Күндей жылы бол

Білім беру саласы және ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Білім беру саласы

Қатынас

Оқу іс-әрекетінің түрі

Сауат ашуға дайындық және жазуға үйрету

Тақырыбы

У дыбысы және әрпі

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, көрсету, жазу, оқыту, ойын

Мақсаты

  • У әрпін таныстыру, у әрпі бар сөздерді оқуға және жазуға үйрету.
  • Сөздік қорын дамыту, көркем жазуға баулу.
  • Балалардың ауызекі сөйлеу тілін және ойлауын дамыту.
  • Дыбыстық талдау жасауға үйрету.

Көрнекіліктер

Текшелер Суреттер Кеспе әріптер Құстар суреттері: көгершін, бұлбұл, сауысқан

I. Ұйымдастыру

Көңіл-күй шеңбері

Күндей жылы бол!

Алмадай тәтті бол!

Доптай көңілді бол!

Айнадай жарық бол!

Жүзіктей әдемі бол!

Бүгін сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қонақтарды тәрбиелі тәртібімізбен және білімімізбен қарсы алып, шығарып салайық.

Бүгін біз ертегі-сабақ өткіземіз.

Ертегі желісі: Орманға көмектескен құс

Ерте-ерте, ертеде орман ішінде бір құс өмір сүріпті. Ол таңның атысы мен күннің батысына дейін ағаштарды тұмсығымен шоқып, тоқылдатып жүреді екен. Қатты дыбыстан басы ауырған ормандағы аңдар мен ағаштар құсты орманнан қуып жіберіпті.

Салдары қандай болды?

  • Ағаштардың жапырақтары қурай бастады.
  • Бұтақтары сынып, діңіне құрт-құмырсқа түсті.
  • Ағаштар шіри бастады да, күні-түні көмек сұрап зарлай берді.

Ағаштардың дауысын естіп, бір күні көгершін ұшып келеді. Жағдайды түсінген соң: «Мен дәрігердің кім екенін білмеймін, дегенмен іздеп келейін», — деп ұша жөнеледі.

Балалар, ағаштарға көмектескіміз келе ме? Олай болса, көгершінмен бірге дәрігер іздеп жолға шығайық.

II. Тапсырма: Суреттермен жұмыс

Суреттегі заттардың атын атаймыз. Әр сөзде «У» әрпі қай дыбыстан кейін тұрғанын және оның дауысты ма, әлде дауыссыз ба екенін түсіндіреміз.

Сөз

Тауық

Бақылау

«У» дыбысы

Талдау

Дауыссыз

Сөз

Сауысқан

Бақылау

«У» дыбысы

Талдау

Дауысты (сөз құрамында дауысты қызметінде)

Сөз

Уық

Бақылау

«У» дыбысы

Талдау

Дауысты

Сөйлем құрастыру

«Уық» сөзімен сөйлем құрастырыңдар.

III. Сергіту сәті: «Ұйқасын тап» ойыны

1

Өзінше ноян, қорқақ кім? — (қоян)

2

Алмастан тыным, шабады... — (құлын)

3

Бата алмас түлкі, үсті тікен... — (кірпі)

4

Айбат шегер алыстан, аң патшасы... — (арыстан)

Талдау тапсырмасы

  • «У» дыбысы бар сөздерді атаңдар.
  • «У» дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба — ажыратыңдар.

IV. Ертегінің жалғасы: Дәрігер кім?

Көгершін әрі қарай ұшып, қалың тоғайдың жанына келеді де, құйқылжыта ән салып отырған бұлбұлды көреді. Ол бұлбұлдан ағаштарға көмектесуін өтінеді. Бірақ бұлбұл: «Кешір, көгершін, менің қолым тимейді. Әнімді аң-құс қана емес, адамдар да жақсы көреді. Көмекті адамдардан сұра», — дейді.

Көгершін ілгері ұшып, айдын көлде сыланып жүзіп жүрген аққуға жолығады. Аққудан да ағаштарды емдеуді өтінеді. Сонда аққу: «Мен қасиетті, киелі құспын. Бұл жерден кете алмаймын. Бірақ осы тоғайда үйсіз-күйсіз, жұмыссыз жүрген құстар бар. Солардың бірін тауып өтініш айт. Мүмкін, біреуі саған ілесіп, ағаштарды емдеп қалар», — деп ақыл береді.

Болжам сұрағы

Ол қандай құс болуы мүмкін? Сендер қалай ойлайсыңдар?

Жұмбақ-өлең

Орманның біз емшісіміз, тоқ-тоқ-тоқ.
Құрт біткенді жоқ етеміз — жоқ, жоқ, жоқ.
Тоқ-тоқ-тоқ.

Дұрыс жауап: тоқылдақ. Ағаштар тоқылдақтың пайдасын түсінбей, оны орманнан қуып жіберген екен. Ал тоқылдақтың кешірімділігі мен ақылдылығының арқасында ағаштар құрт ауруынан толық айығып, орман қайта жайқалыпты.

V. Дәптермен жұмыс

Дыбыстық талдау

  • Сөздерге дыбыстық талдау жасап, «У» дыбысының сөздегі орнын анықтау.
  • Өткен дыбыстармен «У» дыбысын қатыстырып, буын мен сөздерді оқу.
  • Ауызша, хормен қайталау.

Жазу жұмысы

  • Дәптердегі үлгі бойынша «У» дыбысының кіші және үлкен әріптерін жазу.
  • Үзік сызықтарды қосу арқылы әріп элементтерін дұрыс орындау.

VI. Сабақты қорытындылау

Сұрақтар

  • Қандай дыбыспен таныстық?
  • «У» дыбысына сөз ойлап айтыңдар.

Нені білді?

«У» әрпімен танысты, оның дауыссыз дыбыс болатынын білді.

Нені меңгерді?

  • «У» әрпі бар сөздер ойлау.
  • Сөздерді буынға бөлу.
  • Дыбыстық талдау жасау.
  • Сөздік қорды толықтыру және байланыстыра сөйлеу.

Сабақ соңында балалар мадақталады: белсенді қатысқаны, тапсырмаларды орындағаны және «У» дыбысына қатысты сөздермен жұмыс істегені үшін.