Айтылған өлеңдегі мінін көріп, Түзейтін мінез - құлқын адам қайда

Ахмет Байтұрсынов

Айнаның қарсы алдына Маймыл барып,
Айнада өз суретін көре салып,
Аюға жанындағы күліп айтты,
Ақырын аяғымен түртіп қалып:
Бері қара!
Бұ кім өзі мынау перің?
Білмеймін қайдан шыққан мұндай көрім?
Он екі мүшесінің бірі оңды емес,
Көз салып қарап тұрсам әрбір жерін.
Мен бұған титтей ғана ұқсас болсам,
Ішіме пышақ салып өлер едім.
Ол рас бесеу - алтау бар екені
Кейіпсіз нақ осындай бөлелерім .
Маймылжан, біраз ғана етсең төзім,
Менің бар жалғыз ауыз айтар сөзім:
Әуре боп бөлелерің санағанша,
Абайлап қарашы әуел өзіңе өзің!
Аюдың бір ақылы айтқан досқа,
Бір жүріп, бірге тұрған көңіл қосқа,
Алды жөн адасқанның деген сөз ғой,
Тыңдаусыз, құр далада қалды босқа.

* * *
Мысалы, адам - Маймыл, өлең -
Өлеңді түсінгенге бар көп пайда.
Айтылған өлеңдегі мінін көріп,
Түзейтін мінез - құлқын адам қайда?
Айна,
Біреудің мінін айтса өлеңшілер,
Мәз болып, тыңдағандар қарқ - қарқ күлер.
Болса да нақ со міндер өз басында,
Деп айтар: Секілді екен пәленшелер .
Мен талай көргенім бар осындайды,
Өз мінін кім аңғарып, абайлайды?
Мәселен, бидің жеген парасын айт, -
Көрсетер, көзін қысып, ауылнайды.
Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері, өмірбаяны



Ұқсас жұмыстар

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ӘДЕБИ ӘЛЕМІ
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ «АР ІЛІМІНІҢ» ӘЛЕУМЕТТІК-ТӘЛІМДІК МӘНІ
Оқытылатын тіл елінің әдебиетін қазақ/орыс әдебиетімен салыстыру
Шәкәрім поэзиясындағы адамгершілік құндылықтар
Шәкәрімнің депутаттық қызметі
Абай аудармаларының көркемдік сипаты
ЖЫР СҰЛТАНЫ ТУРАЛЫ СӨЗ
Сұлтанмахмұт Tорайғыров өмірі туралы
Абай өлеңдеріндегі танымдық көзқарас
Ақындық тұлғаның лирикалық кейіпкерге қатысы
Адамдар арасындағы қарым-қатынас және іс-әрекет психологиясы
Ерте Палеолит адамдары
Тергеушінің тергеу бөлімінің бастығымен және анықтау органдарымен өзара әрекеттесуі
Ауыл мектебі оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттарының орындалуы
Адамдар арасындағы қарым-қатынастар
МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ АДАМ МӘСЕЛЕСІН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ТАЛДАУ
Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендетуді экономикалық ынталандыру «Каменка» асыл-тұқымды мал зауыты
Компьютерлік ойындардың жеткіншектердің агрессивті мінез-құлқына әсер ету мәселесі
Кеден режимінің түрлері мен мәні
ОҚУШЫҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕ