Әділқазылар алқасы Сұлудың сыры бөлімінің бағасын берсеңіздер

9–11 сыныптар арасындағы «Мектеп аруы – 2011» мектепішілік байқауы

Бұл байқаудың негізгі мақсаты — қыз баланы ақылды да ибалы, сұлу да әдепті, мейірімді де қайырымды етіп тәрбиелеу; адамгершілікке, имандылыққа баулу.

Жыр жолдары

Ару қыздар гүлдей нәзік қылықты,

Көздеріңе бар сұлулық тұныпты.

Жалт-жұлт еткен жанарыңның жарқылы

Талай жанның мұз жүрегін жылытты.

Жазылмаған кәусар, керім жырсыңдар,

Ашылмаған, шашылмаған сырыңдар.

Арман болған көз алдымда қыздар-ай,

Арман қыздар періштедей сырғалы.

Бұратылған тал шыбықтай тұлғалы,

Құлпырғанда, сендер алау шашқанда,

Әсемдігін жоғалтады гүл дағы.

Қош келдіңіздер!

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін мектебімізде 9–11 сыныптар арасында өтетін «Мектеп аруы – 2011» байқауына қош келдіңіздер.

Ата-бабамыз ерте заманнан-ақ ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берген. Әсіресе қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, оны ақылды да ибалы, сұлу да әдепті, мейірімді де қайырымды етіп өсіруге ұмтылған.

Халық даналығы

  • «Қыз — қонақ»
  • «Қыз өссе — елдің көркі»
  • «Қызды қырық үйден тыю»

Осы байқаудың да көздегені — ару қыздарымыздың бойындағы асыл қасиеттерді танытып, тәрбиелік мәні жоғары орта қалыптастыру. Олай болса, байқауымыз ашық деп жарияланады.

Байқау шарттары

«Мектеп аруы – 2011» байқауы 7 бөлімнен тұрады:

  1. 1. Таныстыру

    Киім киіс, жүріс-тұрыс, өзін ұстау, сәлем беру мәдениеті бағаланады.

  2. 2. Өз өнерін көрсету

    Ән, би, көркемсөз немесе басқа да өнер түрлері.

  3. 3. Қонақ күте білеміз бе?

    Қонақ түрлері мен сый-табақ, дәстүрлі тарту жөніндегі тапсырмалар.

  4. 4. Оюлар сыр шертеді

    Ою ойып, қолөнерге икемін көрсету.

  5. 5. Мерекелік дастархан мәзірі

    3 минут ішінде мерекелік салат дайындау.

  6. 6. Сұлудың сыры (шаш сәндеу)

    Жұптасып, шаш үлгісін сәндеп көрсету.

  7. 7. Туыстық атауларын білеміз бе?

    Туыстық атауларды дұрыс қолдану бойынша сұрақ-жауап.

Әділқазылар және сайыс барысы

Әділқазылар алқасы

Байқауға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен танысыңыздар. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Аруларды ортаға шақыру және жеребе

Ендеше, ортаға аруларымызды шақырамыз. Арулар, әділқазылар алқасының алдынан жеребе алыңыздар.

1) Таныстыру

Өнер қуып арулар өтер деймін, бір басына өнері жетер деймін. Бәсекеге түскен арулар кезектесіп өздерін таныстырады.

Бұл кезеңде киім киісі, жүріс-тұрысы, өзін ұстауы және сәлем беруі назарға алынады.

Әділқазылар алқасы, «Таныстыру» бөлімінің бағасын берсеңіздер.

2) Қонақ күте білеміз бе?

«Қырықтың бірі — Қыдыр» дейді дана халқымыз. Бұл бөлімде қонақ түрлері мен қонаққа тартылатын сый-табақ туралы тапсырмалар орындалады.

Асыққа жазылған тапсырмаларды орындау қажет.

Әділқазылар алқасы, «Қонақ күте білеміз бе?» бөлімінің бағасын берсеңіздер.

3) Өз өнерін көрсету

Ал кімнің өнері бар қаншалықты? Бірі би билеп, бірі ән салып, аруларымыз бәйге үшін барын салады.

Әділқазылар алқасы, «Өз өнерін көрсету» бөлімінің бағасын берсеңіздер.

4) Оюлар сыр шертеді

«Қошқар мүйіз», «қос мүйіз», «бота мойын», «қармақ» — ою-өрнек атауларының өзі-ақ ұлттық мұрамыздың тереңдігін аңғартады.

Бұл кезеңде аруларымыз ою ойып, қолөнерге икемін дәлелдеуі тиіс.

Әділқазылар алқасы, «Оюлар сыр шертеді» бөлімінің бағасын берсеңіздер.

5) Мерекелік дастархан мәзірі

Бұл бөлімде әр ару 3 минут ішінде мерекелік салат дайындайды. Ұқыптылық, тазалық, дәм үйлесімі және көркем безендіру ескеріледі.

Әділқазылар алқасы, «Мерекелік дастархан мәзірі» бөлімінің бағасын берсеңіздер.

6) Сұлудың сыры (шаш сәндеу)

Бұл кезеңде арулар қасына бір қызды алып шығып, оның шашын сәндейді. Талғам, жинақылық және үйлесім бағаланады.

Әділқазылар алқасы, «Сұлудың сыры» бөлімінің бағасын берсеңіздер.

7) Туыстық атауларын білеміз бе?

«Жекжат кім, жұрағат кім, жамағат кім?» — туыстық атауларды дұрыс білу де тәрбиенің бір көрінісі. Енді аруларымыздың туыстық атауларды қаншалықты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы байқап көреміз.

Әділқазылар алқасы, «Туыстық атаулар» бөлімінің бағасын берсеңіздер.

Қорытынды

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Мектеп аруы – 2011» байқауын қорытындылау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасының төрайымы Сарқыт апайға береміз.