Компьютердің негізгі құрылғылары

Дайындаған: Қалымбетова Айман • Сынып: 7

Бұл материал «Білім биржасы» атты зияткерлік ойын форматына арналған. Ойын оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, пәндік білімін тереңдетуге және зияткерлік қабілетін дамытуға бағытталады.

Мақсаты

  • Оқушылардың білімге құштарлығын арттыру және қызығушылығын ояту.
  • Сұрақтар мен тапсырмалар арқылы білімін тереңдету.
  • Тапқырлықты, жылдам ойлауды, зияткерлік бәсекелестікті дамыту.

Ойын форматы

Қатысушылар

6 адамнан тұратын 2 топ.

Тур саны

Ойын 4 турдан тұрады.

Бастапқы капитал

Әр топқа 5000 теңге.

Бағалау

Дұрыс жауап — капитал өседі, қате жауап — ұсынылған сома шегеріледі.

Қажетті құрал-жабдықтар

Құралдар

  • Күміс қобдиша
  • Әртүрлі купюрадағы теңгелер

Техникалық құралдар

  • Компьютер
  • Проектор
  • Микрофон
  • Жылжымалы экран
  • Әуен орталығы

Бағдарламалық жабдық

MS PowerPoint-та жасалған слайдтар.

Кіріспе сөз және командаларды таныстыру

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар және білімге құштар жас өрендер! «Білім биржасы» атты зияткерлік ойынға қош келдіңіздер!

Ойын басталмас бұрын сайыстың әділ бағасын беретін эксперттер алқасымен таныстырамыз (төраға және мүшелер).

«Болашақ дарындылар» тобы

Ұраны: Болашақтың ұрпағымыз — білімді, сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді.

«Эврика — тапқырлар» тобы

Ұраны: Тапқырлық таныту — мақсатымыз, біліммен шықсын тек жақсы атымыз.

Дәйексөз

«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы — білім», — Әбу Райхан әл-Бируни.

І тур: «Білім аукционы»

Аукцион ережесі

  • Сауда бірлігі — теңге.
  • Әр топтың бастапқы қоры — 5000 тг.
  • Сұрақтың бастапқы бағасы — 200 тг.
  • Капитан бағаны өсіреді: 200 / 500 / 1000 / 2000 / 5000 / 10000.
  • Дұрыс жауап — ұсынылған сома қосылады, қате жауап — сол сома шегеріледі.
  • Ескерту: егер топ барлық сомасын бәске тігіп, қателессе — банкрот, әрі қарай аукционға қатыса алмайды.

Дәйексөз

«Білім — біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік — сол білімді іске асыра білу дағдысы», — Ахмет Байтұрсынұлы.

Аукцион лоттары (6 сұрақ)

№1 лот • ЕТ даму тарихы

Гректер мен Батыс Еуропалықтар бұл санау құрылғысын абак, қытайлықтар суанпан деп атаған. Ал жапондықтар қалай атаған?

Жауап: серобян.

№2 лот • Анықтама

Информатикаға анықтама бер.

Жауап: ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым — информатика.

№3 лот • Ұлы тұлғалар галереясы

1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған бағдарламашыны ата.

Жауап: Ада Лавлейс.

№4 лот • Негізгі ұғым

Компьютер деген не?

Жауап: ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрылғы.

№5 лот • «Күміс қобдиша» жұмбағы

Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын.
Білсеңдер, қане айтыңдар!

Жауап: тышқан (енгізу құрылғысы).

№6 лот • Санау жүйесі (есеп)

Мен 1111 жастамын. Мектеп табалдырығын 111 жасымда аттадым. Мен 10001 мектептің 1001 сыныбында оқимын. Біздің сыныпта барлығы 11001 оқушы. Менің арманым — келешекте атақты компьютер маманы болу.

Дұрыс жауабы: Мен 15 жастамын. Мектеп табалдырығын 7 жасымда аттадым. Мен 71 мектептің 9-сыныбында оқимын. Біздің сыныпта барлығы 25 оқушы. Менің арманым — келешекте атақты компьютер маманы болу.

І тур аяқталған соң эксперттер алқасы қорытынды жасап, ең жоғары капитал жинаған топты анықтайды.

ІІ тур: «Эрудиттер сайысы»

Ереже

  • Әр топқа уақыт: 3 минут.
  • Әр дұрыс жауап: 200 тг.
  • Жауап білінбесе: «Келесі» деуге болады.

Дәйексөз

«Тіл қаруы — сөз, сөз қаруы — ой; ақылды ой, алғыр сөз — адамның ең жоғары қасиеті», — Ғабиден Мұстафин.

№1 топ сұрақтары (жауаптарымен)

  1. Компьютердің «миы» — процессор.
  2. Компьютердің ішкі жады — жедел жад.
  3. Экранға ақпарат шығаратын құрылғы — монитор.
  4. Принтердің түрі — 3.
  5. Қағаздағы кескінді дисплейге шығаратын құрылғы — сканер.
  6. Іске қосу батырмасы — Пуск.
  7. Сурет салу және өңдеу бағдарламасы — Paint.
  8. Баспа құралы — принтер.
  9. Әлемдік желі — Интернет.
  10. Ресурстарды бірге пайдалану үшін байланысқан компьютерлер тобы — компьютерлік желі.

№2 топ сұрақтары (жауаптарымен)

  1. Ойлау заңдылықтары туралы ғылым — логика.
  2. Жалған немесе ақиқат болуы мүмкін пайымдау — пікір.
  3. Есептеуіш машиналар 4 түрге бөлінеді.
  4. Дербес компьютер 3 топқа бөлінеді.
  5. Процессордың қызметі — «қозғалтқыш» (басқару және өңдеу).
  6. Құрылғылар жұмысын басқаратын арнайы программа — операциялық жүйе.
  7. Көбейіп, басқа компьютерге жұғатын шағын бағдарлама — компьютерлік вирус.
  8. Вирусты табу және жою бағдарламасы — антивирустық бағдарлама.
  9. Мәтін енгізу құрылғысы — пернетақта.
  10. Интернетке телефон арқылы шығу құрылғысы — модем.

ІІ тур аяқталған соң эксперттер алқасы капиталдарды жаңартып, аралық нәтижені жариялайды.

ІІІ тур: «Таңдау-табыс»

Дәйексөз

«Білекке сенген заманда — ешкімге есе бермедік, білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», — Абылай хан.

Ереже

Әр дұрыс жауап 200 теңгемен есептеледі. Топтар категория мен ұпай деңгейін таңдайды.

Категория: Ғалымдар

10 ұпай

«Компьютердің атасы» — Чарльз Бэббидж.

20 ұпай

19 жасында қосу машинасын жасаған ғалым — Блез Паскаль.

30 ұпай

Логарифм ұғымын енгізген шотланд математигі — Джон Неппер.

Категория: Тарих

10 ұпай

Абак/суанпан атауына сәйкес жапонша атауы — серобян.

20 ұпай

Есептеуіш техниканың қарқынды дамуы басталған ғасыр — XIX ғасыр.

30 ұпай

Ада Лавлейс бағдарламасын жазған жыл — 1846.

Категория: Информатика

10 ұпай

Адам ақпаратпен не істейді? сақтайды, жеткізеді, өңдейді.

20 ұпай

Информатика — ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым.

30 ұпай

ЭЕМ неше буынға бөлінеді? — 5 буын.

Категория: Әр түрлі

10 ұпай

Компьютер — ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрылғы.

20 ұпай

Негізгі құрылғылар: монитор, жүйелік блок, тінтуір, модем.

30 ұпай

Сигнал — ақпаратты адам немесе құрылғы қабылдайтын процесс.

ІІІ тур аяқталған соң эксперттер алқасы нәтижені қорытындылайды.

IV тур: «Сыйлықтар аукционы»

Ереже

  • Топтар жинаған капиталын сыйлықтарға айырбастайды.
  • Әр лотта жұмбақ жасырылған: дұрыс жауап — сыйлық сіздікі.
  • Бастапқы баға — 500 тг.

Ойын соңында марапаттау рәсімі өткізіліп, эксперттер алқасы жеңімпазды жариялайды.

Қорытынды ой

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан–2030» бағдарламасына қатысты айтылған ойларын еске ала отырып, бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылардың болашағы біліммен айқындалатынын ұмытпайық. Осындай зияткерлік сайыстар білімді шыңдап, сенімді күшейтеді.

Дәйексөз

«Ешқашан да “бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ” деп ойлама», — Н. Д. Зелинский.

Білім алудан кеш қалмаңыздар!