Кішкентай сөзіне антоним сөз

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырып

Модельдер түрлері (Информатика, 7-сынып).

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты ұсыну.

Құралдар

  • Интербелсенді тақта
  • Оқулық
  • Карточкалар
  • Слайдтар

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ–жауап
  • «Мозайка»
  • Ақпараттық диктант
  • Синквейн
  • «Телеграмма» (кері байланыс)
  • Жұптық және топтық жұмыс

Сабақ мақсаттары

Білімділік

Оқушыларды модельдердің түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық

Объектінің ақпараттық және графикалық модельдерін құрастыруға, олардың айырмашылығын ажыратуға үйрету.

Тәрбиелік

Топтық жұмыс ережесін сақтауға, ынтымақтастықпен әрекет етуге баулу.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар ақпараттық, графикалық және материалдық модель ұғымдарын меңгереді; деңгейлік тапсырмалар арқылы білімін бекітіп, толықтырады.

I. Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу, «шаттық шеңберін» құрып, бір-біріне тілек айту.

«Өрмекшінің торы» әдісі арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.

Оқушыларды 4 түрлі гүлдің суреті арқылы топқа бөлу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үй жұмысы: оқушы өз қалауынша кез келген объектінің моделін құрастырып келеді.

III. Оқу-танымдық әрекетке дайындық

Жаңа тақырыпты табу үшін әр топқа қысқа сұрақтар беріледі. Топтар жауаптарды табу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын болжайды және «Бүгін сабақта не істейміз? Сабақтың мақсаты қандай?» деген сұрақтарға жауап береді.

1-топ

  1. Мысықтың баласы
  2. Мектеп бақшасында өсетін көкөніс түрі
  3. Баскетбол, волейбол ойнауға арналған құрал

2-топ

  1. Ең төзімді үй жануары
  2. «Арыстан» сөзінің орысша аудармасы
  3. Жіңішкелік белгісі

3-топ

  1. Қу жануар
  2. «Кішкентай» сөзіне антоним
  3. Теннис ойнауға арналған құрал

4-топ

  1. Ешкінің төлі
  2. Ең берік ағаш
  3. «Кемпірқосақ» сөзінің орысша аудармасы

IV. Жаңа оқу материалын меңгеру

Жаңа ақпаратпен жұмыс істеу үшін әр топтағы оқушылар 1–2–3 деп саналып, үш жұпқа бөлінеді. Әр жұп өз бағыты бойынша мәтінді оқып, талқылайды.

1-жұп

Материалдық және ақпараттық модель.

2-жұп

Көрсету түріне қарай ақпараттық модельдердің түрлері.

3-жұп

Компьютерлік және компьютерлік емес модельдер.

Жұмыс тәртібі және уақыт

  • Мәтінді жеке оқу және жұпта талқылау: 3 минут.
  • Түсінбеген сұрақ болса, қызыл жалауша көтеру (мұғалімнің қолдауы).
  • Үй тобына оралып, түсіндірме беру: 2 минут.
  • Постерге түсіру: 3 минут.
  • Постер қорғау: 2 минут.

V. Білімдерін бекіту: деңгейлік тапсырмалар

I деңгей

Жұптық жұмыс — 4 минут.

II деңгей

Топтық жұмыс (интербелсенді тақтамен) — 6 минут.

III деңгей

Жеке жұмыс — 5 минут.

Сергіту сәті

«Қызыл өрік» әніне жаттығу орындау.

Қосымша тапсырма: ребус + синквейн + графикалық модель

Әр оқушы информатика тақырыптары аясында бір объектіге ребус құрастырады да, оны жұбына жасырады. Жұптар бір-бірінің ребусының жауабын тауып, сол сөзге «5 жолды өлең» (синквейн) құрастырады. Одан кейін Paint графикалық редакторында осы объектінің графикалық моделін жасайды.

«5 жолды өлең» құрастыру талаптары

  1. Зат есім
  2. Екі сын есім
  3. Үш етістік
  4. Төрт сөзден тұратын сөйлем
  5. Синоним сөз

Мысал

  1. Қуыршақ
  2. Әдемі, үлкен
  3. Сөйлейді, ойнайды, көзін жұмады
  4. Маған анам қуыршақ сыйлады.
  5. Ойыншық

VI. Бағалау: ақпараттық диктант

Түсіп қалған сөздерді толықтырып жазыңыз. Соңында бағалау парағына жалпы ұпайды есептеп, қойылған бағаны дәлелдеңіз.

  1. 1. __________ — нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.

  2. 2. Модельдеу — объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың __________ (макетін) құру.

  3. 3. Вербальдық модель дегеніміз — __________ немесе __________ түрінде жасалған ақпараттық модель.

  4. 4. __________ — компьютердің көмегімен арнайы программалық ортада іске асырылатын модельдер.

  5. 5. Геометриялық модель — __________ пішіндер мен көлемді конструкциялар.

VII. Үй тапсырмасы

Үйге: үш объектінің вербальдық (әңгімелеу түрінде) және графикалық моделін құрастыру.

Тапсырманың орындалу жолы түсіндіріліп, орындау әдістемесі нақты беріледі.

VIII. Қорытынды және кері байланыс

«Телеграмма»

Оқушылар мұғалімге сабақтың қаншалықты ұнағаны немесе ұнамағаны туралы қысқа «телеграмма» жазады.

Кері байланыс

Оқушылар өз әсерін, түсінгенін және әлі де нақтылауды қажет ететін тұстарын айтады.