмбақтың жауабын тауып, оны үш тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) айту керек. Ең тез әрі дұрыс жауап берген қатысушыға шағын сыйлық беріледі.

Жұмбақтар

  1. Аяғы жоқ жүреді, аузы жоқ сөйлейді.

    хат — письмо — letter

  2. Дөп-дөңгелек домалап келеді, тепкен бөгеп — аяқ оған керегі.

    доп — мяч — ball

  3. Қобдиыңда қайырлы қазынаңның бәрі бар. Тауысып көз майыңды — қалағаның табылар.

    кітап — книга — book

  4. Көреді бәрін өзгенің, көре алмайды өздерін.

    көз — глаза — eyes

  5. Басым болса білімің, білегіңнің күшімен — шешесің ой түйінін бұл найзаның ұшымен.

    қалам — ручка — pen

Жұмбақтар (жалғасы)

  1. Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады.

    күн — солнце — sun

  2. Күндіз бәрі қашады, түнде аспанды басады.

    жұлдыз — звезда — star

  3. Қимылдаса қос шебер, қыруар-қыруар іс өнер.

    қол — рука — hand

  4. Ұрмай-соқпай жылатады, әркім бірақ ұнатады.

    пияз — лук — onion

  5. Маң-маң басып келеді, тапырақтап желеді. Мойны ұзын, үсті тау, ертеден елге бел еді.

    түйе — верблюд — camel

Көп рахмет, ойынға қатысушылар! Алдағы уақытта да белсенді, білімді, өнегелі бола беріңіздер!

Концерттің жалғасы

Би

3-сынып — “Pow Pow Pay”.

Ән

6 «А» сыныбы — “Brown Girl in the Ring”.

Ән

3 «Б» сыныбы — “The More We Get Together”.

Ән

5 «Б» сыныбы — “If You’re Happy”.

English as a world language

English is a world language—the language of progressive science and technology, trade and cultural relations, commerce, and business. It is spoken by more than 350 million people and is one of the most widespread languages on Earth.

5-сынып: өлеңге шақыру

Oh, friend unseen, unborn, unknown,
Student of sweet English tongue,
Read out my words at night alone:
I was a poet, I was young.

Since I can never see your face,
And never shake you by the hand,
I send my soul through time and space
To greet you. You will understand.

Сахнаға 5-сынып оқушыларын өлеңдермен шақырамыз.

Жеке орындау

5-сынып оқушысы Серікұлы Мансұр — “My Bonny”.

Өлеңдер

6-сынып оқушылары — өлеңдер.

Қызықты деректер: тілдер әлемі

Қазіргі таңда әлемде 2796 түрлі тіл қолданылады. Сөйлейтіндер саны 50 миллионнан асатын тілдер — 13. Таралуына қарай ең көп қолданылатындардың қатарында қытай тілі, хинди-урду, ағылшын, испан және итальян тілдері аталады. Бұл тілдер 65 мемлекетте мемлекеттік тіл ретінде қолданылады.

Дүниежүзіндегі ресми тілдер саны — алтау: қытай, ағылшын, орыс, испан, француз және араб тілдері. Жалпы алты мыңға жуық тілдің тек жүзге жуығы ғана мемлекеттік мәртебеге ие.

Келесі нөмір

6-сынып оқушылары — “May There Always Be Sunshine”.

Қорытынды

Әрбір тілде сөйле — әлемді таң қылып,
Ана тілін білмей өскен — әңгүдік.
Өсер болсаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Осы сөздермен бүгінгі мерекелік кешімізді жабық деп жариялаймыз. Уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет!

Thank you for your attention! Goodbye!