Қызығушылықты ояту сатысы

Сабақтың тақырыбы

Ә. Кекілбай — «Тасбақаның шөбі»

Сабақтың мақсаты

Әңгіменің мазмұны мен негізгі идеясын түсіну.

Сабақтың міндеттері

  1. Әңгіменің мазмұны мен негізгі ойын бірлесе әрекет жасау арқылы түсіну.
  2. Бағыт-бағдар бере отырып, оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге баулу; ой-өрісін дамыта отырып, ырымдарды салыстыру, зерттеу, қолдану және бағалауға машықтандыру.
  3. Топта өз ойын, пікірін еркін айтуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

  1. Әңгіменің мазмұны мен негізгі ойын түсінеді.
  2. Ой-өрісін дамыта отырып, ырымдарды салыстырады, зерттейді, қолданады және бағалауға дағдыланады.
  3. Топта өз ойын, пікірін айта білуге; халқымыздың ырым-тыйым сөздерінің мәнін түсініп өсуге тәрбиеленеді.

Сабақ ресурстары

Көрнекіліктер

  • Тасбақа, жылқы, гүлдер
  • Автор туралы мәлімет
  • Жан-жануарларға байланысты ырымдар
  • Тірек сызбалар, «барыс» белгісі

Техникалық жабдық

  • Интерактивті тақта
  • Бейнетаспа
  • Үнтаспа

Сабақтың типі

Жаңа сабақ

Сабақтың түрі

Ақпараттық-коммуникативтік

Қолданылатын әдістер

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы, іздендіру, шығармашылық, сұрақ-жауап, көрнекілік әдістері.

Бағалау критерийлері

  • Мәнерлеп оқуы
  • Сұрақтарға дұрыс жауап беруі
  • Сабақтан алған әсерін жеткізе білуі
  • «Бес жолды өлең» құрастыруы

Сабақтың барысы

I. Қызығушылықты ояту

1) Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Қайырлы күн деп айтамыз,

Мектептен білімді боп қайтамыз.

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз.

Сәтті күн болсын!

2) Үй тапсырмасын тексеру

Т. Молдағалиев шығармалары бойынша өткен материал еске түсіріледі:

  • 1-сынып: «Біздің ту», «Елтаңба», «Домалақ ана»
  • 2-сынып: «Астана», «Боз қырау»
  • 3-сынып: «Мамандықты таңдау»
  • 4-сынып: «Гүлдер» өлеңі

Интерактивті тақтада гүлдердің алуан түрі көрсетіледі.

  1. Т. Молдағалиевтің «Гүлдер» өлеңі тізбектей, мәнерлеп оқылады.
  2. Талқылау:
    • — Ақын гүлдерді неге теңеген?
    • — Сендер ше? (Оқушылар өз суреттері бойынша гүл атауларын айтып, қандай ұғымға ұқсататынын түсіндіреді.)

    Мұғалім қорытындылайды: гүл — табиғаттың берген сыйы, нәзіктік пен әсемдіктің белгісі.

  3. Топтық ізденіс тапсырмалары:
    • 1-топ: гүлдер туралы мақал жазады.
    • 2-топ: гүлдер туралы жұмбақ құрастырады.
    • 3-топ: гүл атауларымен байланысты есімдерді жазады.
    • 4-топ: гүлден гүлтәж жасайды.

    Қорытынды: Гүл — табиғат.

II. Мағынаны тану

3) Жұмбақ

Бауырын жазып шаба алмас,
Озып бәйге ала алмас.
Үстіне киген киімі
Жыртылмас та жамалмас.

Шешуі: тасбақа

4) Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Одан кейін автордың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беріледі.

Автор туралы: Әбіш Кекілбай

Әбіш Кекілбай (1939) — Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданында дүниеге келген көрнекті қазақ жазушысы әрі қоғам қайраткері. Шығармаларының қатарында «Алтын шуақ» атты тұңғыш өлеңдер жинағы, сондай-ақ «Бір шөкім бұлт», «Үркер», «Дала балладалары» және өзге де роман-повестері бар. Қазіргі таңда Астанада тұрғаны айтылады.

2-сынып

«Күйші»

3-сынып

«Ауыл таңы»

4-сынып

«Тасбақаның шөбі»

Әңгімені қабылдау

  • Әңгімені үнтаспадан тыңдайды.
  • Мәтін абзац бойынша оқылады.
  • Оқушылар түсінгенін өз сөздерімен айтады.

Кестемен жұмыс

Білемін

Алдын ала білетін мәліметтер

Түсініксіз

Күмән тудыратын тұстар

Жаңа ақпарат

Жаңадан үйренгені

Білгім келеді

Қосымша сұрақтар

Топтық тапсырмалар

1-топ

Тасбақа туралы толық ақпарат береді (көргені, оқығаны, естігені бойынша).

2-топ

«Шыбын жаны көзіне көрінді» тіркесін басқа сөздермен алмастырып көреді. Сонымен қатар мәтіндегі түсініксіз сөздер мен тіркестердің мағынасын ашады: «қақырай сөгіліпті», «тұқшаңдаған», «құмақтарда», «көсік сабағы».

3-топ

Оқулықтан тасбақаның жер астынан тістеп шыққан шөбіне қатысты ырымды тауып оқиды және мазмұнын әңгімелейді.

Ырым

Тасбақаның көктемде жер астынан тістеп шыққан шөбін алған адамның қалауы орындалады.

4-топ

Басқа жан-жануарлар, аңдар мен құстар туралы ырымдарды айтады:

  • Аққуды атуға да, оған құс салуға да болмайды.
  • Қарлығаш жер бауырлай ұшса, көп өтпей жаңбыр жауады.
  • Құмырсқаның илеуін бассаң, аяғың ақсақ болады.
  • Ат жер тарпыса — жолға шығады.
  • Ит көкке қарап ұлыса — жамандық болады.

Қорытынды ой

Тасбақа да — табиғаттың бір бөлігі. Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ. Табиғаттың өз тілі жоқ болғанымен, оны қорғау — біздің ортақ міндетіміз. Сондықтан табиғаттың жанашыры болуды ұмытпайық.

III. Ой толғаныс

5) «Бес жолды өлең»

  1. 1. Тасбақа
  2. 2. Мықты, киелі
  3. 3. Тарбаңдайды, жорғалайды, жүреді
  4. 4. Тістеп шыққан шөбі бар
  5. 5. Жануар

6) Бағалау және кері байланыс

Бағалау оқушылардың мәнерлеп оқуына, сұрақтарға дұрыс жауап беруіне, сабақтан алған әсерін жеткізуіне және «бес жолды өлең» құрастыруына қарай жүргізіледі. Әр топ жинаған «барыс» белгісі бойынша да есепке алынады.

Қорытынды сұрақтар

  • — Қандай әңгімемен таныстық?
  • — Авторы кім?
  • — Не білдік?
  • — Не ұнады?

«Барыс» жылы тілегі

Барыс жылы баршамызға Б — бақыт, А — ақыл, Р — рақым, Ы — ырыс, С — сенім ұялататын жыл болсын!

7) Үй тапсырмасы

  • Әңгімеден Қарабала мінген аттың жүрісі туралы айтылған жолдарды тауып, дәптерге көшіріп жазу.
  • Барыс туралы ырымдарды тауып келу.

Сабақты аяқтау

Сабақ соңында «Арыстан мен тасбақа» мультфильмінің әні орындалады.

Мен келемін атпенен,
Кезіктім тасбақаға.
Шалқалап, шөп тістеп,
Аударылып қалған ба? (2 рет)

Қазақта ырымдар бар —
Тілеуің орындалар.
Көктемде алсаң сен,
Аузынан оның шөптер. (2 рет)