Жаныңның ләззат алар жарығындай, Мәңгілік өшпейтұғын төгілсін нұр

Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңі

Ақындарға
Өлең айт дарын өрге өрлегендей,
Сезімді қозғап, тәтті ой кернегендей.
Жанды сөз бойды ерітіп, маужыратып,
Әлдилеп жыр бесігі тербегендей.

Қауымның қалауына тап келгендей,
Болғанын, болашағын айт көргендей.
Кірістен тартып жырды жебелі оқтай,
Дәл тигіз қалағанға қас мергендей.

Сүйсініп ақынға елі мән бергендей,
Өлеңмен өміріне сән бергендей.
Қадалып жүрегіне ақ қанжардай,
Оятсын бойкүйезді жан бергендей.

Ерікті билеп алсын айтылған жыр,
Сырты – гүл, жарасымды, ішінде сыр.
Жаныңның ләззат алар жарығындай,
Мәңгілік өшпейтұғын төгілсін нұр.

Үйіріліп көкейіне ұйып жатсын,
Тазартып жүрек кірін жуып жатсын.
Қаңсыған шөл даланы қанықтырып,
Жыр тасып, дариядай құйып жатсын.

Арыңның болсын өлең айнасындай,
Көрікті, көптің ортақ пайдасындай.
Жосылып жатсын артта жортқан жолы,
Арынды асқақ өзеннің арнасындай.



Ұқсас жұмыстар

Метафора туралы
Абай және Шәкәрім: көркемдік дәстүр жалғастығы
Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық мұрасы
Шекәрім Құдайбердіұлы
Шәкәрім өлеңдеріндегі тұлға мәселесінің дәстүрлік негіздері
Ұлттық рухани - адамгершілік құндылықтар
Жиенбай жырау шығармашылығы
Ел болам десең – бесігіңді түзе
ҚЫТАЙ ҚАЗАҚ ЖАЗБА ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы
Бухгалтерлік есептің концепциялары мен принциптері
Екінші деңгейлі банктеріндегі валюталық операциялар
Сақ тайпалары
Жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алу шаралары.
Қазақстан Республикасындағы ақша реформалары және оның ерекшелiктерi
ТМД елдерiндегi ақша реформалары
Валюталық нарықтың және валюталық операциялардың ерекшеліктері мен дамуы
Ерекше қорғалатын табиғи территориялар экотуризм дамуы Ақсу-Жабағлы қорығы
Несие операциялары
Инвестициялық жобаларды дайындау және экономикалық дәлелдеу ЖШС «Тамир»