Күлегештер сөзі
Спорттық мерекелік шараның сценарийі
ШҚО білім басқармасы, ШҚО арнайы мектеп-интернаты КММ ұйымдастыратын дене шынықтыру және спорт апталығы аясындағы спорттық мереке «Дені сау ұлт – салауатты Қазақстан / Здоровая нация – здоровый Казахстан» ұранымен өтеді.
Дене шынықтыру мұғалімі
«Мектеп, сапқа тұр! Тік тұр!»
Рапорт
«Спорттық мерекеге дайынбыз. Рапорт тапсырылды.»
Ашылу сөзі
Бүгінгі мерекелік шараның ашылуына орай құттықтау сөз мектеп директоры Базарханова Алтынай Наурызбайқызына беріледі.
Жүргізуші
Қайырлы күн, құрметті достар! Дене шынықтыру мен спорт апталығы аясындағы спорттық мерекеге қош келдіңіздер!
Мерекелік жоспар
1-бөлім
Эстафеталық ойындар
2-бөлім
Ересектер арасындағы ұлттық және спорттық ойындар
Қосымша
Жәрмеңке жұмыс істейді
Еске салу
«Ас – адамның арқауы. Аспен күш артады. Тағам іш жағымды, тазартар жаныңды.»
Қатал, қайсар жүрегі —
Қайтпас болат темірден.
Қымбат елдің намысы —
Спортшыға берілген.
Музыкалық ашылу
Спорттық мерекемізді «Желбіре, Жеңіс алауы» әнімен ашайық. «Утренняя гимнастика» әуенімен алаңға Смешарики мен Құбыжық шығады.
Қонақтарды қарсы алу
Жүргізуші
Қараңыздар, қараңыздар — бізге қонақтар келіп жатыр! Кімдер екен?
Кім таныды?
Қолдарында отшашу бар сияқты. Иә, балалар, бізге күлегештер мен Микки Маус мырза қонаққа келіпті!
Ендеше, сөз тізгінін қонақтарға берейік.
Күлегеш 2 / Смешарик 1
Мы праздник мира, дружбы открываем,
Спортивный праздник закипит сейчас.
Мы спортом дух и тело развиваем —
Спорт умным делает каждого из нас.
Пусть праздник будет ярким и веселым,
Пусть в результате дружба победит.
И на спортивном поле школы-интерната
Дух триумфа торжественно взлетит!
Күлегеш 2
Спорт сүйер қауым және жанкүйерлерге жалынды сәлем!
Смешарик 1
О, спорт, ты мир! — звучит по всей планете.
О, спорт, ты — жизнь! Поет нам вольный ветер.
Сегодня праздник силы духа, здоровья —
праздник волшебника, имя которому спорт!
Чтоб проворным стать атлетом,
проведем мы эстафету!
Құбыжық
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып ешқашанда мойымайтын.
Болашақ спортшылар келді ортаға —
Қол соғып қарсы алайық жарқын-жарқын!
Дәрігерлік тексеру
Дене шынықтыру мұғалімі
Балалардың денсаулығы қалай екен? Кәне, дәрігерден сұрап көрейік.
Күлегештер: «Дәрігер қайда? Келіңіз…»
Фаиза Нигматовна
Так, так, так — сейчас проверим.
Наклонитесь, разогнитесь,
вправо, влево повернитесь
и друг другу улыбнитесь!
Да, осмотром я доволен:
из ребят никто не болен.
Каждый весел и здоров,
к соревнованиям готов!
Эстафета алдындағы ант
Біз уәде береміз:
- 1 Ережені сақтап, адал ойнауға — Гульмира Миятовна
- 2 Өз командамызды қолдауға — Гульсара Каиргазиновна
- 3 Қарсыласты ренжітпеуге — Жанат Сеитхановна
Эстафеталық жарыстар
Бағдарлама
- 50 м қашықтыққа түзу бағытта жүгіру
- Жалаушалардың арасымен жүгіру
- Таяқ (клюшка)пен шайбаны түзу бағытта жүргізіп жүгіру
- Шайбаны жалаушалардың арасымен жүргізіп жүгіру
- Бір қатысушыны сүйреу (буксировка)
- Екі қатысушыны сүйреу (буксировка)
- Капитандар сайысы
Өткізу тәртібі
Эстафета кезең-кезеңімен өткізіледі. Әр кезеңнен кейін қатысушылар қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, келесі тапсырмаға өтеді. Қазылар алқасы нәтижені тіркеп отырады.
Ескерту
Командалық рух, өзара қолдау және әділ ойын — мерекенің басты қағидалары.
Ұлттық ойындар бөлімі
Құбыжық
Ал енді ары қарай ойнайық, денсаулықты шынықтырайық! Мерекеміздің келесі бөлімі — ұлттық ойындар.
Ойындар тізімі
- 1 Қыз қуу — жүргізуші: Құбыжық (Жанат Сеитхановна)
- 2 Арқан тарту
- 3 Теңге алу — жүргізуші: Күлегеш 2 (Гульсара Қайырғазықызы)
- 4 «Мачехи – золушки» — жүргізуші: Смешарик 1 (Гульмира Миятовна)
Үлгі қатысушылар
«Теңге алу» ойынында үлгі ретінде:
- Ахат – Нұрсұлтан
- Ерасыл – Ерсұлтан
Марапаттау
Ойындар қорытындысы бойынша қатысушылар марапатталады.
Қорытынды және жабылу
Мен қазақпын — ұланымын елімнің,
Мен қазақпын — тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген,
Болашаққа алға бастап жетелер.
Мерекелік шарамызды мектебіміздің түлегі, үлгілі оқушыларымыздың бірі Ерсұлтанның орындауындағы «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқтаймыз.