Сабақтардың тақыптары

Сабақ тақырыптары

  • 1) Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары

    Дүниетану пәні аясында су айдындарындағы тіршілік әлемін таныстыру.

  • 2) «Атадан қалған асыл сөз» тәрбие сағаты

    Ұлттық құндылықтар мен өнегені дәріптеуге бағытталған тәрбие жұмысы.

  • 3) «Дүниеде жамандық неден?» (Ы. Алтынсарин)

    Ыбырай Алтынсарин шығармасы арқылы адамгершілік ұғымдарын талдау.

Сабақ үлгісі

Пәні

Дүниетану

Сабақ тақырыбы

Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары

Су айдындарындағы өсімдік пен жануарлар дүниесінің ерекшеліктерін түсіндіру және олардың адам өміріндегі маңызын ұғындыру.

Мақсаты

  • Су қоймаларындағы өсімдіктер мен жануарлар туралы түсінік қалыптастыру.
  • Олардың адам баласы үшін пайдасын ұғындыру.
  • Ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін және сөздік қорын дамыту.
  • Сұлулыққа, әсемдікке және тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақ сипаттамасы

Сабақ түрі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік.
Көрнекіліктер
Суреттер, деректі фильм дискісі.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу, оқушыларды түгелдеу.
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, назарын шоғырландыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  • «Орманның пайдасы және оны қорғау» тақырыбы бойынша мазмұнын сұрау.
  • Дәптерлерін аралап тексеру, оқыту.

III. Білімді тексеру (сұрақтар)

Орманды, тоғайды қорғамасақ, қандай күйге ұшырайды?

Орман-тоғайдың адам үшін маңызы қандай?

«Қызыл кітап» дегеніміз не?

Қазақстан аумағындағы қорықтарды ата.

Қорықтарды ұйымдастырудың маңызы неде?

Орманның пайдасы туралы қандай мамандар өз пікірін білдіре алады?

IV. Мақсат қою

Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады: «Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары».

V. Жаңа материалды түсіндіру

  1. Кіріспе: Су туралы, су айдындарындағы өсімдіктер мен жануарлар туралы не білесіңдер? Оқушылардың өз көргендері бойынша әңгіме құрату.

  2. Картамен жұмыс: Қазақстандағы өзен-көлдерді картадан тауып, көрсету.

  3. Тірек ұғым: Құрлық суларына өзендер, көлдер және жер асты сулары жатады. Бұдан басқа ірілі-ұсақты су қоймалары да болады.