Жаңалықты енгізу кезеңдеріне тоқталатын болсам

Жаңа технология — білім сапасының кепілі

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында».

Н. Ә. Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті

Н. Ә. Назарбаевтың «Интеллектуалды ұлт — 2020» мемлекеттік бағдарламасында: «Бүгінде Қазақстанға инновациялық қызметтің жарылысы қажет, қоғамда мінез-құлықтың инновациялық, креативтік үлгісі үстемдік құруы тиіс», — деп атап көрсетіледі. Шапшаң өзгеретін, жоғары технологиялы, бәсекелі әлемде өмір сүруге дайын; сапалы білім алуға үнемі ұмтылатын; интеллектуалдық, физикалық және рухани тұрғыдан дамыған тұлғаны қалыптастыру — кадрлар жүйесін дамытудың басты бағыты болуы қажет.

Жоғары білім берудегі басты міндет

Тұрақты даму жолына түскен еліміз үшін заманауи инновациялық ілімдерді меңгерген, креативті ойлайтын маман даярлау аса маңызды. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі ретінде мамандар даярлау сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінетіні көрсетілген.

Осы тұрғыдан алғанда, мұғалімдер даярлайтын оқу орындарының алдында ауқымды әрі жауапты міндеттер тұр. Бұл міндеттердің шешімі тек мемлекеттік стандарт пен оқу бағдарламасына сай білім берумен шектелмейді. Түлек болашақ кәсібін терең түсінетін, меңгерген білім-білігін тәжірибеде қолдана алатын және теориялық ұстанымдарын мазмұнды, дәлелді түрде кәсіби шебер жеткізе білетін маман болып қалыптасуы тиіс.

Ойды жүйелі жеткізу — кәсіби құзыреттіліктің өзегі

Сондықтан оқу орнында оқытылатын пәндер арқылы студенттің өз ойын жүйелі әрі түсінікті түрде жеткізуін, алған білімін күнделікті өмірде және кәсіби ортада тиімді қолдануын қалыптастыру — маңызды мәселе. Білім жүйесіндегі әлемдік жаңалықтардан шет қалмай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу — әрбір ұстаздың негізгі міндеті.

Болашақ мұғалімді даярлау: күрделі әрі көпқырлы үдеріс

Болашақ мұғалімді даярлау — өте күрделі іс. Ол зерттеуші, озық тәжірибені насихаттаушы және үнемі үйренуші болуы керек. Бұл ретте студентке үлгі болатын тұлға — оқытушының өзі және оның шығармашылық еңбегі.

Ж. Аймауытов: «Сабақ — жаңадан жаңаны табатын өнер», — деген.

Осы тұжырым менің тәжірибемде негізгі қағида ретінде басшылыққа алынады.

Осы мақсаттан туындайтын міндеттер

  1. 1 Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді зерттеу және талдау.
  2. 2 Жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесімен танысу және оны насихаттау.
  3. 3 Бастауыш білім беру мамандығында педагогика пәнін оқыту барысында инновацияларды енгізу.

Күтілетін нәтиже

Нәтижесінде өз кәсібін терең меңгерген, ойын жүйелі әрі түсінікті жеткізе алатын, бәсекеге қабілетті болашақ маман қалыптасады деп есептеймін.

Жаңалықты енгізу кезеңдері

  1. 1. Ақпарат жинақтап, өзімнің және студенттердің дайындық деңгейіне сәйкес келетін жаңалықты таңдадым; оны қолдану туралы шешім қабылдадым.
  2. 2. Іске асыру кезеңдерін зерделеп, енгізу жоспарын құрып, жаңалықты тәжірибеге енгіздім.
  3. 3. Жаңалықтың оқу нәтижесін арттыруға ықпалын анықтадым.