Бере берсең бер десе, Үміт етер таласып
Абай Құнанбаев
Жүректе қайрат болмаса,
Ұйықтаған ойды кім түртпек?
Ақылға сәуле қонбаса,
Хайуанша жүріп күнелтпек.
Аспаса ақыл қайраттан,
Тереңге бармас, үстірттер.
Қартыңның ойы шар тартқан
Әдеті жеңіп күңгірттер.
Тән сүйгенін бермесе,
Жан шыдамас жаны ашып.
Бере берсең бер десе,
Үміт етер таласып.
Малда да бар жан мен тән,
Ақыл, сезім болмаса.
Тіршіліктің несі сән,
Тереңге бет қоймаса?
Атымды адам қойған соң,
Қайтіп надан болайын?
Халқым надан болған соң
Қайда барып оңайын?!
Қамар сұлу
ҰЛТТЫҚ ЗИЯЛЫЛАРДЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МҰРАЛАР
Зекет туралы
Қазақтың халықтық педагогикасы арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу
Балалар ауыз әдебиетінің көркемдік ерекшеліктері
Ахмед Иүгінеки
Халық педагогикасының балалар тәрбиесіндегі рөлі
Қазыбек би
Мектепте халық педагогикасын оқытудың тәрбиелік маңызы
Ыбырай Алтынсариннің таңдамалы шығармалары
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
САРЫҰЛЫ АҚТАНБЕРДІ
БЕРДӘУЛЕТҰЛЫ ЖӘНІБЕК
Кәсіби бағдар берудегі оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін психологиялық зерттеу
ТІЛЕПБЕРГЕНҰЛЫ ҚАЗАНҒАП
ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ШӘКӘРІМ туралы
XX ғасыр басындағы тарихи білім беру жүйесі
Берелдің берері берекелі
Қазіргі кездегі қазақстандағы білім беру жүйесіндегі проблемалар
Бернштам баскарған экспедиция