Информатика пәні мұғалімі
Информатика пәніне арналған интеллектуалды сайыс: «Тапқыр достар»
1-жүргізуші: Армысыздар, бүгінгі «Тапқыр достар» атты интеллектуалды сайысымызға жиналған қауым! Сайысымызға қош келдіңіздер!
Информатика — ХХІ ғасырдың есігін ашатын, болашаққа нық қадам басуға жол көрсететін пән. Бүгінгі интеллектуалды сайыс арқылы информатика сабағының қаншалықты қызық әрі пайдалы екенін бірге аңғарайық.
Сайыстың мақсаты
2-жүргізуші: Сайысымыздың мақсаты:
- Оқушылардың ойлау, қиялдау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
- Топта бірлесе жұмыс істеуге, өзге оқушының жұмысын әділ бағалауға үйрету.
- Оқушылардың шеберлігі мен тапқырлығын бақылап, дамытуға ықпал ету.
- Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Қатысушы топтар
2-жүргізуші: Енді қатысушы топтарды ортаға шақырайық.