Суретке қара

2-сынып қазақ тілі сабағы

Тақырып: «Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын. Сөз және оның мағынасы»

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

  • 2.1.2.1 — мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздеріне сүйеніп, мәтін мазмұнын болжау.
  • 2.2.2.1* — синоним, антоним, омоним сөздерді ажырату; мағынасын түсіну; сөйлеу барысында қолдану (сөздікпен жұмыс).
  • 2.3.6.1 — бас және кіші әріптердің биіктігі мен мөлшерін сақтап, әріптерді байланыстырып, көлбеу әрі таза жазу.
  • 2.4.2.2 — көптік жалғауларын дұрыс қолдану.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға сөздердің мағынасы туралы түсіндіру, сөз мағынасымен жұмыс істеуді үйрету.

Күтілетін нәтиже

  • Мәтінді оқып, мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап береді.
  • Сурет бойынша әңгіме құрастырып, жазып береді.
  • Сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Ресурстар

  • Оқулық
  • Кесте

Құндылықтарды дарыту

Көркем жазуға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

  • Әдебиеттік оқу
  • Музыка

Сабақтың басталуы

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Ашық менің жүрегім,

Ылғи күліп жүремін.

Бірге ойнап, бір жүрер,

Достарым көп, білемін!

Сабақтың ортасы

Білу және түсіну (ұжымдық жұмыс)

  1. Мәтінді түсініп оқы.
    Түсінбеген сөздерді сөздіктен анықта. Кестедегі сөздердің қай топқа жататынын белгіле де, тиісті ұяшықтарға орналастыр.

    Ереже

    Сөз — заттың, сапаның, қимылдың, санның атауы.

  2. Суретке қара.
    Суретте қандай ойын түрі бейнеленген? «Футбол» сөзі нені білдіреді?

    Негізгі ұғым

    Әр сөздің лексикалық мағынасы болады.

  3. Сурет бойынша әңгіме құрастыр.
    Суреттегі баланың көңіл күйінің өзгергенін неден байқауға болады?
  4. Жатқа жаз.

    Далбаңдап кеп доп тепті,

    Терезеге дөп тепті.

    Тапсырма: қалың қаріппен берілген сөздердің мағынасын түсіндір.

Мұғалім туралы

Бастауыш сынып мұғалімі

Сембаева Бейбітгүл

Ескерту

Материалдың мазмұны «Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын. Сөз және оның мағынасы» тақырыбы бойынша сабақ жоспарын қамтиды.