Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра

Сабақ туралы мәлімет

Мұғалім және мектеп

  • Өңір: ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы
  • Мектеп: М. Ломоносов атындағы орта мектеп
  • Мұғалім: бастауыш сынып мұғалімі Заденова Меруерт Жумаханқызы
  • Пән: Қазақ тілі
  • Сынып: 2-сынып

Тақырып және мақсат

  • Тақырып: Дауыссыз б және п дыбыстары
  • Мақсаты: түбірдің соңындағы п дыбысына дауыстыдан басталған қосымша жалғанғанда, п дыбысының б дыбысына өзгеретінін түсіндіру.
  • Күтілетін нәтиже

    Оқушылар түбірдің соңындағы п дыбысына дауыстыдан басталған қосымша жалғанғанда, п → б болып өзгеретінін түсіндіреді және қолдана алады.

Әдіс-тәсілдер

  • Топтық және жеке жұмыстар
  • «Адасқан әріптер»
  • «Ыстық орындық»
  • Жұмбақ, ребус шешу
  • Тест тапсырмалары

Сабақта қолданылатын материалдар

Оқулық Дәптер Қалам Қарындаш Күнделік Слайд Үлестірмелі карточкалар

Негізгі ереже (назарда)

Егер түбір п дыбысына аяқталып, оған дауыстыдан басталған қосымша жалғанса, онда п дыбысы б дыбысына өзгеруі мүмкін. Оқушылар оқылуы мен жазылуын салыстыра отырып, осы өзгерісті байқайды.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут
  • Оқушылармен амандасу.
  • «Шаттық шеңберіне» тұру.

Қызығушылықты ояту

3 минут
  • «Адасқан әріптер» ойыны.
  • Дауыссыз дыбыстардың үш тобын пайдаланып, оқушыларды топқа бөлу.

Мағынаны тану

35 минут

Үй тапсырмасын тексеру

«Ыстық орындық» әдісі арқылы тексеру.

Жұмбақ

Қабат-қабат қаптама,
Ақылың болса аттама.

Мұғалім сұрағы: «Кітап» сөзінің соңғы әрпі қандай? П дыбысына сипаттама беріңдер.

Сабақтың тақырыбы мен табыс критерийі

  • Оқушылармен бірге: «Бүгін сабақта нені білеміз, немен танысамыз?» сұрағы бойынша ой қозғау.
  • Табыс критерийін құру.
  • Бүгінгі тақырып: дауыссыз б және п.

Дәптермен жұмыс

  • Дәптерді ашып, бүгінгі күнді жазу.
  • Элементтерді талдау, ауада жазу.
  • Көркем жазу: Бб Бб Бб

Оқулықпен жұмыс

31-бет, 87-жаттығу

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Тақтамен жұмыс: жаттығуды қорытындылап, ережені талдау.

Нақтылау сұрағы: «Демалып сөзінің соңында қандай әріп жазылады?» Одан кейін оқулықтағы ережеге назар аудару.

Электрондық оқулық, 88-жаттығу

Көп нүктенің орнына п немесе б әрпінің тиістісін қойып, сөздерді көшіріп жазу. Оқылуы мен жазылуын салыстыру.

Сергіту және қолдану

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы демалу.

Топтық жұмыс, 89-жаттығу

Ребусты шешу. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құрау.

90-жаттығу

Төмендегі суреттерден штаб, клуб сөздерін оқуға болады. Қалай? «Штаб», «клуб» сөздерін п дыбысына аяқталған сөздермен салыстырып, қорытынды жасау.

Қорытынды

5 минут

Тест тапсырмалары (1-нұсқа)

  1. Қ дыбысы?
    • а) қатаң
    • ә) ұяң
    • б) үнді
  2. Л, М, Н, Ң, Р, Й (У) — бұлар:
    • а) қатаң дауыссыздар
    • ә) ұяң дауыссыздар
    • б) үнді дауыссыздар
  3. Әде...
    • а) б
    • ә) р
    • б) п

Тест тапсырмалары (2-нұсқа)

  1. Л дыбысы?
    • а) қатаң
    • ә) ұяң
    • б) үнді
  2. Б, В, Г, Ғ, Д, Ж, З — бұлар:
    • а) қатаң дауыссыздар
    • ә) ұяң дауыссыздар
    • б) үнді дауыссыздар
  3. Қора...
    • а) б
    • ә) р
    • б) п

Рефлексия сұрақтары

  • Бүгінгі сабақта нені үйрендіңдер?
  • Б дыбысына аяқталатын қандай сөздердің жазылуын есте сақтау керек?
  • Сөз соңындағы п дыбысы қай кезде өзгеріске ұшырайды? Себебін түсіндіріңдер.