Бүркіттер тобы

Сабақ тақырыбы

Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын талдау.

Білімділік

Ақынның шығармашылығы туралы түсінікті кеңейту, поэма мазмұнын меңгерту, тақырыбы мен идеясын ашу.

Дамытушылық

Сын тұрғысынан ойлау, баяндау, іздену, салыстыру арқылы поэманың негізгі идеясын айқындау дағдысын дамыту.

Тәрбиелік

Ұлттық құндылықтарды сыйлауға, Отанды және ананы құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Кіріспе ой

Отан! Отан! Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден құр өксумен кетер ем.

Сабақ барысы

1-кезең: Ұйымдастыру

5–7 минут

  • Сабақтың мақсат-міндеттерін нақтылау.
  • Психологиялық дайындық.
  • «Поэзия сәті»: ән арқылы көңіл күй қалыптастыру.

Жаңа сабақ: Қызығушылықты ояту

«Көпір тапсырмалары» жаңа тақырыпқа өтуді жеңілдетеді: мақсат-міндеттерді айқындау, ой қозғау, алғашқы болжам жасау.

Ми шабуылы

«Менің елесімдегі Мұқағали Мақатаев» тақырыбында ой бөлісу.

INSERT стратегиясы

Оқу барысында белгі қою арқылы түсінгенін, жаңа ақпаратты, түсініксіз тұсты айқындау.

Пікір

Фариза Оңғарсынованың пайымынша, Мұқағали әр адамның қуанышы мен қайғысын өз басынан өткендей етіп жазады.

2-кезең: Топтық жұмыс

Оқушылар өздігінен оқыған материалдары негізінде Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы бойынша талдау жұмыстарын жүргізеді.

1-қадам: Білу

  • Қысқа (нақты) сұрақтарға жауап беру.
  • Топтастыру арқылы бастапқы білімді жинақтау.

2-қадам: Түсіну

  • «Бүркіттер» және «Аққулар» топтарының көпір тапсырмалары.
  • Ақын және шығармашылығы бойынша деректерді жүйелеу.

Жеке жұмыс: символдар әлемі

М. Мақатаев шығармашылығында жиі кездесетін символдарды талдау: аққу (махаббат, киелілік), ана – бала, бүркіт, кие.

Бағдар сұрақтар (жеке жұмысқа)

  1. М. Мақатаев өлеңдеріндегі «үш бақыты» қандай?
  2. Отан тақырыбына жазылған өлеңді ата.
  3. Поэмадағы аққу ненің символы?
  4. Ақынның балалық шағы қалай өтті?
  5. Шығармаларының негізгі тақырыптары қандай?
  6. Ақын бойындағы «қарағайға қарсы біткен мінез» кімнен дарыған?
  7. «Пай-пай, өмір, өтесің-ау бір күн...» жолдары қай өлеңнен алынған?
  8. Әкесі қайда қайтыс болды?
  9. «Махаббат» тақырыбына жазылған бір өлеңін ата.
  10. Тектіліктің символы ретінде нені атар едің?
  11. Ақын өлеңдеріне жазылған қанша ән бар?
  12. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының басты кейіпкері кім?
  13. Поэмадағы киелі құс қайсы?
  14. «Қасиет» ұғымын қалай түсінесің?
  15. Поэмадағы ана бейнесі саған ұнады ма? Неліктен?
  16. «Мәңгілік ел» дегеніміз не?
  17. «Армысың сен, арамызда жалғыз перзент...» жолдары қай өлеңнен?
  18. Ақын «ұлттық құндылық» ұғымына нені жатқызады?
  19. Бүгін талдайтын поэмамыздың өзегі қандай мәселе?
  20. Ұлтжандылық тақырыбына жазылған бір өлеңді оқы.

INSERT кестесі (толтыру үшін)

V

Білемін

-

Мен үшін түсініксіз

+

Мен үшін жаңа ақпарат

?

Мені таңқалдырады, ойландырады

«Мағынаны ажырату» кезеңі (топтық талдау)

I топ: «Бүркіттер»

Поэманың тақырыбы мен негізгі идеясын «балық қаңқасы» (fishbone) әдісі арқылы анықтап, дәлелдеп, қорытынды шешім ұсыныңдар.

II топ: «Аққулар»

Төмендегі ұғымдарға ассоциация құрыңдар. Егер бұл ұғымдар бір-біріне қарама-қарсы келсе, оқиға қалай өрбуі мүмкін? Ойтолғау жазыңдар: қасірет, кие, қасиет.

Тірек болатын жолдар:
«Қасиет кетті көлден, сорлады ғой.»
«Білмеймін, сор аттың ба, бақ аттың ба?!»
«Аққу атқан оңбайды...»

3-қадам: Талдау («Аналар» тобы)

Поэмадағы ана бейнесіне мінездеме жазу: әрекет, ниет, ішкі қайшылық, трагедиялық таңдаудың себебі.

4-қадам: Жинақтау және қолдану («Кие–қасиет» тобы)

Ойтолғау жазу: киелілік пен адамдық мұқтаждық арасындағы қақтығысқа жеке көзқарас білдіру.

3-кезең: Кері байланыс және қорытынды

Рефлексия

INSERT стратегиясы бойынша ой бөлісу: не үйрендім, не түсініксіз қалды, қандай сұрақ туындады?

Эссе

«Мені толғандырған ойлар» тақырыбында қысқа эссе жазу.

Үй тапсырмасы

Поэмадағы көркемдік тәсілдерді (эпитет, теңеу) тауып, дәлелмен талдау.

Тереңдету тапсырмалары

«Аналар» тобы: әрекетке баға беру

Ақын қолданған эпитеттерді салыстыра отырып, ананың әрекетін автор қалай бағалайтынын табыңдар. Ізденіп, дәлел келтіріп, мінездеме жазыңдар.

Тірек сөздер мен бейнелер

  • Ғазиз ана
  • Жаралы аққу секілді
  • Адасқан жан
  • Байғұс әйел
  • Адуынды жан
  • Ошақ қасы, отбасы
  • Пақыр
  • Кие-қасиет

«Кие–қасиет» тобы: ойтолғау (кең сұрақтар)

  • Ананың балаға деген махаббаты қандай символ арқылы ашылады?
  • Аққу — киелі құс, махаббат символы. Осы киелілік не үшін маңызды?
  • Поэмада екі символ бір-біріне қарама-қарсы келгенде, кімді ақтаймыз, кімді даттаймыз? Неліктен?
  • Кім жеңді, кім жеңілді? Жеңілу себебі неде?
  • Басқа шығар жол бар ма еді?
  • Қарт адамның шешімі қандай болды? Сен қандай шешім айтар едің?
  • Поэмадан алған ғибратың қандай?