Абай Құнанбайұлы Ескендір поэмасы

Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбайұлының «Ескендір» поэмасы.

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Поэманың мәтіні арқылы негізгі идеясын ашу, кейіпкерлерге мінездеме беру және кешенді талдау дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық

Мазмұндау, талдау, мінездеме беру арқылы оқушылардың тілін және ой-өрісін дамыту; тапсырмалар арқылы пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік

Абайдың гуманистік идеясы арқылы адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу; іскерлікке, ізденіске баулу және танымдық белсенділікті арттыру.

Сабақ форматы

Әдістері
интерактивті, топтық жұмыс, кешенді талдау, сұрақ-жауап, ассоциация
Типі
білімді жинақтау сабағы
Түрі
аралас

Ресурстар мен байланыс

Көрнекіліктер
Абай портреті, кітаптар, слайдтар
Пәнаралық байланыс
қазақ тілі, тарих, математика, биология, география

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

  • Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.
  • Кіріспе сөз.
  • Қызығушылықты ояту: «Тұлғаны таны» тапсырмасы.

«Тұлғаны таны» сұрақтары

  1. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де — ақымақшылық». Бұл ұлағатты сөздің авторы кім?

    Жауабы: Абай

  2. Шығыс елдерінде Зұлқарнайын деген атпен белгілі тарихи тұлға, грек қолбасшысы кім?

    Жауабы: Ескендір

  3. Әлемдегі ең алғашқы ұстаз, бірнеше ғылымның атасы саналатын кім?

    Жауабы: Аристотель

II. Үй тапсырмасын тексеру

Жоспар бойынша «Ескендір» поэмасының мазмұны сұралады:

  1. Патшаның жорығы
  2. Бұлаққа кездесу
  3. Ескендірдің бұйрығы
  4. Қақпаға кездесу
  5. Күзетшінің сөзі мен сыйы
  6. Өсиет (ақыл сөз)

Термин

Өсиет — көпшілікке арналған уағыз, келелі кеңес түріндегі өлең.

III. Негізгі бөлім

«Ескендір» — Абай поэмаларының ішіндегі елеулі шығармалардың бірі. Ол ақынның гуманистік ой-пікірлерін тереңірек танытады. Поэма Шығыста Зұлқарнайын атанған, Еуропада Александр Македонский деген атпен белгілі грек қолбасшысының өмірі туралы аңыздар негізінде жазылған.

Бұл тақырыпты Еуропа ақындарымен қатар Шығыстың Фирдоуси, Низами, Жәми сияқты ақындары да жырлаған.

Кейіпкерлер

  • Ескендір
  • Аристотель
  • Күзетші
  • Мифтік образдар

Топтастыру: Ескендірге мінездеме

Слайд арқылы Ескендір патшаның бейнесі көрсетіледі. Оқушылар суреттің айналасына оның мінез-құлқына қатысты сипаттамаларды жазады.

«Сен білесің бе?» пәнаралық сұрақтар

Гиперсілтеме батырмаларында қазақ әдебиеті, қазақ тілі, тарих, математика, география, биология пәндерінен сұрақтар жасырылады.

  1. Қазақ әдебиеті: Поэманың композициялық құрылысын айтып бер.
  2. Тарих: Ескендір Зұлқарнайын тарихта қандай атпен белгілі және қай жылдары өмір сүрген?
  3. Қазақ тілі: Поэма қай стильде жазылған?
  4. Математика: Филипп II патша Александрды (б.з.б. 356–323) 13 жасында Аристотельге (б.з.б. 384–322) шәкірт етеді. Сол кезде Аристотель неше жаста болған?
  5. Биология: Поэмада адамның қай мүшесі туралы сөз болады? Оның құрылысын айтып бер.
  6. География: Поэмада сөз болатын Македония шаһары қай елде орналасқан?

Кешенді талдау

Шығарманың аты
«Ескендір»
Авторы
Абай Құнанбайұлы
Тақырыбы мен идеясы
Адамдық қасиетті сақтау, көрсеқызарлыққа берілмеу, ынсапсыздықты жеңе білу.
Жанры
поэма
Оқиға кезеңі
б.з.б. IV ғасыр
Шумақ саны
42
Әр шумақта
4 тармақ
Ұйқас түрі
қара өлең ұйқасы

Білімді бекіту сұрақтары

  1. Әлемді қаһарымен сескендірген Ескендірге кімнің сөзі тосқауыл болды?
  2. Дастанда білек күшінен білім мен даналық күшінің басымдылығы қалай суреттелген?
  3. Тарихи тұлғаның әрекеттерін алға тарту арқылы Абай нені айтпақ болды? Бүгінгі заман үшін өнегелік мәні қандай?
  4. Сюжет дегеніміз не?

Қорытынды

Поэмада Абай жауыздық пен ынсапсыздықты әшкерелей отырып, қанқұмарлық пен көрсеқызарлық сияқты адамгершілікке жат пиғылдарды ақыл, білім, парасат жеңетінін көрсетеді. Ақын білек күшінен білімнің, даналықтың артықшылығын нанымды түрде дәлелдейді.

Абай өзге шығармаларында да «адам болу» идеясын биік қояды. Адамдық туралы ой қозғағанда Абай мұрасына соқпай өту мүмкін емес.

Абайдың туғанына 170 жыл толуына орай, бүгінгі ұрпақ оның тәлімін жалғастырып, ұлт руханиятын терең тануға ұмтылуы тиіс. Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды да, қазақ халқын да әлемге танытамыз.

Сабақ Н. Ә. Назарбаевтың «Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деген сөзімен қорытындыланады.

Үй тапсырмасы

«6 неліктен?» техникасын қолданып, «Ескендір» поэмасының мазмұны бойынша сұрақтар құрастырыңдар.

Бағалау

Бағалау парақтары бойынша қорытынды бағалар анықталады.