Боранның ысқырып соққан үнін интер

Сабақ туралы

Пән

Әдебиеттік оқу

Тақырып

«Ақ боран» (Ж. Жұмаханов)

Сілтеме

Әдебиет оқулығының әдістемесі, мұғалімге арналған нұсқаулық

Құрал-жабдық

Интерактивті тақта, оқулық, маркер, А4 қағаз, кестелер

Жалпы мақсаттар

1) Танымдық мақсат

Оқушыларға Жекен Жұмаханов туралы қысқаша мәлімет беру, жазушы шығармаларымен таныстыру. Әңгіменің мазмұнын ашып, негізгі кейіпкерді айқындай отырып, идеялық мәнін түсіндіру.

2) Дамытушылық мақсат

Бағыт-бағдар бере отырып, оқушылардың өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыту; ой-өрісін кеңейту; білім, білік, дағдыларын қалыптастыру. Өзіндік талдау мен жинақтау жасауға, жеке және топтық жұмыста шапшаңдық танытуға, ойын әдеби тілмен жеткізе білуге машықтандыру.

3) Тәрбиелік мақсат

Туған жерді, табиғатты сүюге тәрбиелеу; табиғат құбылыстарын бақылай білуге баулу.

Әдіс-тәсілдер

Ой қозғау Топтық жұмыс Тіл дамыту Сұрақ-жауап Мәнерлеп оқу

Сабақ барысы

1) Ынтымақтастық атмосферасы және топқа бөлу

Сабақ басында оқушыларды жағымды көңіл күйге бейімдеу үшін қысқа шумақ айтылады:

Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.

2) Үй тапсырмасын тексеру

  • Мәтінді рөлге бөліп оқу.
  • Өлеңнің авторын және туған жылын айту.

Оспанхан Әубәкіров (4 мамыр 1934, Алматы облысы Жамбыл ауданы, Үшбұлақ ауылы — 1986, Алматы) — сықақшы.

3) Ой қозғау: дыбысты тыңдау

Интерактивті тақта арқылы боранның ысқырып соққан үні тыңдатылады. Оқушыларға төмендегі ауызша сұрақтар қойылады:

  1. 1. Қандай дыбыс естідіңдер?
  2. 2. Бұл ненің дыбысы деп ойлайсыңдар?
  3. 3. Қай мезгіл көз алдарыңа елестеді?

Тыңдалған үн — үскірік соққан боранның дыбысы. Демек, бүгінгі сабақ тақырыбы — «Ақ боран».

4) Мағынаны тану

Жазушы туралы қысқаша мәлімет

Жекен Жұмаханов (1913 жылғы 5 желтоқсан, Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауылтөбе ауылы) — жазушы.

Мәтін алды әңгіме

Мәтінді оқымас бұрын оқушылардың «боран», «қыс» туралы жалпы түсінігі мен ойлары анықталады.

Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді мәнерлеп оқу (3-топ оқушылары оқиды).
  • Оқу барысында: «Әрі қарай не болады?» деген болжам сұрақтары қойылады, оқушылар өз ойларын айтады.
  • Іштей оқу.

5) Сұрақ-жауап

Сұрақ: Әңгімеде жылдың қай мезгілі суреттеледі?

Сұрақ: Қасым қайда оқиды?

Сұрақ: Ол нені есіне алады?

Сұрақ: Жерге құлағын тосқанда Қасым нені естиді?

Сұрақ: Автор боранды қалай сипаттайды?

«Ат құлағы көрінбейтін ақ боран».

Сұрақ: Қасымның аты қандай белгі береді?

Басын көтеріп, құлағын қайшылайды.

6) Сөздік жұмыс

«Түртіп алу» тәсілімен жаңа ұғым нақтыланады:

Боран — қатты желмен ұйытқып соққан, қарды бұрқасындата бораған ауа райы құбылысы.

7) Топтық жұмыс

I топ

  • Қасымға мінездеме бер.
  • Қасымның орнында болсаң, не істер едің?

Бағдар сөздер: табанды, қайсар, ақылды, байқағыш, батыл, шыдамды.

II топ

  • Қыс туралы сурет сал.
  • Мәтінді қысқаша әңгімеле.

III топ

Боранды адам қимылына ұқсатып суреттейтін жолдарды тауып, мәнерлеп оқы.

Мысалдар: «қылжақтайды», «еліреді», «үйіріліп билейді».

8) Қорытынды тапсырма: қыс белгілері

Қыс белгілерін атап, мәтіннен сол белгілерді білдіретін тұстарды тауып кестеге толтыру ұсынылады.