Көтерілістің себептері

Сабақтың тақырыбы

1837–1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің басталу себептері мен барысы.

Сабақтың мақсаты

  • 1837–1847 жылдардағы күрестің үш жүзді қамтыған, отаршылдық езгіге қарсы бағытталған ірі қозғалыс болғанын түсінеді.

  • Өздігінен жұмыс істей отырып, қозғалыстың қазақ қоғамындағы ішкі қайшылықтармен және патша өкіметінің отаршыл саясатының ықпалымен байланысын ашады; өз ұстанымын дәлелдеп қорғауға үйренеді.

  • Қозғалыстың негізгі себептерін талдау арқылы шығармашылық белсенділігін дамытады.

Сабақтың түрі

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.

Қолданылатын стратегиялар

  • Дөңгелек үстел
  • Негізгі идеяны суреттеу
  • Он минуттық эссе
  • Шығу парағы
  • Бағалау парағы

Сабақтың барысы

I кезең

Ұйымдастыру

Сабақтың мақсаты мен жұмыс тәртібі нақтыланады.

II кезең

Қызығушылықты ояту (ой қозғау)

«Дөңгелек үстел» стратегиясы бойынша оқушылар нөмірленіп отырады және 1837–1847 жылдардағы көтеріліс туралы білетіндерін жазады.

Оқушылардың жазған ойлары сыныпта талданып, сарапталады.

III кезең

Мағынаны ашу (топтық жұмыс)

Оқулықты пайдалана отырып, топтар өздеріне берілген тапсырмалар бойынша жұмыс істейді:

Тапсырма 1

Көтерілістің себептері

Тапсырма 2

Көтерілістің мақсаты мен сипаты

Тапсырма 3

Қозғаушы күштері

Оқушылар өз ойларын схема, тезис, сурет және басқа да форматтарда жүйелейді. «Негізгі идеяны суреттеу» стратегиясы бойынша плакатқа жинақтап, топ атынан спикер қорғайды.

IV кезең

Ой толғаныс

Мұғалім оқушылардың ой-пікірлерін талдап, негізгі тұжырымдарды жинақтайды және қорытынды жасайды.

V кезең

Үй тапсырмасы

Сұрақ: Көтеріліс қазақ халқының сол кездегі жағдайын шеше алды ма?

Ойыңызды дәлелдермен негіздеп, шағын эссе жазып келіңіз.

VI кезең

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау үшін топ басшылары бағалау парағын тапсырады.

VII кезең

Шығу парағын толтыру

Бүгінгі сабақ бойынша «шығу парағы» толтырылады:

  1. 1 Нені үйрендік?
  2. 2 Сұрақтар мен пікірлер.
  3. 3 Ұсыныстар.